Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Өнерде жоқ шекара

Өнерде жоқ шекара

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еркеғали Рахмадиев атын­дағы мемлекеттік ака­демиялық филармониясы құрамындағы Ғазиза Жұбанова атындағы мем­лекеттік ішекті аспап­тар квартетінің әлем­дік турнесі биылғы күз­дің айрықша оқиғасы ретін­де есте қалды. Өнер­лі төрттік өзінің мемле­кеттік мәртебеге ие бол­ған 30 жылдық мерей­тойын атап өту аясын­да халықаралық сахна­ларға шығып, қазақ музыка­сы­ның бай дәстүрін әлемдік ауди­торияға паш етті.

Жаһандық турне

Турне Франция, Испа­ния, сондай-ақ АҚШ ел­дерін қамтыды. Әр қа­ла­дағы концерт бағдарламасы отандық композиторлық мектеп пен орындаушылық дәстүрді клас­сикалық еуропалық және америкалық камералық музыка мұрасымен үйлестірді. Парижден Бостонға дейінгі серия Қазақстан музыкасын әлемдік деңгейде көр­сетуге, тыңдармандарға ұлт­тық мәдениеттің жаңа қырын таныс­­ты­­ру­ға мүмкіндік берді.

«Музыкада шекара жоқ. Біз Қазақстанның даусын бүкіл әлем­ге естірткіміз келеді. Ұлттық музы­ка­мыздың жаңа классикалық ке­ңістіктің ажырамас бөлігі ре­тінде қабылдануын қалаймыз», – деді квар­теттің көркемдік жете­шісі, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Ернар Мыңтаев турне мақ­сатының қыр-сырына тоқ­та­лып.

1988 жылы студенттік ұжым ретінде құрылған квартет төрт онжылдық ішінде Еуразиядағы ең беделді камералық топтардың біріне айналды. Италиядағы (Rovere d’Oro, Bellini Competition), Жапониядағы (Osaka International Competition), Испаниядағы халық­аралық конкурстардың лауреаты атанып, Еуропа, Азия, сонымен қатар Америкадағы ең ірі сах­­на­лардың төріне көтерілді. Қа­­зір­гі құрамда өнер көрсетіп жүр­­ген Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрип­ка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), Ернар Мыңтаев (виолончель) бастаған музыкантардың қай-қайсысы да шеберлігімен көп­­­ті тәнті еткен кәнігі мамандар. Бүгін­де Ғазиза Жұбанова атындағы мем­ле­кеттік ішекті аспаптар квар­теті тек еліміздің бай мәдени дәстүрін ғана емес, сонымен бірге заманауи музыкалық кеңістікке ашық, әлем­дік деңгейдегі орын­даушылық мек­теп­тің айнасы ретін­де танылып отыр.

Париж: ұстазға тағзым

Турнеңің алғашқы аялдамасы – Париж. Әлемге әйгілі «Salle Cortot» залында квартет өнер ұжымының рухани ұстазы, атақты виолончелист Валентин Берлинскийдің 100 жылдығына арналған фестиваль бағдарламасында өнер көрсетті.

«Бұл сахнада өнер көрсету – ел мәдениетінің әлемдік аренадағы мәртебесін паш етудің символы», – дейді квартет мүшелері.

Сахнада Danel Quartet, Михаил Копельман, Борис Андрианов, Николя Бальдеру және Людмила Берлинская сияқ­ты әйгілі музыканттармен бірге өнер көрсеткен квартеттің шы­ғармашылық әлеуетіне кәрі құр­лық көрермендері тәнті болды. Бағдарламада Йозеф Гайдн, Дмитрий Шостакович, Сергей Прокофьев, Ғазиза Жұбанова шығармалары орындалды.

Мадрид: үш әлем һәм бір түн

Келесі аялдама – Мадрид. «Auditorio Nacional de Música» сахнасында Республика күніне орай Испаниядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Tres Mundos y una Noche» – «Үш әлем және бір түн» атты концерт өтті.

Квартет бағдарламада маэстро Альберт Скуратов жетекшілік ететін «Madrid Festival Orchestra», сондай-ақ «Bauhas Quartet» пен «Parallel Quartet» ансамбльдерімен бірге өнер көрсетті. Мадрид кешінің тағы бір ерекшелігі – қазіргі отандық музыка көшбасшыларының бірі Қуат Шілдебаевтың шығарма­лары еуропалық және испан ком­позиторларының туындыларымен қатар шырқалып, қазақ музыкасының әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын айқындады. Сондай-ақ квартетпен бірге Р.Омаров атындағы қазақ халық ас­пап­тары оркестрінің көркемдік же­тек­шісі, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, домбыра­шы Талғат Кәрімов өнер көрсетіп, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Осылайша, Мадридтің тың­дармандарына үш әлемнің музы­калық үні – қазақ, еуропа және испан дәстүрі бір концертте үйлесіп жетті.

АҚШ: музыкалық Олимп

Әлемдік турненің аса маңыз­ды нүктесі— «Carnegie Hall» (Weill Recital Hall) сахнасындағы концерт. Нью-Йорктегі концерттің ұйымдастырылуына әлемдік аренада қазақстандық өнерді ілгері­лету бастамасын қолдаған «Ата­ме­кен-Агро» ауыл шаруашылығы холдингі мұрындық болды.

Нью-Йорктегі сахна – әлемдік классикалық музыкадағы мәр­тебелі орындардың бірі. Бұл жер­де өнер көрсету аз ғана отан­дық музыкантқа бұйырған. Ал квартет үшін бұл – кәсіби дең­гейінің әлемдік қауымдастықта мойын­далуының белгісі, сонымен қатар Қазақстанның академиялық мектеп дәстүрінің абыройын паш ететін символдық сәт.

Кеш бағдарламасына Иоганнес Брамстың фа минор, Op.34 фортепианолық квинтеті кірді. Оны халықаралық конкурстардың лауреаты, Нью-Йорктегі «Mannes College of Music» түлегі, ерекше техникасы мен терең эмоциялық ин­терпретациясымен танымал пиа­нист Тимур Мустакимов орындады. Талантты өнерпаздың қатысуы концертке ерекше қуат беріп, Қазақстан мен әлем арасындағы шынайы музыкалық диалог жасады. Квартеттің концерті сонымен қатар Чарльз-Таун, Хат­боро, Филадельфия, Мейпл-Глен қалаларында да жалғасты. Әр қаладағы көрермен отандық орын­даушыларға шексіз ықыласын білдірді. Бостонда ансамбль Моцарт, Шуберт, Барбер, Қуат Шілдебаев шығармаларынан тұратын өзге камералық бағдар­ламамен шықты. Квартет ұсынған концерттік бағдарламаның қай-қайсысы да көрермен көңіліне жол тапқан айрықша толқулы сәт болғаны анық. Ал айтулы турне – қа­зақ музыкасының әлемдік аренада өз биігін бағындырғандығының айқын айғағы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары