Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Димаш әлемді қазақша сөйлетті

Димаш әлемді қазақша сөйлетті

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әлем қазақ тілін үйреніп жатыр. Лондонда өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне жиналған жүздеген жанкүйер Қазақстанның Халық әртісінің әндерін бірге орындап қана қоймай, қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытуда. Олардың қатарында ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатындар көп.

Шетелдіктер жаппай қазақ тілін үйрене бастады. Олардың ұлы Абай тіліне деген махаббатын Димаш оятқан. Жанкүйерлер осылайша әлемге дарынды ұл сыйлаған қазақ халқына алғыс сезімін білдіргісі келеді. Сондай-ақ әншінің терең мағыналы әндерін түсінгісі бар.

Кәусар - Лондон мен Қызылорданың екі ортасында өскен 13 жастағы жаспөспірім қыз. Қос мәдениетті қатар алып жүр, ағылшын және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді. Біраз уақыттан бері Димаш ағасының жанкүйерлеріне қазақ тілін оқытып жүр. Бұл жолы да дәстүрінен жаңылмай шетелдіктерге «Сәлем», «Қош келдіңіз», «Біз сені жақсы көремізден!» бастап, күрделі сөз тіркестеріне дейін үйретті.

Көпшілік үшін бұл жай ғана тіл үйрену сабағы емес, сүйікті әншісінің отаны - Қазақстанмен етене танысуға бағытталған алғашқы қадам. Курсқа қатысушылар арасында оңай сөздерді жаттап жүргендермен қатар, Ұлы Абай тілінде еркін сөйлейтіндер де бар.

Джанайна, жанкүйер:             

-  Менің қазақ тілін үйреніп жүрген себебім Димаштың шығармашылығын өте жақсы көремін. Димаш маған Қазақстанның мәдениетімен тереңірек танысуға себепші болды.

Джой, жанкүйер:

- Мен үш айдан бері қазақша үйреніп жүрмін. Димаш пен оның отбасына Қазақстанның бай мәдениетімен, ғажап тілімен және әсем музыкасымен таныстырғаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

«Dimash UK Dears» - әр басқосуы отбасылық мерекеге ұқсайтын қауымдастық. Алғашқы кездесулерін олар 7 жыл бұрын ұйымдастырған. Сол уақыттан бері мұндай іс-шаралар игі дәстүрге айналды. Биылғы тойға 50 елден келген 350 жанкүйер қатысты.

Анка Тимофти, Dimash UK Dears Фан-клубының негізін қалаушы:

- Біздің клуб Ұлыбританияда мұндай шараны әлемде алғаш болып 2018 жылы өткізгенін айтуым керек. Біз өзімізді басқалармен салыстырмаймыз. Тек осы кешті ерекше, есте қаларлық етіп өткізгіміз келді. Мақсатымызға қол жеткіздік деп ойлаймын.

Димаштың тыңдармандары  үшін бұл жай ғана концерт алдындағы кездесу емес, жан тебірентер мереке. Осы күні британиялық музыканттар мен бишілер сахнаға шығып өнер көрсетті.

Ұлыбританиядағы ұлттық диаспорамыз да мерекеге өз үлесін қосты. Қазақ халқының асыл қазынасы — қос ішекті қара домбыраны құйқылжыта шертіп,  тарихы тереңде жатқан, сан ғасырлық шежіресі бар Ұлы даланың үнін жеткізді. Оның күмбірі Лондон мен Астананы жалғағандай болды. Артынша қыз ұзату рәсімі өткізілді. Ғасырлар бойы мазмұнын жоғалтпаған бұл салт-дәстүріміздің астарында қыз балаға деген құрмет, тектілік пен тазалық жатқаны айтылды.

Димаш үлкен концертке дайындалып жатқандықтан, жанкүйерлерімен жүздесуге келе алмады. Оның сәлемін ата-анасы мен қазақстандық өнер өкілдері жеткізді. Халық оларды ыстық ықыласпен және зор құрметпен қарсы алды.

Қанат Айтбаев, продюсер: 

Сіздермен әр кездескен сайын сіз бен бізге ортақ әртісіміз Димаш шабыттанып, керемет әндер жазады. Сіздердің керемет көрсеткен қолдауларыңызбен қанаттанып, қаншама шығарма жазғанын білсеңіздер.

Димаш пен оның командасының мемлекет арасында шекара болғанымен, достықта шекара болмаса екен деген асқақ арманы бар. Әлем бейбітшілік, келісім және тұрақтылық қағидаларына сәйкес өмір сүрсе екен деп тілейді. Алдағы үлкен концертте де осы ұлы ой ұрандатып емес, жүректерді біріктіретін әдемі дауыспен жеткізілмек.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары