Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Әміре қайта жаңғырды

Әміре қайта жаңғырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Биыл Әміре Қашаубаеватың Париж төрінде ән салғанына 100 жыл толды. Театр тартуының осы тарихи сәттен тууы көрерменге ғажап әсер сыйлады. Театр директоры, қойылымның қоюшы-режиссері Асхат Маемиров жиналған жұртты ыстық ықыласына бөлей қарсы алып, ақжарма тілегін білдіріп, әдеттегідей қойылымды бірге тамашалауға шақырды. Қарапайым көрермен белгілі актриса Меруерт Өтекешова, Әміре Қашаубаевтың өнердегі немересіне айналған дәстүрлі ән өнерінің мэтрі Қайрат Байбосыновпен бірге ғажап көріністің куәсі болды. 

– Биыл Еуропа кеңістігінде қа­зақтың әнін қалықтатқан, қа­зақ­тың музыкалық өнерін, дәс­түрлі орындаушылық шеберлігін дә­ріп­теген ұлы әнші Әміре Қа­шау­баев атамыздың Парижде Ха­лықаралық «ЭКСПО» көрме­сін­де ән шырқағанына 1 ғасыр то­лып жатыр. Әрине, қойылымда ән­ші өміріндегі түрлі кездесу, шы­тырман оқиға, тіпті өзіндік тра­ге­дия­сы да бейнеленді. Ол тек әнші емес, қазақ ұлттық кәсіби драма теат­рының нөмірі бірінші актері бол­ған. Бұл спектакліміз атамызға рухани тағзым жасауымыз деп бі­ліңіз­дер, – дейді Асхат Маемиров. 

Сахналық қойылымды та­машалап отырып, қа­зақ­тың дәстүрлі ән өнеріне ын­тызарың қалай ауғанын өзің де сезбей қаларсың. Дра­ма Үкілі Ыбырайдың «Гәкк­уімен» басталып, бұ­дан әрмен халық ән­­дері – «Жалғыз ар­­ша», «Ағаш аяқ», «Ду­дараймен» жал­ғасты. Әміренің рөлін сом­даған театр актері Ора­залы Игілік Ақан сері­нің «Шырмауығы» мен «Бал­­қадишасын», Біржан сал­дың «Ләйлім-Шырағын», «Қыз Жібек» операсындағы Тө­ле­геннің ариясын, жалпы саны – қазақ өнеріндегі шоқтығы биік 8 әнді нақышына келтіре орындап, жиылған жұрттың құлақ құрышын қандырды. «Ағаш аяқ» әнін орын­дауы көрерменге де ұнағаны сөз­сіз, орындаушының шеберлігі мен актерлық табиғатын айшық­тай түсетін шығарма О.Игіліктің оң жам­басына түскендей. Бір айтар­лы­ғы, актер жай ғана ән салған жоқ, ол ән арқылы Әміренің өр бол­мысын, биік тұлғасын, жан тол­ғанысын шынайы жеткізе біл­ді. Әміреше қалықтата ән шыр­қау­ға бар жігер-күшін, өнерін са­лып бақты. Ән сала білу – бір өнер бол­са, Әміре болып ән салу – ба­тыл­дықты қажет ететін орасан зор еңбек. Шығармашылық ұжымның да халық әндерінің мәтініне едәуір зер салып, талдаудан өткізгенін, ба­рынша түпнұсқаға жақын­да­ға­нын аңғардық, мәселен «Балқа­диша» әніндегі «құшақтап құз-жар­тасты еңіреп жылағаным-ай» де­генде құз-жартас емес, құс жас­тық деп өзгерткен. Бұл шешім, ра­сы­мен де, нанымды болған. 

Басты актер бір сахнадан бір сах­наға ауысып, бірде 30 секунд­та киім ауыстырып әрі мо­но­лог оқып үлгерсе, бірде би би­леп, бірде «Еңлік-Кебек» спек­так­лін­дегі Жапалдың образынан үзін­ді көрсетіп, бірде Ақан серіше жыр­лап, енді бірде Алаш азамат­та­рының мұрасын сөз етіп, Мір­жа­­қыптың «Оян, қазағын» жатқа оқы­ды. Қойылымды музыкалық дра­ма деп атағанымызбен, моно-спек­такль элементтері басым әрі ре­жиссер сторителлинг тәсілін ұтым­ды пайдаланған. Бұл тұста бас­ты кейіпкер – Әміре Қашау­баев­тың рөлін ойнаған актерға үлкен салмақ түсті және актер жауап­кершілік жүгін ар­қа­лап, патша көңілді көрермен­нің көңілінен шыға да білді. Дәстүрлі әнші Қайрат Бай­бо­сы­новтың өзі «Інішегіміздің өнері қат­ты ұнады. Дауысы Әміренің дауы­­сынан еш кем емес» деп жо­ғары бағалап, ағалық батасын бер­ді. Біз спектакльден соң Ора­за­лы Игілікке хабарласып, шы­ғар­машылығы жайында аз-кем тіл­дестік. Театрдың шығар­ма­шы­лық ұжымы Әзербайжанның Баку қаласында сапарлап жүр. Театр ендігі кезекте су жаңа қойылымды Әзер­байжан мемлекеттік акаде­мия­лық музыкалық театрының кө­рер­меніне ұсынды. Бұл театр сах­насында осыдан 100 жыл бұ­рын Әміре Қашаубаевтың табаны ти­ген, жұртты аузына қарата өнер көр­сеткен. Қазақ өнеріндегі тари­хи, рухани жалғастық деп осыны айт.

– Моно-қойылым жанрынан қат­ты алыстаған жоқпыз, қосыл­ған актерлардан Әміреге 90 пайыз күш түсті десем болады. Басынан ая­ғына дейінгі сахнада өзім ойнап шықтым, Әміренің Париж төрінде шырқаған әндерін орындадым. Бір сахнадан бір сахнаға өту, ор­тасында сөз сөйлеу, монологы бар, монологтан кейінгі әндері бар. Әрине, оңайлықпен келетін дүние жоқ. Актер рөлдің динамикасын сақтап, көрерменге сенімді жет­кізу үшін еңбек ету керек. Дәстүрлі әнді орындау, оны домбырамен айтуға да үлкен жауапкершілік ке­рек. Ауытқып кетпей, өз дең­гейінде айтып шығудың өзі оңай емес. Барынша алып шықтық деп ой­лаймын. Көрермен бағасын әлі де бере жатар, – дейді Оразалы Игі­лік.

Актердың айтуынша, ол дәс­түрлі ән өнерін атасы мен әкесінен мең­геріп, кейін ұстаздарының ба­­ғыт-бағдарымен бойға сіңіріп, жанына серік еткен. Музыкалық театр әртісі актер мамандығын тә­­мамдаса да, өзін жан-жақты же­тіл­­діріп жүріп, орындаушылық қа­сие­тін кәсіби тұрғыда дамытқан.

– Ұстаздардан тыңдап, қарап жү­ріп өз бетіммен барынша, қо­лым­нан келгенінше, шабытым­ның шапқанынша үйрендім, ха­лық­қа жеткізуге тырыстым. Әміре салып кеткен әндер – кең ты­ныс­ты, биік нотада айтылатын туын­ды­­лар. Бұл әндердің күрделігін дайын­­дық кезінде түсіндім. Дәс­түр­лі ән өнерінің майталманы Қай­рат Байбосынов ағамыздың пре­мьераға келіп, спектакльден кейін ортаға шығып, әз батасын бе­руі ерекше ша­быт сыйлады. Бұл – үлкен мәр­тебе, – дейді шебер актер.  

Қойылымда ұлы әншінің шы­ғар­машылығымен қатар, Әмірені қыр­шындай қидырған зұлмат за­­ман бейнесі де көрініс тап­ты. Ән­шінің «Өнерпаз­дың өмірі – өнер. Ал оның өне­ріне шек қою өміріне шек қоюмен тең...» деген ішкі ай­қайы кө­рермен жүрегіне жет­ті. Па­риж сахнасы Әміренің атын бар әлемге паш етіп, ба­ғын аш­қанымен, сол сапар­дың маң­дай­ға сор болып жа­быс­қаны да анық еді. Парижде Мұс­тафа Шо­қай­мен жүздесуі НКВД-ның тер­геуіне сылтау боп ілік­ті. Ұлы әнші сай­қал саясаттың құр­банына ай­на­лып кете барды.

Әміре Қашаубаев Париж сапарынан соң түрме мен театр ортасында өмірін өткізді. Оны өнердегі достары да мойын­даған, театрға көк ала қойдай боп, тер­геуден әрең босап келетін, қойылымнан соң НКВД адамдары қай­та алып кететін. Қойылымдағы әр деталь өте маңызды сипатқа ие. Ре­жиссер кейіпкердің ішкі қай­шы­лығын керемет көрсеткен, те­мір тор мен ақ шымылдық сол қай­шылықты бейнелеп берді. Дом­быраның әуеге көтерілуі, түйін­шектелген ақ шымылдықтың жо­ғарыға шығуы – әнші өмірі мен өне­рінің бір сәтте үзілгенін көр­сет­ті. Тілсіз жеткізген бұл сәт өзе­гіңді өртеп, еріксіз көзге жас әке­леді... Құлаққа «Әнге шөлдеген Әміремін ғой...» деген үн келеді...

Бұл күні дәстүрлі ән өнері­нің шебері Қайрат Байбо­сы­нов та қалың елге ашылып, Әміре туралы естеліктерді сөз етті. Ән­шінің ұстазы Жүсіпбек Еле­бе­ков болса, ал Жүсіпбек Елебеков Әміре Қашаубаевтың шәкірті бол­ған екен. Бір кездері Әміренің үйі­не жастар жиылып, қонақ тар­қа­майтын алаңсыз шақтар да өтті. Сол кезде жас шәкірттер ұлы ән­ші­нің өнерін тамашалап, өзінен са­бақ алып үлгерген.

– Самаурынға шай қойылып, та­баққа ет тартылып, астан кейін Әміре ән шырқап, әңгіме айтады. Ер­теңінде қайталап сұрасаң, айт­пайды, бір айтқаннан қағып алу ке­рек дейді. Жастар Әмірені жаға­лап жүріп, тәлім алған. Сол кезде өткен концерттер Әміре мен Иса Бай­зақовсыз аяқталмайтын. Бәрі­міз ән орындап болғаннан кейін екеуі сахнаға шығады, халық таңға дейін тыңдап отырады. Сондай қызық дәурендер жайлы ұстамыз көр­генін әңгімелеп беретін, алай­да Әміренің қиындықтары жайлы көп айтпады, – дейді Қ.Бай­бо­сы­нов.

Әміренің көзін көргендер­дің сөзінше, ол ән салған­да, өзінен 12 шақырым жерде мал ба­ғып жүрген жылқышылар дауы­сын естіп, атпен шауып келіп, өне­рін тамашалайды екен. Дауы­сы­ның құдіретін сол кезеңдегі еш­бір техникалық құрылғы көр­сете алмайды, ал шынайы өмірде есті­сең, залды жарып жіберетіндей күш­ке ие, аспалышам сынып ке­тер­дей сыңғырлайды. Әміре – қа­ра­пайым халықтың арасынан шық­қан даланың баласы. Жалақы ал­ғанда, «Қаш» деп қол қоятын, бас­қа ештеңе білмейтін деген шы­найы әңгімелер де бүгінге жеткен. 

– Әміренің қиналғаны, ауыр­ға­ны рас. Оның өмір сүрген кезеңі қаһарлы болды. Жұмысқа бара жат­қанда, Алматының арығы өлік­ке толғаны сонша, қып-қы­зыл қан ағып жатады дейді. Жұ­мыс­тан қайтарда орнын тып-ти­пыл етіп тазалап қояды, ертесінде тағы да сол маңда өлік қайта қап­тап, жиналып қалады екен. Әлі де белгісіз дүние өте көп. Ең бас­тысы, халық өнерін әлі сүйеді. Әміре әбден ақкөңіл, мінезі жай­дары, ешкімге қатты сөйлемейтін, та­маша ер азамат болатын. Міне­кей, солай Жүсіпбектен оқыдым, қа­зір Әміренің өнердегі немересі бо­лып қалдым, – дейді Қ.Байбо­сынов.

Біз көрерменнің де пікірін білу­ге тырыстық. Химия пәнінің мұ­ғалімі Айшабибі Дәулет те көңі­лінен шыққанын жасырмады.

– Қойылым өте ұнады. Мені таң­ғалдырған тұсы – басты актер­дың бастан-аяқ бір өзі ойнап шығуы. Ол – үлкен еңбекті талап ете­тін жұ­мыс, әрі екінің бірінің қо­лынан ке­ле бермейді. Даусының өзі, шы­нымен де, Әміреден кем емес се­кіл­ді. Бірақ «Құлагерім» деп Ақан сері мен Мұстафаны си­паттайтын тұ­сы түсініксіздеу бол­ды. Жалпы, ерек­ше әсер алдым. Тарих та­мы­ры­на бір бойлап қайт­тым, – дейді Ай­шабибі.

Қазақ дәстүрлі ән өнерінің, театр өнерінің тарихында ізі қалған Әмірені жас буынға жаңғыртып таныту, көрермен жүрегіне жеңіл жол таба білу –шебер режиссердің еңбегі. «Әміре» драмасының ғұ­мы­ры да өміршең болсын демек­піз.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 06:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see109

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see107

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see107

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары