Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Таяу Шығыстағы саяси ахуал шатқаяқтап тұр

Таяу Шығыстағы саяси ахуал шатқаяқтап тұр

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Хамасқа қысым күшейді

Кейінгі шабуылдарға қатысты ХАМАС пен Израиль бір-бірін кінәлаудан жалығар емес. Пікірлері қиыспай-ақ қойды. Израильдің аңдығаны ХАМАС. Санағаны тұтқындардың мәйіті. Өлгендердің сүйегін іздейміз деп, Газада қирамаған  жер қалмады. Десе де, есептің түгенделер түрі жоқ. 15-і тапсырылды. Әлі 13 адамның мүрдесі қайтқан жоқ. Мұны Израиль өзіне ұпай ретінде жинап, ХАМАС-ты тығырыққа тіремек. Таяуда ат басын Ақ үйден Израильге бұрған АҚШ вице-президенті де іс насырға шабатын болса, оған кінәлі ХАМАС деп кесіп айтты.

Израиль

Джей Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

- ХАМАС өзін келісім талаптарына сай ұстамаса, оған қарсы қолданылатын жаза қатаң. Қарулы топ қаруын толық тастауға тиіс. Олар келісім шарттарын қабылдады. Енді соған сай әрекет етуі керек. Осы мәселені бір жақты етпей, гуманитарлық көмекке қатысты жағдайды толық реттеу мүмкін емес.   

ХАМАС-қа қысым күшейді. Тіпті Дональд Трамп Газа секторына әскер жіберуге де әзір. Бұл туралы ол өзінің Truth әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ақ үй басшысы бұл ойын араб елдері қолдайтынын, өтініш жасаса ХАМАС-ты тізе бүктіруге өзге елдер де әскер жұмылдыруға қарсы емес екенін жазды. Десе де, бұл қай елдер екенін атын атап, түсін түстегені жоқ. Тек Индонезияға ерекше алғысын білдірді.

ЦИТАТА:

Таяу Шығыста аса құрметке ие біздің серіктеріміз егер ХАМАС келісім шарттарынан тайқитын болса, оларға қарсы Газаға қарай күш жіберу қажет деген ойымды қолдап отыр. ХАМАС оң шешім қабылдап, дұрыс әрекет етеді деген үміт әлі де бар. Бұлай болмаса, ХАМАС-қа қатысты шешім қабылдау тез әрі қатаң болады.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті

Катар Израильді айыптады 

ХАМАС-қа қысым күшейгенімен, Израильге тағылған қатаң айыптаулар азайған жоқ. Қақтығысушы тараптардың арасында араағайын елдің бірі Қатар әлі де Израильдің өткен айда Дохаға жасаған шабуылын ұмытпаған сыңайлы. Қатар әмірі, Израильге қатысты қатаң ұстанымда болса да, арағайындық жасауды жалғастыратынын айтты. 

Оның пікірін Түркия басшысы да қолдайды. Қазір Парсы шығанағында ресми сапармен жүрген Режеп Тайип Ердоған Қатар Әмірімен кездесу кезінде,, бұл келісімнің оңай жүзеге аспағанын, оның сақталуы маңызды екенін әр ел қаперінде  жақсы ұстау керек деді. 

Тәмим бен Хамад әл Тани, Катар әмірі:

- Израиль барлық заң мен талаптан аттап, қақтығысты реттеу туралы жауапкершілік алған елдің сеніміне сызат түсіріп отыр. Біз мұны мемлекеттік терроризм деп танимыз. Әрі Газада кейінгі 2 жылда болған оқиғаның салмағы геноцидпен тең. Әрі бұған алпауыт елдердің бей-жай қарайтыны өкінішті. 

Катар, Доха

Халықаралық соттың Израильге талабы бар 

Нидерланд, Гаага

Ал Халықаралық сот, Израильге Газа секторына кіретін гуманитарлық көмекті шектемеуді, керісінше оны ұлғайтуды міндеттеді. Осыған дейін, Израиль Таяу Шығыстағы Біріккен Ұлттар ұйымының палестиналық босқындарға көмек көрсету ұйымында ХАМАС өкілдері да бар деп, ұйым қызметін тоқтатып тастаған болатын. Бірақ оны Халықаралық сот жоққа шығарды.

Еуроодақ Газаға көмекті күшейтеді

Ал Еуропалық Одақ Газа секторын қалпына келтіру үшін, палестиналық донорлар тобын құрмақ. Бұл туралы Урсула Фон дер Ляйен, Еуроодақ пен Мысыр саммитінде айтты. Сондай-ақ алдағы уақытта Кәрі Құрлық Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен палестиналықтарды қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға ниетті. 

Сондай-ақ Еуроодақ Рафахта гуманитарлық көмек жеткізуге қатысты өзінің EUBAM атты миссиясын жүзеге асыру жоспары бар. Ол үшін әуелі Мысырмен дипломатиялық байланысты күшейтпек.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссияның төрағасы:

- Біз Палестина үшін донорлар тобын құруға дайындалып жатырмыз. Бұл топ халықаралық серіктестерді біріктіріп, реформаларды ілгерілету мен Палестина әкімшілігін қолдау ісінде бірлесіп жұмыс істейтін болады. Осылайша ол заманауи, нығайтылған және Палестина халқының игілігі үшін өз міндеттерін орындай алатын құрылымға айналады. 

Израиль кейінгі аптада Газа секторына 153 тонна бомба тасталғанын мойындады. Бірақ опат болған 44 адам үшін ақталған жоқ. Ал 2 жылдағы қақтығыс құрбандарының саны 70 мыңға жуықтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:243
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары