Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған соққы­­­лары қас пен көздің арасында Таяу Шығыс­­тың астаң-кестеңін шығарды. Сол аумақ­қа жақын ел­дер­дің шырт ұйқыдағы ты­­ныш­­­тығы да әп-сәтте әлем-тапыраққа айнал­д­ы. Қалай десек те, елді қы­рық жылға жуық билеп келген аятолла Әли Ха­ме­­неидің зы­мы­­­­ран­дық соқ­­қы­лардың салдарынан қаза та­буы әлем халқын екіге бөліп жіберді. Бірі «бұл ел дін құрсауынан құтылады» деп қуанса, екін­ші жақ «осылай мемлекет басшыларын оққа бай­лай берсе, әлемде әділет бола ма?» деп әбіржіді.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Әскери операция – күтпе­ген жерден болған тосын жағ­дай емес. Бұл – алып держава­лардың онда­ған жылдардан бері келе жатқан мүдделік қақты­­ғыс­тарының шарықтау шегі. Әсіресе былтырдан бері Газа секторындағы ахуалға алаңдаған Иран билігі Израильдің мысын басу мақсатында әуеден біраз соққы жасаған. Израиль де қарап қалмады. Мау­сым айындағы бұл қақтығыс 12 күнге созылды. Қақ­ты­ғыс кезінде Израиль Иранның ядролық және әскери зымыран нысандарына жаппай шабуыл жасады. Иран Израильге 550-ден аса баллистикалық зы­мыран мен 100-ден аса дрон ұшыру арқылы жауап қай­тарды. Артынша шиеленісті «реттеуге» АҚШ қосы­лып, Иранның ядролық нысандарына әуеден шаб­уыл жасап, шығынға батырды. Осылайша, бір-бірін­е қырғи-қабақ танытып, өшпенділікпен өрбіп кел­ген текетірес 28 ақпан күні ақыры шегіне жетіп тынды.

Бәленің бәрі ядролық қаруда болып отыр. Былтыр 22 мау­сымда АҚШ әскері Иранның Фордо, Натанз, Исфахан сынды үш негізгі ядролық нысанына «Operation Midnight Hammer» («Түнгі балға» операциясы) деген код атымен соққы жасады. Әлемдік ақпарат агенттіктері бұл әрекетті аймақтағы қақтығыстың ең ірі әскери эскалациясы ретінде бағалап, соғыстың әрі қарай күшейе түсетін қаупі туралы сол кезде-ақ ескерткен еді.

Өздері ұлттық мақтанышы санайтын негізгі ядролық нысандары істен шыққанына қынжыл­ған Иран билігі 2 шілде күні санк­циялық қысым күшейсе, ядро­лық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін ескертіп, мәлімдемесінде соғыс өртін қайта маздатқандай болды.

Көп ұзамай шілде айының соңында АҚШ Президенті Дональд Трамп егер Иран осыған дейін соққы алған ядролық нысандарын қайта қалпына келтіргісі келсе, олар біржола жойылатынын ескертті. Артынша Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Тегеран АҚШ-тың шабуылдарына қарамастан уран байытудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Осылайша, өткен жылғы жаздан бері «ақпараттық соғысқа» ұласқан «ерегес» биылғы өткен айдан бері сөзден іске көшкендей болып еді. Яғни ақпан айында Оман билігінің араағайындығымен қос тарап Женевада бір үстел басында бірнеше мәрте бас қосып, ортақ келісімге келу мәселе­сін талқылаған. Келісімдердің кейбір тармақтары сәтті болса, тараптар кей шарттар бойынша ымыраға келе алмады. Екі елдің келіссөздері соңғы мәрте 27 ақпан күні Женевада өтті. Ал осы аптада Аустрия астанасы Венада техникалық келіссөздер өтуге тиіс-тін. Бірақ сол күні-ақ жағдай күрт ушығып кетті.

Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты сол күні Сыртқы істер министрлігі ондағы отандастарымызға жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынды. Сонымен қатар ел азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Осылайша, 28 ақпан күні Израиль Тегеранға «превентивтік соққы» жасады. Көп ұзамай сол күні-ақ Трамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция баста­ғанын мәлімдеді. АҚШ Пре­зиденті өзінің «Truth Social» платформасында сегіз минуттық бейнемәлімдеме жариялап, шабуылдар «Иранның ядролық арсеналын жоюға және Америка хал­қын қорғауға бағытталған» деді.

Бұған жауап ретінде Тегеран да дереу бірнеше баллистикалық зымыранды Израильдің солтүстік және орталық аймақтарына, сондай-ақ Иерусалимге бағыт­тады. «Әуе дабылдары Тель-Авивте, солтүстік қалаларда және аст­ана аймағында естілді», деп ха­барлады «The Times of Israel». Сондай-ақ Иран АҚШ-пен бай­ланысы тығыз көршілес араб елдеріне де зымырандарын ұшырды. Парсы шығанағы елдеріне жататын Бахрейн, Ку­вейт және Иорданияда сирена­ның дауы­сы естіліп, бірқа­тар елдің билігі азаматтарды жа­сырынуға және әскери нысандардан аулақ болуға шақырды. БАӘ астанасы Абу-Дабиде бір адамның қаза тапқаны расталды. Дубай халықаралық әуежайының опер­а­торы «Dubai Airports» компа­ниясының мәліметінше, шабуыл салдарынан төрт қызметкер жарақат алған.

Еліміздің Сыртқы істер ми­нистр­лігі сол күні Ирандағы Қазақстан азаматтарының арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді. Сол сәтте Иран аумағында 96 Қазақстан азаматы болғаны хабарланды.

Әп-сәтте-ақ астан-кестеңі шық­қан Таяу Шығыстағы ахуал­дың ушығуына байланысты еліміз Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінің үстінен, шегінде және маңында ұшуға толық тыйым енгізді. «Air Astana» компаниялар тобы 3 наурызды қоса алғанға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық рейсті тоқтатты.

28 ақпан күні түнде Пентагон «Эпикалық қаһар» деп айдар таққан Иранға бағытталған әске­ри операциясын бастады. Ал кеше Израиль шенеуніктері Иранның жоғарғы жетекшісі Хаменеидің қаза тапқаны туралы хабар таратты. Мұны Трамп та мәлімдеді. Дегенмен Иран билігі көсемнің дін аман екенін, көңіл күйі де жақсы екенін жариялап, алғашында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тек жексенбінің таңында Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі IRNA елдің Жоғар­ғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің отбасы мүшеле­рімен бірге қаза тапқанын хабарлады. Аятолланың қазасына байланысты елде 40 күндік жал­пы­ұлттық аза тұту жарияланып, жеті күндік мемлекеттік демалыс белгіленді. Жергілікті БАҚ Хаменеидің 28 ақпан күні, зымырандардың алғашқы легі­нен-ақ қаза тапқанын жазды.

Сенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіз­дік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күш­тік құ­рылымдар мен салалық ми­нистр­ліктердің жетекшілері­мен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетек­шілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ Айбек Смадияров 1 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдағанын хабарлады. Ресми ақпаратта Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайтыны айтылған.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сының Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отырғаны мәлім болды. Президенттің кеңес­шісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтің «Telegeram» арнасында таратқан ақпаратына сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдірген.

Ал кеше Президент Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесіп, әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуал­ды талқылады. Президент ай­мақта қақтығыстың өршіп кет­кені­не алаңдаушылық білді­ріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян­мен де телефон арқылы сөйлесті. Президент Таяу Шы­ғыс­т­ағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмір­ліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткіз­ді. Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келге­ні­не қынжылатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем

Қоғам • Бүгін, 08:35

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды

Оқиға • Бүгін, 08:16

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Ертіс бойының мәдени бренді

Өнер • Бүгін, 08:10

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Саясат • Бүгін, 06:45

Берлин ИРИШЕВ: Біздің даламызда «кутюралық модельдер» 2500 жыл бұрын пайда болған

Қоғам • Бүгін, 00:35

Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті

Өнер • Бүгін, 00:20

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10

Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Аймақтар • Кеше

Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 09:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see113

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see111

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see110

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see109

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see109

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see108

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see107

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see107

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see105

Қашағанда маусымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кейінге қалдырылды БАҚ

30 Мамыр 2026 20:32see104

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see103

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see103

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see103

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see103

Қарағандыда екі үндістандық студент суға батып кетті

30 Мамыр 2026 19:06see102

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see102

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see101

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

30 Мамыр 2026 23:25see101

Путин: Ресей Украина бойынша келіссөзден ешқашан бас тартқан емес

30 Мамыр 2026 21:48see101

Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

01 Маусым 2026 09:07see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары