Текеліде экскаватор оқушыны басып кетті жүргізуші қамауға алынды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Текелі қаласында экскаватор мектеп оқушысын басып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода үш адамның жол қиылысында тұрғаны анық көрінеді. Велосипед мінген бала өтіп кеткен. Оның артынан рюкзак асынған қыз ілескен. Сол кезде оны шөміші бар экскаватор екі доңғалағымен басып өткен. Үшінші адам жолдан өтіп үлгермеді.
Жетісу облыстық полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Volvo маркалы экскаватордың жүргізушісі қиылыста жаяу жүгіншілер жолағында кәмелет жасқа толмаған қызды басып кеткен. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Техника жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















