Канада ақыры АҚШ тың 51 штаты болады Трамп
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АҚШ президенті Дональд Трамп Аризона штатының Буллхед-Сити қаласында өткен митингіде Канада "соңында 51-ші штатқа айналатынын" мәлімдеді. Ол Оттаваға бірқатар бұрыннан келе жатқан талап-тілектерін білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz CTV News телеарнасына сілтеме жасап.
Канадалық телеарнаның хабарлауынша, Буллхед-Ситидегі митингіде Трамп Канаданың сүтке салынатын баждары, автомобиль компаниялары зауыттарын АҚШ-қа көшіру және Онтарио көлінің атауын "Америка көлі" деп өзгерту мәселелерін қозғады.
"Қорытындысында Канада 51-ші штатқа айналады, өйткені бұл тек осылай ғана жұмыс істейді. Олар бізге керек емес, бірақ біз оларға қажетпіз", - деді Трамп.
Өз жақтастарының алдында сөйлеген Трамп АҚШ-тың "біздің біріміз емес елді қолдай отырып", неге миллиардтаған доллар жоғалтуы керектігіне таңғалды.
Бұған дейін саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков авторлық бағанында Канаданың АҚШ-қа ықтимал қосылуы мәселесіне қатысты Трампқа қарашада өтетін Конгресс сайлауы қарсаңында қандай да бір жеңістер өте қажет екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ оның қысым көрсету саясатының бәрібір нәтиже бере алатынын көрсету маңызды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:88
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 08:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















