Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Үш жасар Айсұлтан туа біткен көз ауруымен өмірге келген. Соған қарамастан, зерек те сүйкімді бүлдіршін бүгінде бүкіл қазақ елінің ықыласына бөленіп отыр. Оның анасымен серуендеп жүрген кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарады. Айсұлтан қандай отбасында тәрбиеленіп жатыр, қандай қиындықтарды бастан өткерді – бұл туралы анасы Гүлбану Ахметова Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі бүлдіршіннің денсаулығына алаңдаса, енді бірі анасының сабыры мен қайсарлығына тәнті болды.

"Негізі Айсұлтанға арнайы парақша ашқанмын. Бірақ "Мама, мені тастап кетпейсіз ғой, иә?" деген видеосы қатты тарап кетті. Мұндай танымал болып кетеді деп ойламадым", – дейді анасы.

Айсұлтанның диагнозы – шала туған нәрестелердің 5-дәрежелі агрессивті ретинопатиясы.

"Айсұлтанды 34 аптасында босанып қойдым. Үш апта перзентханада жаттық. Үйге шығар кезде дәрігерлер "баланың көзі жетілмеген" деді. Ол сөзді түсінгеніммен, санам қабылдай алмады. Бір аптадан кейін келуіміз керек болды, бірақ түрлі жағдайларға байланысты екі аптадан соң бардық. Кейін бізді шұғыл түрде Алматыға жіберді. Алматыдағы дәрігерлер көмектесе алмайтындарын айтып, Екатеринбургке жолдама берді. Бірақ мен ақтаулық офтальмолог дәрігердің кеңесімен Санкт-Петербургке бардым. Ол жақта екі рет ота жасаттық. Біріншісі – бір айлығында, екіншісі – 8-9 айында болды", – дейді Гүлбану Ахметова.

Санкт-Петербург дәрігерлері 2023 жылдың қарашасында қайта келуді ұсынған. Алайда Айсұлтанның анасы бұл шешімнен бас тартқан.

"Питерге балаларын бес реттен артық апарған ата-аналарды көрдім. "Баламның көзін неге қайта-қайта шұқыта беремін?" деп ойладым. Кейін Үндістанда бір дәрігер туралы естідік. "Баланы бір емдегеннен көзі көріп кетеді, қайтып шақырмайды" деген соң, 2023 жылдың қарашасында сонда бардық", – дейді ол.

Кейін Гүлбану Ахметова баласын Алматыдағы бірнеше клиникаға көрсеткен. Алайда барлығы баланы емдеуден бас тартқан.

"2025 жылы Үндістаннан офтальмолог дәрігер келеді дегенді естіп, Алматыға тағы бардық. Ол кісі "көреді" немесе "көрмейді" деп нақты айта алмайтынын жеткізді. Қазір осындай күйдеміз. Германия сияқты басқа елдерге де апарғым келеді. Бірақ одан пайда бола ма, жоқ па, білмеймін. "Көзі осылай қалады" дегенді санам түсінеді. Бірақ барлық мүмкіндікті байқап көрмей тыныштала алмайтын сияқтымын", – дейді анасы.

Анасының айтуынша, Айсұлтан өзінің ерекшелігін әлі толық түсінбейді. Ол жарықты сезеді, бірақ нақты қаншалықты көретінін анық айту қиын.

Айсұлтан Базарбаев – отбасындағы екінші бала. Ағасы Нұрислам алты жаста. Әкесі Айдос Базарбаев такси қызметінде жұмыс істейді, ал анасы бала тәрбиесімен және үй шаруасымен айналысады. Гүлбану – 28 жаста, жолдасы – 29 жаста. Отбасы Ақтауға былтыр жазда көшіп келген.

"2020 жылы анам ауырып, өмірден өтті. Сол кезде қатты қиналдым. Анасыз қалудың қандай болатынын жақсы түсінемін. Бәлкім, содан кейін шыңдалған шығармын. Қазір балаларымды өмірге бейімдеп тәрбиелеуге тырысамын. Бала қандай қиындық болса да, өмірге бейім болуы керек", – дейді Гүлбану Ахметова.

Ол Айсұлтанды ешқашан өзгелерден кем көрмегенін айтады.

"Кейде үйдегілер "көзі көрсе, былай болар еді" деп айтып жатады. Бірақ мен "көзі көрмесе де, ойнап жүр, ешкімнен кем емес" деймін. Айсұлтанды ешқашан кемтар бала деп қабылдаған емеспін. Үлкен ұлыма қалай қарасам, оған да дәл солай қараймын. Қалыпты баланы қалай тәрбиелесем, оны да солай тәрбиелеймін", – дейді ол.

Гүлбану ана атанғаннан кейін өмірдегі басты жауапкершілік бала екенін түсінгенін айтады.

"Менен де қиын жағдайды бастан өткеріп жүрген аналар бар. Нағыз мықты жандар – солар. Өзімді ерекше мықтымын деп есептемеймін. Барлық мақтау Аллаға ғана лайық. Болашақтағы арманым – Айсұлтан өз күнін өзі көріп, қатарынан қалмаса екен деймін. Бізге қолдау білдіріп жатқан бүкіл Қазақстан халқына алғысым шексіз", – дейді Гүлбану Ахметова.

Ол сондай-ақ ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандарға ризашылығын білдірді.

"Мен үшін бала бір жасында "мама" деп анық айтуы керек сияқты көрінетін. Ал Айсұлтан сөйлемейтін, тек күліп, жылайтын. Осы сұрақтармен Алматы мен Ақтаудағы орталықтардың мамандарынан кеңес алдым, көп нәрсе үйрендім. Сол кісілерге үлкен рақмет айтамын", – дейді ол.

Қазір Айсұлтан Ақтау қаласындағы №1 мамандандырылған балабақшаға барып жүр. Анасының айтуынша, тәрбиешілері өте мейірімді, солардың арқасында бала балабақшаға тез бейімделген.

"Тәрбиешілерін жақсы көретіні соншалық, "бүгін балабақшаға бармайсың" десек, жылайды. Достары да көп. Ешқайсысы бөліп-жарып қарамайды", – дейді баланың анасы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Мамыр 2026 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары