Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Сайтандар ай, сайтандар...

Сайтандар ай, сайтандар...

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Орындық кездессе отыра кетеді. Сол отырғаннан мол отыра бергісі келеді. Бірақ үшінші қабаттағы пәтеріне жетіп алғанша тағаты қалмайды. Дүкен­нен алған айранын ішіп, төсегіне қисая кеткісі бар.

Кейуана орындықта ұзақ отырды. Өткен-кеткен оқиғалар­ды есіне алды. Шіркін-ай, ол да бір кездері толықсыған бойжеткен еді. Жігіт-желең жолына жығы­лып, соңынан жалт қарайтын. Бұл болса толқынды шаштарын сіркіп тастап, сылқ-сылқ күлетін. Оның күлкісі де сиқырлы еді, талайлар талып қала жаздамаса да, жығылып барып әзер дегенде түзелуші еді. 

Шалы, ол кезде зіңгіттей жігіт қой, соңынан біраз жүгірді. Ың­тықтырып, зарықтырып барып қолын зорға ұстатып еді. Жарық­тық жақсы жан болып жолықты. Бетіне жел болып тимепті. 

Алланың бергеніне шүкір деп жүріп жатты олар. Қайдары айбарлы кісі еді ғой. Тұрмыстары тәуір болды. Мұны ешкімнен кем еткен жоқ. Бұл балаларын туып бергенді ғана біліпті. Сөйткен шалы мұны жалғыздықтың тұманына қалдырып кете береді деп кім ойлаған?

Қыздарынан қайран болмады. Тұрмысқа шығып алған соң жай-жайына кетті. Алғашқы жылдары тапқан бөпелерін әкеліп тастап, бақтырушы еді, кейін мұны да қойды. Ал балалары... бала емес, бақа болып шықты. Әкелері өлген соң кең сарайдай үйді саттырып, бөлісіп алды. Кемпірге тигені құрқылтайдың ұясындай ғана пәтер.

– Сізге әзірге осы да жарай тұрады. Кейін кеңірегін сатып әпереміз, – деп жұбатты үлкен ұлы.

Бірақ сол кеткеннен мол кетті. Содан бері Балқия кемпір көзіне күн салып жолға қарағыштаумен келеді. Алайда босағасын аттаған бір ұлы не қызы жоқ. Бар алда­нышы көршілерінің қара домалақ балалары ғана болып қалды. Олар­дың өздері кейде мұны адам ғұрлы көрмей кетеді.

Балқия осыларды ойлап ауыр күрсінді. Әрі отырып, бері оты­рып ұйқысы келді. Орындыққа қисайғаны сол екен, көзі ілініп кетіпті. 

Кейуана күбір-сыбырдан оя­нып кетті. Қасында шаштары добыраған, көздері шапыраш­танған екі қыз отыр екен. Алға-ш­ында сайтан екен деп шошы-нып, орнынан тұрып кете жаз­дады. Бірақ екі қыз екі иығы­нан басып, тырп еткізбеді. Балқия шалқақтап құлап барып түзелді.

– Жаналғыш сияқты жағадан ала түскендерің не? Өздерің кім­сіңдер? Сайтансыңдар ма, сай­қалсыңдар ма?

– Ойбай, апа! Сайтан да емес­піз, сайқал да емеспіз. Қазақтың қара домалақ қара қыздарымыз.

– Қайдам? Қазақтың қыз­дары бүйтіп бас салмайтын еді. Ибалы болатын. Сыпайы еді. Осы сендер қайдан шыққан пәлесіңдер?

– Қайдан шыққаны несі? Біз қайырымдылық ұйымы­ның өкілдеріміз. Сізді көптен бері білеміз. Бір бөлмелі шағын пәтерде тұрасыз. Жағдайыңыз мәз емес. Сізге ешкім қарас­пайды. Сондықтан сізге қамқоршы болып келдік.

– Тамағыңызға дейін жасап беріп тұрамыз.

– Әй, бұл неткен бат­пан құйрық?..

– Әже, мемлекеті­міздің осындай бағдар­ламасы бар. Қарт кісілерге көмек көрсетеміз. 

Екі қыз кейуананы қол­тық­тап үшінші қабаттағы пәте­ріне алып келді. Біреуі үй ішін жинастырған болды. Екіншісі асханада әлденені қиюластырған болды. Балқия әжеге үйіне адам кіріп, шүйіркелесіп сөйлесуге мүмкіндік табылғаны үлкен қуа­ныш еді. Қамқоршы екі қыз сөзге келгенде енді алдарына жан салмайды екен. Ананы айтты, мынаны айтты, кемпірді күлдірді. Өздерінің шынайы жанашыр екенін осылай білдірді. 

Сәния мен Жұпаркүл күн ара­латпай келіп тұрды. Екеуі әже­лері­не қолында барын беріп тұр­ды. Балқияға бұл көктен түсе қалған бақыт сияқтанды. Екі қызы бар. Кірі жуулы, төсегі са­лулы. Тамағы пісіп тұр. Екі қыз қайда жұмсаса да құстай ұшып тұр. Қарт кісіге бұдан артық қандай жағдай керек?

Бір күні Сәния әжесіне сыр ақтарды. Оның айтқан сөзі пе­ріш­тенің сөзі сияқтанды. 

– Әже! Жұпаркүл екеуіміз көптен бері ойластырып жүрміз. Сізге мына бір бөлмелі пәтер тым тар. Сондықтан құжаттарыңызды әзірлеп, сізге екі бөлмелі пәтер алып беруіміз керек. Бұған сізді қолдайтын бағдарлама бар. Көп кешікпей жаңа пәтер аласыз. Балаларыңыз, немерелеріңіз келгенде қуанып қалады, – деп Сәния сызылғанда кемпір сары майдай еріп қоя берді. 

Сол күннен бастап Сәния мен Жұпаркүл кейуананы ұршықша шыр айналдырды. Шыр айналған бас пыр етіп құлап түсті. Екі қызға пәтерінің құжаттарын қалай ұстатқаны есінде жоқ. Екі бойжеткен сол кеткеннен мол кетті. Балқияның жолға қарай-қарай көзі талды. Көшеге шығып та қарайды, пәтерінің қылтима­сында отырып та қарайды, екі қыз жоқ.

Бір күні есік қоңырауы сыңғыр ете қалды. Әншейінде құлағы ауырлау Балқия бұл жолы селк етіп оянды. Есікті ашып қараса... Сұмдық! Бір қора адам келіп тұр. «Пәтерді босатыңыз, бұл біздікі!» деп бұйрық беріп тұр.

Балқия былқ етіп барып сылқ құлап түсті. Оған қарайтын кім бар, пәтерге баса-көктеп кіріп ал­ғандар әр бұрышты тінтіп жүр. Екі әйел Балқияның аяқ-қолы­нан ұстап көтеріп, аулаға апарып тастады. Артынша құрылыс­шы­лар келіп, үйдегі артық заттарды сыртқа шығарып, пәтерді жөн­деуге кірісті.

Балқия көшеде жатып есін жиды. Сүйретіліп үшінші қабат­тағы пәтеріне келді. Үй іші астан-кестең. Шаң, топырақ! Құрылыс­шылар жұмысқа қызу кірісіпті. Есік алдында тұрған жуан әйел Балқияны кеудесімен итеріп, сыртқа шығарып жіберді.

Содан бері Балқия аулада түнеп жүр. Айнала кең жазира жазық. Кейде гүлзар арасына барып та қисая кетеді. «Сайтандар кең үй алып береміз деп еді. Кең үйі осы екен ғой» деп күбірлейді.

Бір өкініштісі, кейуана далада тентіреп қалыпты деп үкімет адамдары да, перзенттері де іздеп келген жоқ.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:41
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 02:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see136

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары