Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Жаһандық әндер қазақша жаңғырды

Жаһандық әндер қазақша жаңғырды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бұл шара «Жаңа Асу» байқауы аясында жүзеге асырылып жатқан «Танымал шетелдік музыкалық шығармалардың мәдениетінің қазақ тілінде жаңғыруы: ән мен тіл тоғысы» жобасымен жүзеге асты. 

Қолдау көрсетіп, бірге ан айтып, бірге қуанып, іс-шараның шырайын кіргізген кештің ерекшелігі – әлемге танымал 100 әннің қазақ тіліндегі жаңа нұсқалары алғаш рет ұсынылды. 

Жоба жетекшісі – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің деканы, «Топжарған» ақындар клубының жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы.

Жобаның негізгі мақсаты – әлемдік танымал музыкалық шығармалардың мәтіндерін қазақ тіліне бейімдеп, шетел әндерін ұлттық тілде қабылдау мәдениетін қалыптастыру. Ән мәтіндерін қазақ тіліне аудару арқылы лингвомәдени мәселелерді айқындау, музыкалық-поэтикалық мәтіндердің көркемдік табиғатын сақтау және шетелдік әндерді ұлттық тілде кеңінен насихаттау. Сонымен қатар жоба қазақ тілінің әдеби нормаларын кеңінен қолдануға, тілдік инновациялардың дамуына, өзге тілдік ықпалдарға қарсы тұратын мәдени иммунитет қалаптастыруға, заманауи музыка арқылы ұлттық тілдің беделін арттыруға, жастардың тілдік ортасына сапалы қазақша контент ұсынуға ықпал етеді.

Кеш барысында My Heart Will Go On, Bailando, Майкл Джексонның You’re Not Alone, В.Меладзенің «Красиво», Ю. Антоновтың «Мечты сбываются», «Крыша дома твоего», «Шери-Шери леди», «Хутарянка», DABRO тобының «Юность», One Direction тобының Night Changes секілді кеңінен танымал хиттердің қазақ тіліндегі жаңа нұсқалары орындалды. Ән мәтіндерін «Топжарған» ақындар клубының мүшелері аударған. Жобаның негізгі идея авторы  – ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

«Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми-зерттеу университетіне айналуын жалғастырып, бұл үрдісті ынталандыру үшін ұлттық өнерге де қолдау білдіріп отыр.  Университет жыл сайын «Жаңа Асу» грантын тағайындайды, бүгінгі қазақша караоке кеші де сол гранттың арқасында жүзеге асты. 

Бұл жоба – аударма өнері мен заманауи музыканы үйлестіре отырып, әлемдік хиттердің қазақ тіліндегі сапалы нұсқаларын жасауға бағытталған шығармашылық еңбек. Жобаға қатысушылар шетел әндерінің мәтіндерін бейімдеп, олардың көркемдік, ырғақтық және мағыналық ерекшеліктерін қазақ тілінде жеткізуге күш салды. Сонымен қатар қазақ тілінің қазіргі әдеби нормаларын кеңінен қолдануға, әлемдік музыкалық мұраны ұлттық тілде қабылдау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың тілдік-эстетикалық талғамын арттыруға бағытталған маңызды шығармашылық бастама болып табылады», – деп атап өтті жоба жетекшісі, ақын, ғалым Серікзат Дүйсенғазы.

Кеш соңында ЕҰУ-дың омбудсмені, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нэля Шәпекова көрермендер атынан сөз алып, «Топжарған» ақындар клубына тоғызқұмалақ тарту етті.

«Ұлттық өнерімізбен қоса, ұлттық ойындарымыз да дами берсін, – деді ол. – Бүгін сонау сексенінші жылдардағы студенттік күніміз еске түсті, бұл кештің де рухы сол – бірге болу, бір-бірімізді қолдау, музыка арқылы бірігу. Бүгін сондай креремет кеш болды», – деді ғалым.

Елордалық өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырған бұл кеш қазақ тілінің мүмкіндігін, аударма өнерінің қуатын және музыка мен тілдің табиғи үйлесімін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ардақ СҰЛТАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 04:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары