Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Шекара дауы шиеленісті

Шекара дауы шиеленісті

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кейінгі кездері Ауғанстандағы Талибан үкіметі мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас күрт шиеленісе түскен. Өткен аптада екі ел шекарасындағы қарулы қақтығыста ондаған адам қаза тапты. Қақтығыс мұнымен бітпей, талибандар Пәкістанның әскери шептеріне шабуыл жасады. Бұған жауап қай­тарған Пәкістан Кабул, Қандағар мен Пактия провинцияларына оқ жаудырды.

Сурет: kaz.inform.kz

Ауғанстан Пәкістанның ядролық нысанына соққы жасады. Осыдан соң Пәкістан билігі талибандармен шиеленіс «ашық соғысқа» ұласқанын мәлімдеді. Ақпарат министрі Аттаулла Тарар X арнасында Пәкістан армиясының Кабул, Пактия мен Қандағар провин­цияларындағы нысандарға соққы бергенін растады. Ауған үкіметі мұның салдарынан әйелдер мен балаларды қоса алғанда, 18 адам қаза тапты деп мәлімдеді.

«Біздің күштеріміз кез келген агрессивті амбицияларды жоя алады. Бүкіл ұлт Пәкістан қарулы күштерімен иық тіресе жұмыс істейді», деп мәлімдеді Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф.

Ал Ауғанстан Пәкістанның әскери шептеріне шабуылдаған соң, 55 пәкіс­тандық сарбаз қаза тапқанын, сондай-ақ 19 әскери бекіністі басып алғанын мәлімдеді. Алайда Исламабад Кабулдың бұл мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын айтып, екі жауынгердің қаза тапқанын ресми мәлімдеді. Бұдан соң Кабул, Қандағар мен Пактия провинциялары оқтың астында қалып, Исламабад 133 әскери қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметті талибандар да жалған деп, 8 сарбаз қаза тапқанын айтты.

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне өткен жылдың күзінде Кабулда екі жарылыс болып, оған Талибан Исламабадты кінәлауы себеп болды. Содан кейін Ауған­стан күштері шекара бекетінде Пәкіс­тан әскерлеріне оқ жаудырды. Жауап ретінде Пәкістан армиясы ауыр артил­лериямен, танктермен, дрондармен, жой­ғыш ұшақтармен шабуыл жасады.

Қақтығыс 2025 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасты. Сол кезде Түркия мен Қатар арағайындылық жасап, Дохада өткен келіссөздерде атысты тоқ­татуға келісті. Алайда бұл келіссөздер бей­біт­шілік келісіміне қол жеткізе алмады.

БҰҰ Бас хатшысы жағдайдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Антониу Гутерриш екі елді қақтығысты дереу тоқтатуға шақырып, кез келген келіспеушілікті дипломатиялық жолмен шешуге үндеді.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы соққылардан кейін қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. СІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, жанжалға байланысты консулдық мекемелерге өтініш түспеген.

«СІМ жағдайды қадағалауды жалғастырады және қажет болған жағдайда консулдық-құқықтық көмек көрсетеді, сондай-ақ оқиғаның өршуіне қарай қосымша ақпарат береді», делінген ведомство мәлімдемесінде.

Жалпы, Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс ХХ ғасырдың ортасында басталды. Екі елдің шекара аймағы 1947 жылы Пәкістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері қақтығыс аймағы болып қала берді. Пәкістанның үнді иеліктері мен Ауғанстан мемлекеті арасындағы шекара 1893 жылы Екінші ағылшын-ауған соғысынан (1878–1881) кейін анықталған Дюранд сызығы бойынша белгіленді. Алайда Ауғанстан билігі бұл шекараны мойындаудан бас тартып, ел парламенті 1949 жылы оны белгілейтін келісімдерді жарамсыз деп таныды. Осыдан бастап екі ел бұл даудың түйінін таппай келеді. Осылайша, жер дауы қара халықтың бас қайғысына айналды. 

Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем

Қоғам • Бүгін, 08:35

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды

Оқиға • Бүгін, 08:16

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Ертіс бойының мәдени бренді

Өнер • Бүгін, 08:10

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Саясат • Бүгін, 06:45

Берлин ИРИШЕВ: Біздің даламызда «кутюралық модельдер» 2500 жыл бұрын пайда болған

Қоғам • Бүгін, 00:35

Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті

Өнер • Бүгін, 00:20

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10

Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Аймақтар • Кеше

Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 09:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see129

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары