Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Манасты қазақша жырлаған

Манасты қазақша жырлаған

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы-жырау Баянғали Әлім­жановтың «Айкөлдің жолы» кітабының таныстырылымы өтті.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Іс-шараның шымылдығын Парламент сенатының депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп ашып, Баянғали Әлімжановтың «Айкөлдің жолы» кітабының мән-мағынасын көпшілікке түсіндірді. «Баянғали Әлімжанов «Айкөлдің жолы» кітабында қырғыздың ежелден келе жатқан дәстүрімен «Манас» эпосын өзінше жырлайды. Осылайша, қазақтан шыққан манасшы күллі адамзаттың мәдени қазынасы саналатын эпосты алғаш қағазға түсіріп, ғылыми айналымға енгізген Шоқан Уә­лиханов пен кеңестік кезеңде «Манас» жырын қорғап, Мұхтар Әуезовтің жолын жалғап отыр. Сондықтан да манасшы ретінде эпостың көркеюіне сүбелі үлес қосып, ежел­гі жырдың негізгі оқиға желісі мен рухын сақтай отырып, өзінше жалғастырған ав­торға ризашылық білдіреміз», деді өз сөзінде.

Бұдан кейін Қырғыз Респуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев бейнетаспа арқылы құттықтау лебізін жеткізіп, Баянғали Әлімжановтың туыс екі халықты жақындастыру жолында етіп жатқан еңбегіне алғыс айтты.

Тұсаукесер алдында Баянғали Әлім­жанов 1995 жылы «Манас» эпосының 1000 жылдығына ар­налған Халықаралық манасшылар конкурсына қатысып, жүлдегер атанған сәтін еске алды. «Осыдан отыз жыл бұрын алғаш қырғыз-қазақ жыршыларының байқауына қатысқанымда аты аңызға айналған ақсақал манасшыларды Қырғыз халқының бет­кеұстар манасшыларымен тү­гелдей танысып, білістім. Екі манасшы ағамыз – Базарбай Солпиев пен Асанхан Жұманалиев маған ыстық ықыластарын білдіріп, бір қызық әңгіме айтты:

«Манасшылар жырды тек жаттап қана айтпайды, өз жанынан шығарып, өз нұс­қасын жасайды. Әр манасшы «Манас» жырына өзінің салымын қосады. Сен өзің қазақсың, сондықтан қазақ жырын – Ер Көкшені көбірек жырлап берсең, жақсы болар еді!»,  деді. Салым деген не? Жырды өз тарапынан жаңғыртып, байытып, қосып айту, яғни үлес қосу. Ойланып қалдым. Бірақ көпке дейін тәуекел ете алмадым. Себебі: «Мен қалай өз жанымнан жыр қосып, «Манасты» өзгертемін?» деген ойдың шырмауынан шыға алмадым.

Бұл әңгіме көп жылдар бойы ойымнан шықпай жүрді. Ақы­рында ұлы жырды өзімше жырлай бастадым. Бірнеше жыл бұрын «Манас. Семетей. Сейтек» эпос – трилогиясын қазіргі заман оқырмандарына ыңғайлап, ықшамдап, түгел қазақ тіліне аударып, жеке кітап етіп шығардым. Сонда бірнеше тақырыбына өз нұсқамды қос­тым. Қырғыз бауырларымыз бұл еңбегімді жоғары бағалап: «Сіз қырғыздан басқа сегіз миллиард адамзаттан шыққан жалғыз манасшысыз және «Манас. Семетей. Сейтекті» түгел аударып, бір кітап етіп шығарған әлемдегі бірінші ақынсыз!», деп ризашылықтарын білдірді.

Кейінгі бір-екі жылдың ішін­де жырдың біраз тарауларын өзімше жырлайтын болдым. Айтқым келген ойларымды, құйылып келген жыр ағынын қағазға түсіре бердім. Сөйтіп, басқа да қазақша, орысша жазып жүрген шығармаларыммен бірге «Манас» жырының жиырма алты тақырыбы қазақ тілінде дүниеге келді. Қырғыз бен қа­зақтың, Айкөл Манас пен Ер Көк­шенің достығын, Тұранның тұтас­тығын, даналығын, Қосай мен Бақай абыздардың ақыл-ой биігін, Әлмәмбет, Шуақ, Сырғақ және басқа да батырлардың ел қорғаған ерліктерін, бір­лік пен алауыз­дықтың, адалдық пен сатқын­дықтың, соғыс және бей­бітшіліктің қайшылығын, тартысын, елге арналған өмірдің мәнін жырладым. Ғайыптан ке­ліп, қиялымнан туған он мың жолдан астам менің жырым ұлы эпосқа үлес болып қосылғанына қуанышпен шүкіршілік қыламын», деді қазақ манасшысы Баянғали Әлімжанов.

«Манас» жырын өзге халық ақынының төл поэтикалық тілімен, көркем өрнегімен жырлауы қырғыз тарапынан ескерусіз қалмаған. Бұл туралы Қырғызстанның Қазақ­стандағы елшісі Кұдайберген Базар­баев кеңірек әңгімелеп берді. Ал «Манас» ұлттық театрының директоры Нұр­бек Талантбеков Баянғали Әлімжановтың еңбегіне тәнті болған қырғыз халқы ақынға Бішкек қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйлағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ әдеби іс-шара­да Серік Негимов, Айгүл Кемел­баева, Аманжол Әлтаев, Абай Тасболатов, Несіп Жүнісбаев сынды белгілі тұлғалар сөз алып, ақынның шығармашылығына кеңінен тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Тағзым • Бүгін, 08:25

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Аламанда алған жүлде – қомақты

Спорт • Бүгін, 08:00

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тарихи тамырмен табысқан сәт

Қоғам • Бүгін, 07:50

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары