Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Рамазан - жаһанды ізгілікке жұмылдыратын, имандылыққа ұмтылғандарды түрлі дерттен тазартатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Уа, иман еткендер! Өз­дерің­нен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақта­нып, тақуалыққа жетер­сіңдер», деп айтқан.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Шын мәнінде, ора­заның шына­йы сауабы – аштық­та емес, тақуалықта. Ал тақуа­лық­тың негізгі орны – жүректе. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тақуалық мына жерде болады», деп көкірегін үш мәрте нұсқап, адамның тақуалығы жүрегінде болатынын айтқан (Бұхари). Адамның табиғатында, яғни әу бастағы жаратылу болмысында оның жүрегі сау болады және ізгі амалдар, құлшылық жасау арқылы өзінің сау күйін сақтайды. Ал егер пенде күнәлі іс істейтін болса, оның жүрегі дертті халге душар болады. Кейін рухы сөнеді. Міне, сол себепті де мұсылман өзінің жүрегіне әрдайым назар салып, ондағы дертті белгілі амалдар арқылы тазартып отыруға тиіс. Өйткені адамның жүре­гі дұрыс болса, бүкіл амалы дұрыс болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Расында адам дене­сінде бір кесек ет бар. Егер ол дұрыс болса, адамның бүкіл денесі дұрыс болады. Егер ол бұзылса, барлық денесі бұзыла­ды. Ол кесек ет жүрек емес пе?»  деген (Бұхари, Мүслим).

Осы ретте жүректі түрлі дерттен тазартатын негізгі амалдарға тоқтала кетсек. Алла Тағаланы еске алу – жүректі түрлі дерттен тазартатын амалдың бірі. Мұсылман шамасы келгенше Алла Тағаланы көп еске алып, зікір етуге тиіс. Бұл оның иманын күшейтіп, жүрегін түрлі дерттен тазартады. Ал Жаратушыға ұнамсыз сөз айту, керісінше, жүректің қатаюына, иманының әлсіреуіне алып келеді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланы еске алмайтын бос сөзді көбейтпеңдер. Алла Тағаланы еске алмайтын бос сөздің көп айтылуы жүректі қатайтады. Расында, адамдар арасындағы Алла Тағаладан ең алыс болғаны – жүрегі қатайғандар», деген (Термизи).

Жүректі түрлі дерттен тазартатын негізгі амалдың тағы бірі – өзгелердің қателігін кешіру. Қасиетті Рамазан – кешірім айы. Бұл айда Жаратушының кешірімін үміт етіп әрі өзіміз де өзгелерді кешіруіміз қажет. Себебі өзге адамдарға деген өкпе, реніш, кек сақтау сынды шынайы мұсылманға жат істердің барлығы пенденің жүрегіне дақ түсіріп, рухани ластануына себепші болады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Нұр» сүресінің 2-аятында: «Кешірімді болып, көңілдеріне алмасын. Сендер Алланың өздеріңді кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді», деп айтқан.

Адал ас – жүректі түрлі дерттен тазартатын негізгі амалдың бірі. Адал ас адам тәнінің саулығына және жүрегінің түрлі рухани дерттен ада болуына, ниеті мен амалына қарай мол сауапқа кенелуіне тікелей әсер етеді. Сол себепті де Алла Тағала қасиетті Құранның «Муминун» сүресінің 51-аятында: «Таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер», деп бұйырған. Адамдар имам Ахмадтан (оны Алла рақымына алсын): «Дертке душар болған жүректі қалай емдеуге болады?» деп сұрағанда ол: «Адал ас арқылы», деп жауап берген екен. Ал әл-Жунайд әл-Бағдади (оны Алла рақымына алсын) деген ғалым: «Шынайы ихсан жолын­дағы адам – жүрегін Алла Таға­ладан өзге нәрседен тазартқан пенде», деген екен.

Адам баласын екі дүниеде бақыт­сыздыққа апаратын қасірет­тің бірі – тәкап­парлық. Тәкап­парлық – Алла Та­ғала сүймейтін, адамдыққа жат сипат­тың бірі. Ал көкіректік – адамды өзгелерден жоғары ұстауға итерме­лейтін ішкі сезім, жағымсыз мінез-құлық. Сондықтан ондай қы­лығын байқаған мұсылман бір­ден Алладан кешірім сұраса, ақыреттік азаптан құтылады. Бірде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең абзалы кім?» деп сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Таза жүректі әрбір адам мен сөзі дұрыс болған жан»,  дейді. Сахабалар: «Сөзі дұрыс дегенді түсіндік, таза жүректі деген не?» деп қайта сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол – күнә, бас көтеру, алдау мен хасад болмайтын жүрек», деп жауап береді. Көреалмаушылық деген ұғымды білдіретін «хасад» – Алланың біреуге берген нығметін одан қызғану, онда болмауын қалау деген сөз. Қасиетті Рамазан айы адам баласын осындай жаман мінез-құлықтан, түрлі жүрек дертінен алшақ болуға тәр­биелейді. Ораза – ең алдымен жү­рек­тің амалы. Рамазан – жүректі тазар­туға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбие­леуге және тақуалыққа жетуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылу­ды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безен­діру.

Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) Алла Таға­ланың назары жүректе болатынын баяндап: «Расында, Алла Тағала сен­дердің бейнелерің мен дүниелеріңе назар аудармайды, алайда жүрек­терің мен амалдарыңа назар аударады», деген. Шын мәнінде оразаның шынайы сауабы – аштықта емес, тақуалықта.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін руха­ни тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда ауызашар беріп, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жа­сап,үлкендердің алғысы мен бата­сын алуға тырысады. Аллаға шүкір, оразада игі ниетпен орындалатын ізгі амалдар бүгінде салт-дәстүрімізге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйым­дастыратын қайырым­дылық іс-шара­ларына үлес қосуға шақырамын.

Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық! Бере­келі, сауабы мол айда Алланың мейі­­ріміне бөленіп, әрбір ізгі амалы­мыздың жақсылығы еселеніп жазыл­ғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Медицина • Бүгін, 08:17

Бибісараның табысы – 10 668 доллар

Шахмат • Бүгін, 08:15

Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады

Реформа • Бүгін, 08:13

Баласағұннан жеткен құнды мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 09:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары