Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Шекара туралы келісімді ратификациялады

Шекара туралы келісімді ратификациялады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысының тарихи бастамаларды жариялағанын атап өтті. 

– Бұл реформалар – ұлттық деңгейдегі институционалдық трансформацияның бастауы. Соның аясында мемлекеттік құрылымның концепциясы кешенді түрде өзгермек. Сөйтіп, билік архитектурасы түбегейлі жаңғырады. Бұл қадамдарды «Президент Тоқаевтың әділет жолы» деп айтуға болады. Ол жұмыс бүгін ғана басталған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттікке кіріскен алғашқы күннен бастап кезең-кезеңімен іске асып келе жатқан жүйелі, кешенді реформалардың заңды жалғасы, – деді Ерлан Қошанов. 

Ол Мәжіліс депутаттарының Парла­менттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының қызметіне белсене атсалысқанын айтты. Олар алты ай бойы болашақ Парламенттің құрылымы мен өкілеттілігі жөнінде нақты нормалар әзірлеп, тиісті ұсыныстар берген. 

– Жалпы, парламенттік реформа сая­си жүйені қайта қарауға жол ашып отыр. Бір палаталы Парламент құру – ел болашағы үшін тағдыршешті, өте қажет шешім. Ол – саяси жауапкершілікті нақтылау, партиялардың институционалдық рөлін күшейту, заң шығару процесін кәсібилендіру деген сөз. Мемлекет басшы­сы айтқандай, біздің мақсатымыз – мүлдем жаңа сипаттағы ықпалды заң шығарушы орган құру. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын одан әрі күшейту, – деді Мәжіліс Спикері. 

Ерлан Қошанов қазір Мәжілісте алты фракция жұмыс істеп жатқанын айтты. Көппартиялы қызметте мол тәжірибе жинақталғанына, сол тәжірибе алда жасақталатын бір палаталы Парламенттің негізі болуға тиіс екеніне назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының президенттік квотадан бас тартуы, Ассамблея квотасын алып тастауы – Парламентке толық дербестік беру дегенді білдіретінін атап өтті. 

Ерлан Қошанов Президенттің болашақ Парламентті «Құрылтай» деп атау туралы ұсынысын басты жаңашыл­дық деді. Құрылтай ежелден дала демократиясының негізі, ұлт тағ­дырын айқындаған, ел аманатын арқа­лаған институт болғанына мән берді. Депутаттар барлық реформалар мен бастамаларды заңнамалық тұрғыда қам­тамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды. 

Пленарлық отырыста Мәжіліс 2003 жыл­ғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қыр­ғызстан Үкіметтері арасындағы Мем­лекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хат­таманы ратификациялады. Оған тараптар 2024 жылғы 19 сәуірде Астана қаласында қол қойған. 

Аталған құжаттың нормаларымен депутаттарды Көлік министрі Нұрлан Сау­ранбаев таныстырды. Оның айтуынша, хаттама екі ел арасындағы транзиттік көлік байланыстарын одан әрі дамытуға септігін тигізеді. 

– Хаттамада «Кеген-автожолдық» (Қазақстан Республикасы) – «Қарқыра-автожолдық» (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойы» режиміне ауыстыру қарастырылған. Осылайша, олардың өткізу қабілеті артып, жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдай жаса­лады, – деп түсіндірді Көлік министрі. 

Жұмыс тобының жетекшісі Ерболат Саурықов қосымша баяндама жасап, енгізіліп отырған өзгеріс Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын ұлғайтуға және туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететінін айтты. 

Талқылау барысында депутаттар «Кеген-Қарқыра» өткізу пункті инфра­құрылымының тәулік бойы жұмыс істеуге дайындығы, оны жаңғырту және қызмет­керлер санын арттыру жоспарлары туралы сұрады. Сондай-ақ мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдардан Қазақстан –Қыр­ғызстан шекарасындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңарту мерзімдері мен қаржыландыру жолдары, шекара маң­ындағы нысандарда қолайлы орта қалыптастыру, ұзынсонар кезектер мен кедендік рәсімдердің ашық еместігі мәселелері, өткізу пункттерінің қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындығы және басқаларына қатысты сауал қойды. 

Сондай-ақ 2016 жылғы 6 қазанда Мон­реаль қаласында қол қойылған Халық­аралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына түзетулер енгізу жөніндегі хаттамалар да ратификацияланды. Бұл құжаттарды да депутаттарға Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев таныстырды. 

Өзгерістер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ) кеңесінің құрамын 36-дан 40-қа дейін, ал Аэронавигациялық комиссия мүшелерінің санын 19-дан 21-ге дейін арттыруға қатысты. 

Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Темір Қырықбаев өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, хаттамаларды ратификациялау Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) органдар­ындағы өкілдігі мәселесін ілгерілетуге қолайлы жағдай туғызады. Атап айтқанда, ХААҰ-ны тең құқылы басқаруға қатысуға, оның жауапты әрі белсенді қатысушысы ретіндегі имиджін нығайтуға, Орталық Азия мүдделерін ескеретін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының Мәжілістегі құрамын жасақтады. Оның құрамына депутаттар Нұртай Сабильянов, Берік Бейсенғалиев және Абзал Құспан кірді. 

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті жұмысқа Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы жаңа заң жобасын қабылдады. 

Жалпы отырыста депутаттар өзекті әлеуметтік және экономикалық тақы­рыптар бойынша мемлекеттік органдарға 7 депутаттық сауал жолдады. Олардың барлығын Мәжілістің ресми сайтынан және Telegram-арнасынан оқи аласыздар. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 07:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары