Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

Күш ишарасы: АҚШ тың Венесуэладағы операциясының ақыры қандай болады

Күш ишарасы: АҚШ тың Венесуэладағы операциясының ақыры қандай болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жанжал соңы

Бастапқыда жағдай тығырыққа тірелгендей көрінгені рас. Себебі АҚШ-тың әскери-теңіз флоты теңіз арқылы Венесуэланы оқшаулағанымен, құрлықта толыққанды әскери операция жүргізуге әскер саны жеткіліксіз еді.

Өткен ғасырда америкалықтар Панамаға әскер кіргізіп, 1989 жылдың желтоқсанында президент Мануэль Норьеганың билігін құлатқан, сондай-ақ 1983 жылы Гренадаға интервенция жасағаны есте. Алайда бұл елдер аумағы жағынан шағын еді. Ал Венесуэла — ірі мемлекет, 123 мың сарбазы бар қуатты армиясы және парамилитарлық құрылымы бар. Қарулы күштерінде ресейлік Су-30 және америкалық F-16 жойғыш ұшақтары жетерлік, дегенмен соңғысының тек бірнешеуі ғана жарамды күйде. Сонымен қатар елдің әуе шабуылына қарсы қорғанысы берік — С-300, «Бук», «Печора» кешендері, «Мста» гаубицалары, «Смерч» дүркіндетіп ату жүйелері және Т-72 танкілерімен жасақталған.

Әрине, Венесуэла армиясы барлық көрсеткіштер бойынша АҚШ-тан әлдеқайда әлсіз. Дегенмен ұйымдаса қарсыласса, АҚШ-тың ел аумағын басып алуына уақыт кетер еді әрі толыққанды әскери операция жүргізу үшін едәуір көп әскер қажет. АҚШ жоғалтатын әскердің саны да аз болмайтыны түсінікті.

Осы орайда АҚШ президенті Дональд Трамп күрделі жағдайда қалды. Егер тек теңіздегі қоршаумен шектелсе, соңы белгісіз ұзақ процесс басталатын. Ал егер толыққанды шабуылға көшсе, АҚШ-тағы сыншылар оны америкалықтарды бітіп болмас майданға кіргізді деп түтіп жер еді.

Фото: Синьхуа Таңдау: Басып кіру немесе арнайы операция

Алайда Трамп тығырықтан шығар жол тапты. 3 қаңтарға қараған түні АҚШ әскері Венесуэланың әскери базалары мен кейбір әкімшілік ғимаратқа соққы жасады, тіпті қарбалас сәтте арнайы жасақ Мадуро мен оның жұбайын елден алып кеткені белгілі болды. Бірнеше сағатқа созылған операцияның егжей-тегжейі белгісіз, дегенмен ашық дереккөздерде қызық жайттар көп.

Мәселен, Мадуроға бағыт алғандай болып, Венесуэла аумағының үстінен С-47 «Чинук» тасымал тікұшақтары ұшқанын көреміз. Бұл тікұшақ баяу, маневр жасау қабілеті төмен, өте осал. Оның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бар, тіпті «Игла» секілді ресейлік зениттік зымыран кешендерімен қаруланған және ірі калибрлі пулеметтерге ие жаяу әскер тұрған аймақтан кедергісіз ұшып өтуі екіталай. Бұған қоса, Венесуэлада Су-30 және F-16 секілді ондаған заманауи жойғыш ұшақ бар екенін де айттық.

Бұл дегеніңіз, «Чинуктар» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі толықтай басып-жаншылып, әуеде үстемдік орнатылғаннан кейін ғана Венесуэлаға енді деген белгі. Солай болған күннің өзінде АҚШ жаудың қарсы шабуыл жасауға қауқарлы жердегі жаяу әскерін бірнеше сағатқа жойды дегенге сену қиын.

Негізінен АҚШ авиациясының Венесуэла нысандарына жасаған шабуылы аса ауқымды көрінген жоқ. Жуырда АҚШ әскери күштері операцияға 150 ұшақ пен ұшқышсыз аппарат қатысқанын мәлімдеді, алайда мұндай көлемдегі ұшақтың өзі бірнеше сағатта барлық әуе шабуылына қарсы қорғанысты толықтай жоя алмайды. Сондықтан «Чинук» тікұшағының жайбырақат жүруі күдік тудырады. Әрине, БАҚ-та ресейлік «Бук» зениттік зымыран кешенінің қираған қаңқасы көрсетілді, бірақ бұл Венесуэланың бүкіл әуе қорғанысы жүйесі істен шықты дегенді білдірмейді.

Сондықтан 3 қаңтардағы оқиға әлдеқайда күрделі операция деп пайымдауға болады. Негізінде АҚШ-тың арнайы жасақ мінген тікұшақтары Мадуроны қолға түсіру операциясын тек Венесуэладағы белгілі бір күштермен келісімге келгеннен кейін жасаған сыңайлы. Әрине, бұл – болжам, бірақ осы нұсқа анағұрлым қисынды көрінеді. Венесуэланың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мүлде жұмыс істемеді деп жорамалдауға болар еді, алайда екіталай.

2024 жылы Мадуро кезекті сайлауда жеңіске жеткенін жариялады. Алайда оппозиция сол кезде сайлауда оның қарсыласы Эдмунд Гонсалес Уррутия жеңіске жетті деп мәлімдеп, кейін ол елден кетуге мәжбүр болған. Нобель сыйлығының лауреаты Мария Мачадо да 3 қаңтарда дәл осы адам Венесуэланы басқаруы тиіс деп айтқан болатын.

Фото: www.globallookpress.com Ел тізгінін кім ұстайды?

Алайда елдің ендігі басқару моделі беймәлім. Өтпелі кезеңмен шектеле ме, әлде жаңа сайлау науқанына ұласа ма, әзірге белгісіз. Трамптың Венесуэлаға билік жүргізуі де ықтимал сценарийлердің қатарында тұр.

– Біз қауіпсіз және ақылға қонымды өтпелі кезеңді қамтамасыз ете алғанға дейін елді басқарамыз, деді Трамп 3 қаңтарда өткен баспасөз конференциясында.

Ол мемлекеттік хатшы Марко Рубионың Венесуэланың вице-президенті Делси Родригеспен сөйлескенін атап өтті. Бұл, кем дегенде, Родригестің АҚШ-пен белгілі бір деңгейде өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін аңғартады. Сонымен қатар Трамп Венесуэлада америкалық әскер орналастыру мүмкіндігіне қатысты сұраққа: «Егер вице-президент (Родригес) біз күткен бағытта әрекет ететін болса, мұндай қажеттілік туындамайды», – деп жауап берді.

Делси Родригес уақытша президент ретінде Венесуэланың Жоғарғы сотының шешімімен тағайындалды. Бұл қадам конституцияға сәйкес 30 күн ішінде жаңа сайлау өткізуді айналып өтуге мүмкіндік берді.

Назар аударарлық тұс, соңғы күндері Родригестің төңірегінде бірқатар оқиға орын алған еді. Мадуро ұсталған түні Родригес көпшілік алдына шығып, оның тірі не өлі екені жөнінде ресми ақпарат беруді талап етті. Артынша жасаған тағы бір мәлімдемесінде Мадуроны Венесуэланың жалғыз заңды президенті деп атап, елінің «басқа мемлекеттің отарына айналуына жол бермейтінін» жеткізді. Сол сәтте оның жанында ағасы, Ұлттық ассамблеяның бұрынғы төрағасы Хорхе Родригес, сондай-ақ қорғаныс, сыртқы істер және ішкі істер министрлері болды.

Дегенмен мұны саяси тұрғыдан асыра бағалауға болмайды. Мұндай дағдарыс жағдайында биліктің сабақтастығын сақтап, патриоттық риторика қолдану – қисынды тактика. Ендігі кезекте Родригес саяси бағытын нақтылауы тиіс. Оның қолында Трамп әкімшілігінен түскен ұсыныс бар. Оны ашық түрде қабылдау саяси беделіне нұқсан келтіретіні анық, алайда бейресми арналар арқылы қандай келіссөздер жүріп жатқанын дөп басып айту да қиын.

Дегенмен Родригес ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо Рондон секілді аса даулы тұлға саналмайды. 3 қаңтар күні кешке АҚШ-тың бас прокуроры Памела Бонди Мадуро ісі аясында айыпталушылар тізімін кеңейтіп, бірнеше адамды қосқан болатын. Солардың ішіндегі ең салмақтысы – Кабельо. Мұндай шешімдер кездейсоқ қабылданбайды және оларды саяси қысым тетігі ретінде қарастыруға болады.

Бұдан кейін Родригестің белсенді қадамға бармауы да Кабельоның ойын екіұшты етері анық.

Неліктен АҚШ-қа элиталармен келісу тиімді?

Жалпы алғанда, бұл – прагматикалық және қисынды ұстаным. АҚШ үшін қазіргі билік элитасының бір бөлігімен келісімге бару әлдеқайда оңай. Мұның басты себебі – Латын Америкасына тән радикалды солшыл бағыттағы, халықты қарсылыққа жұмылдыра алатын көшбасшының пайда болуына жол бермеу.

Фото: http://aaa-russia.com/

Егер элиталар толықтай қысымға ұшыраса, олар амалсыз қарсылық жолына түсуі мүмкін. Алайда мұның өзін тиімді ұйымдастыруға қабілетті көшбасшы қажет. Ал Мадуро деңгейіндегі тұлғасыз аталған жоспарды орындау өте қиын.

Сонымен қатар билік ішіндегі өзара сенімсіздік те маңызды фактор саналады. Әрбір элита өкілі әріптесін АҚШ-пен жасырын келісімге баруы мүмкін деп күдіктенеді. Елдегі мұндай ахуал да алаңдататыны сөзсіз.

Латын Америкасындағы биліктің персоналистік жүйесінде, яғни ортасында харизмалы көшбасшы – каудильо (көсем) тұрған жағдайда, қажетті сәтте оған тең келетін балама табу өте сирек кездеседі. Мұндай көшбасшының айналасында әдетте оның айтқанын екі етпейтін жандар шоғырланады. Осы тұрғыдан алғанда, вице-президент Родригес Мадуроны алмастыра алмайды.

Теориялық тұрғыдан мұны Ішкі істер министрі Кабельо жасауы мүмкін. Бұған қоса Қорғаныс министрі Владимир Падрино бәріне қарсы тұруға шақырды. Бірақ АҚШ әскерлерінің табысты десанттық операциясы Венесуэла армиясының күшін қайта саралау артық еместігін аңғартады.

Сондықтан қазіргі жағдайға нүктені сайлау қоюы мүмкін. Ал өтпелі кезеңде нақты не болатыны үлкен сұрақ. АҚШ айқын түрде Венесуэла билігіндегі негізгі тұлғалардың арасына жік салуға күш салуы мүмкін деген болжам да бар. Себебі олардың арасында билікке талас сезіледі.

Десе де өтпелі кезеңдегі келісім қауіпсіздіктің кілті ретінде қарастырылып отыр. Өйткені елді оппозицияның қолына ұстату құрдымға әкелуі ықтимал.

Бұл ретте әскердің институционалдық позициясы маңызды. Латын Америкасында әскер дәстүрлі түрде үлкен рөл атқарады және олар да қалыптасқан ықпалынан айырылғысы жоқ. Сондықтан америкалықтарға олармен келісу жеңілірек. Егер «Чинук» тікұшақтарының Венесуэла үстінен ұшуын ескерсек, мұндай болжамға негіз бар. Бұл жағдайда Родригес өтпелі кезеңнің сипатын анықтайтын тұлға ретінде әрекет етуі ықтимал. Шын мәнінде, ол бұл рөлге мінсіз кандидат, өйткені тым қызуқанды емес, әккі саясаткер де емес.

Ал жағдай Трамп үшін аса маңызды емес — ол әскерилермен де, Родригеспен де келісімге келе алады. Бастысы, келіссөз барлық тарапқа тиімді болуы шарт. Егер Венесуэланың қазіргі билеуші элитасы мәмілеге келіп, елге америкалық компаниялар кірсе, санкциялар алынса, олар материалдық жағдайын айтарлықтай жақсарта алады. Венесуэлада әлемдегі ең ірі мұнай қоры бар — 300 млрд баррель. Ол ауыр мұнай болғандықтан, өндіру мен өңдеу үшін технологиялар қажет, ал мұның барлығы АҚШ-та бар.

Сондықтан, ең ықтимал сценарий — либералдық революция да, элитаның түбегейлі ауысуы да болмайды. Латын Америкасындағы соған ұқсас өзге өтпелі кезеңдерді еске түсірсек, онда бұрынғы элита, әдетте әскери топ, шартты каудильоны ауыстырып, жаңа басқару жүйесінің бір бөлігіне айналады. Мысалы, Парагвай диктаторы Альфредо Стресснер 1989 жылы өз туысы, генерал Андрес Родригес тарапынан биліктен шеттетілді. Кейін ол сайлауда президент болып, ішінара реформалар жүргізіп, 1993 жылы қызметінен кетті.

Трамп үшін мұндай сценарий Венесуэламен соғысты жалғастырғаннан әлдеқайда қолайлы. Ол мұндай жоспарды Мадуромен жүзеге асыруға тырысқан, бірақ сәті түспеді. Оның үстіне Венесуэланың шартты түрде социалистік модельден капиталистік модельге ауысуы АҚШ үшін көптеген мәселені шешеді. Венесуэлалық мұнайды жеңілдетілген бағамен алу мүмкіндігінен айырылса, Куба мен Никарагуаның қиындыққа тап болары анық.

Әлем үшін салдары қандай?

Алғашқы өзгеріс мұнай нарығында байқалады. Венесуэлалық мұнайдың санкциялық шектеулерсіз және өндіру инфрақұрылымы жаңғыртылғаннан кейін нарыққа шығуы ұсынысты едәуір арттырады. Жаһандық дағдарысқа байланысты сұраныс азайды дегенше, әлемдік баға төмендемек. Сонымен қатар мұнайдың өзіндік құнын азайтуда технологияның рөлі арта түседі, ал оған қол жеткізе алмайтын елдерді қиындық күтіп тұр.

Коллаж: Kazinform; Nano Banano Pro

Дегенмен ең салмақты салдар халықаралық қатынастар жүйесіне көрініс табатынына сенімдімін. Бүгінде күш үстемдік ете бастағандай әсер қалдырады, әрине, бұл жағымды нышан емес. Себебі Мадуроны қолға түсіру операциясының, тіпті АҚШ заңнамасы тұрғысынан да дұрыстығы күмәнді. Мұндай әрекет үшін Конгрестің мақұлдауы қажет, ал Трамп оны қажет етпеді. Рас, өткен жылы қарашада ол мұндай рұқсаттың қажеті жоқ екенін айтқан. Алайда сол айда оның аппарат басшысы Сьюзи Уайлс Венесуэлаға құрлықтағы соққылар Конгрестің келісімін талап ететінін мәлімдегенін білеміз. Республикалық сенатор Майк Ли де «соғыс жарияланбай немесе әскери күш қолдануға рұқсат берілмей тұрып, әрекеттерді конституциялық тұрғыдан ақтайтын қандай да бір негізді» күтетінін айтты.

Халықаралық қатынастарға келсек, егер бұрынғы ережелер босаң тартса, онда жаңа шиеленіс ошақтары пайда болуы әбден мүмкін. Әлемде күрделі әрі даулы жағдайлар жеткілікті, демек кейбіреулер оларды осындай тәсілмен шешуге ұмтылуы ықтимал. Қалай болғанда да, белгілі бір ережені ұстанған әлдеқайда дұрыс.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 01:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ормұз бұғазындағы қауіп: Мұнай қайтадан қымбаттап жатыр

07 Шілде 2026 16:09see118

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see116

Бішкек әуежайында төтенше жағдай болды видео

07 Шілде 2026 16:00see116

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Көкшетау мен Петропавлға газ жеткізетін құбырдың құрылысы қашан басталады

07 Шілде 2026 16:02see114

Түркі әлемінің әдебиеті жобасына өтінім қабылдау басталды

07 Шілде 2026 14:45see114

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07 Шілде 2026 14:41see114

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see114

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see113

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2026 жылдың басынан бері шамамен 8% өсті

07 Шілде 2026 15:05see113

Энергетика министрлігі: Қазақстан үшін жанармай тапшылығының қаупі жоқ

07 Шілде 2026 14:24see112

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see111

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see110

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see109

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

07 Шілде 2026 18:48see109

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

08 Шілде 2026 16:48see108

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

08 Шілде 2026 17:23see108

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

08 Шілде 2026 14:16see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары