Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

Жапон иені құлдырады

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Темірлан Анарбековтің бұрынғы командаласы оның болашағы туралы айтты

Таяу Шығыстағы қызыл таң

Таяу Шығыстағы қызыл таң

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әуелде әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты көшеге шыққан халық қарсылығының мәні саяси астарға ауды. Жаһан бақылап отырған дүрбелеңнің соңы қалай бітері әзірге беймәлім. Ал Тегеран билігі ішкі дағдарысты қандай жолмен шешпек?

Әлеуметтік жарылыс ұшқыны

Алдымен ереуілдердің неден басталғанын қысқаша сөз етейік. Талай мәрте өзін Таяу Шығыстағы ең басты алпауыт ретінде көрсеткенімен, Ирандағы дағдарыстардың тереңдей түскені кейінгі уақыттарда анық байқалатын. Көтеріліс алдында бұл елдегі инфляция деңгейі 42 пайыздан асып, иран риалы долларға шаққанда 1,42 миллионға дейін құнсызданып, антирекорд орнатты. Энергия көздерінің жетіспеуі бар, былтыр ең басты табиғи ресурс саналатын су тапшы болып, құрғақшылық жайлады. Осының бәрі халықтың әлеуметтік көңіл күйіне әсер етпей қоймады, ақыры жаңа жыл жақындаған тұста «жарылып кетті». 

– Иранда 2009 жылдан бері ереуілдер жиі болып жатыр. Әр кезде әртүрлі ұранмен, әртүрлі тақырыппен басталады. Мысалы, 2009 жылғы ереуілде сайлаудың нәтижесі әділетсіз болды деп, халық көтерілген. 2019, 2022 жылдары да ірі ереуілдер болды. 2022 жылғысы «хиджаб қозғалысы» деген атпен өтті. Халық 3-4 ай бойы көтеріліп, ел белгілі бір жетістікке қол жеткізгендей де болған еді. Өйткені хиджабты талап ету кейінгі жылдары азайып, ресми мекемеде, оқу орындарында киіп жүретін форма секілді болып қалды. 

Ал енді осы жолғы бас көтеру одан да үлкен саяси талаптарды қойып отыр. Негізі, ереуілдер әлеуметтік-экономикалық жағ­дайдан тұтанды – бағаның өсуі, гиперин­фляция, жұмыссыздық, су тапшылығының салдары, электр энергетикасын қатаң түрде  үнемдеу, осының бәрі Иран халқын көшеге алып шықты, соңы саяси талапқа ұласты. Яғни, билік мәселені шешуге қауқарсыз деген тоқтамға келіп отыр. 47 жыл бұрын орнаған исламдық жүйенің ауысуын қалап жүргендер көп. Халық тек биліктегі тұлғалардың орнына жаңа адамдар келуін емес, саяси режимнің, конституциялық жүйенің өзгергенін талап етіп отыр, – дейді ирантану­шы, журналист Қуанышбек Қари.

Ал саясаттанушы, халықаралық сарапшы Жанат Момынқұлов Ирандағы экономикалық дағдарыстардың әлдеқашан саяси дағдарыс­тарға ойысып кеткенін айтады. Бұны ереуілдерге бастамашыл болған таптардың өзгерісінен байқай аламыз. 

– Бұрынғы ереуілдерге көбіне кедей жұмысшы табы мұрындық болса, қазіргі шиеленістерге кәсіпкерлер, жастар мен орта тап өкілдері көп қатысып жатыр. Бұл Иран қоғамының «қайтуы мүмкін емес қызыл сызыққа» жақындағанын білдіреді. Саяси даму моделі тоқырауға ұшырады, ба­тыспен түсінісе алмаған теократияның дүниетанымы тығырыққа тіреліп, басқару ресурстары әлсіреді. Меніңше, діншіл клерикалдардың саяси билігі ел ішінде де, аймақта да прагматик саясат жүргізіп отырған жоқ. Иран шииттік идеологияға арқа сүйеген «революция арқылы құрылған ислам республикасы» ретінде Таяу Шығыста тым үлкен күш пен шығынды қажет ететін тиімсіз, тіпті зиян аймақтық саясат жүргізіп келді. Араб елдерінің дені Иранды дұшпан ел көреді. Былтыр Израиль мен АҚШ-тың атал­ған елге жасаған әскери-ақпараттық шабуылы және Иранның аймақтағы прокси одақтас­тарын әлсірету операциялары, Трамптың ирандық жастарды моральдық, ақпараттық қолдауы осы көтерілістердің толастамай күрделене түсуіне себеп болды. Ирандықтар осы акциялар арқылы өз бас­шы­лары жүр­гізген ішкі, сыртқы саясатқа наразы­лы­ғын білдіріп отыр. Сондықтан бұл жерде жалпы саяси, экономикалық жүйенің, дипломатия­ның реформалануын қалайтын халықтың үні жатыр. Иран халқы демокра­тиядан бұ­рын соншама ірі мүмкіндік­терге ие қоғам­ның кедейленуіне қарсы, – дейді Жанат Момынқұлов.

Қазір Ирандағы ереуілдерді билік күшпен басуға тырысып жатқанын жаһандық БАҚ сәт сайын хабарлап отыр. Дегенмен толқу­лардан көбірек ақпарат алу әлі де қиын болып тұр. Себебі билік көп жерде интернетті өшіріп, байланысты шектеген. Халық Starlink интернетін қолдануға тырысып жатқанымен, билік оны да шектегені айтыл­ды. Мысалы, Иран үкіметі кеше жүздеген дана интернет таратушы құрылғылар тәркі­ленгенін жариялады. Ал ғаламторда бұған дейін тараған бейнежазбалардан ереуіл­шілердің тым көп екенін, зардап шеккендер­дің де барын байқадық. Наразылар Ирандағы билік режимінің өзгеруін, аятолла Әли Хаменеидің биліктен кетуін талап етуде. 

– Иранда жүргізушілердің, зейнеткерлер­дің, зауыт жұмысшыларының ұсақ наразы­лықтары да болып келді. Бірақ ірі масштабта­ғысы ретінде 2022 жылғысы мен биылғы тол­қуды айта аламыз. Енді билік көтеріліс­шілерге қарсы оқ атып, қақтығыстарға ұласқанын көріп отырмыз. Қаза тапқандар мен ұсталғандардың саны әзірге нақты емес, дегенмен мәйітханалардың толғанын, жа­ра­ланғандарға дәрігерлер көмек көрсетіп үлгере алмай жатқанын естідік. Яғни, шығын көп тәрізді, – деді ирантанушы Қуанышбек Қари.

Жарты айдан астам уақыт бойы өтіп жатқан көтерілістерде 2 мыңнан астам қаза тапқанын 13 қаңтарда Reuters хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, Тегеран көтерілісті күшпен басу кезінде көп адам қаза тапқанын алғаш рет мойындап отыр. Тіпті, Ирандағы парламент депутаты Мохаммадреза Сабагиан билікті халық талабын орындауға шақырған.

Бұл уақытта CNN телеарнасы Тегеранға жақын маңдағы мәйітхана қара қапқа салынған мәйіттерге толғаны туралы жазды. Бас кеңсесі АҚШ-та орналасқан HRANA адам құқықтарын қорғау ұйымының дере­гінше, Кахризак медициналық орталығындағы уақытша мәйітханада шамамен 250 адамның сүйегі жатыр. Ұйым дерегінше, наразылық басталғалы бері 10 721 адам ұсталған. Әйтсе де, бұл деректер сағат сайын жаңарып, өзгеріп жатқанын ұмытпаған жөн.

Санкция салдары

Иран билігі елдегі жағдайдың «бақылауда» екенін айтып, сыртқы күштерді айыптаумен әлек. Мәселен, Иран президенті Масуд Пезешкиан наразылыққа шетелмен байланысы бар «террористерді» айыптады. Пезешкиан АҚШ пен Израиль Иранда «хаос пен тәртіпсіздік жасауға тырысып жатыр» деп мәлімдеген. Иранның рухани көсемі, елдегі билікті уысында ұстап отырған Әли Хаменеи 9 қаңтарда наразыларды «АҚШ президентіне жаққысы келген басбұзарлар» деп айыптаған. 

Қуанышбек Қаридың сөзінше, ереуілдерге Иран билігінің халықты шектен тыс қысуынан гөрі, мемлекеттің халықаралық санкция­лардың шырмауында қалуы көбірек себеп болып отыр. Өйткені санкциялардан соң елде әлеуметтік мәселелер туындай берген. 

– Иранның санкцияға ілігуіне Палестина, Ливан, Йемендегі қарулы күштерді қолдауы да себеп. АҚШ пен Еуропа елдері Иранға осы қолдауын доғарсын деп отыр. Бұған қоса, Иран ядролық бағдарлама жолында жұмыс істеп жатыр. «Бейбіт мақсатта пай­да­ланамыз» дегенмен, кәрі құрлық елдері оған сенбейді, ядролық қаруға қол жеткізеді деп қауіптенеді. Осы санкциялардан кейін 90 млн халықтың әлеуметтік мәселесін шешу билік үшін проблемаға айналды, – деп топшылады ирантанушы.

Халық бас көтеріп жатқан тұста нара­зылықтарға қатысты риторика да күшейе түсті. Мысалы, 1979 жылы биліктен қуылған Шах әулетінің бұрынғы мұрагері, қазір Амер­и­­када өмір сүретін Реза Пехлеви на­разы­лық білдірушілерді тек митингілермен шек­телмей, қалалардағы маңызды нысан­дар­ды басып алып, ұстап тұруға дайындалуға ша­қырды. Ал Иран билігі акцияларға қатысушыларды өлім жазасымен қорқытып келеді. 

– Ел көшеге шығудан аянған жоқ, билік те жаныштаудан қайтпай келеді. Бұрынғы ереуілдерді билік лезде басып-жаныштап тастайтын, ал осы жолы бірден тойтара алмады. Көтерілісшілердің саны көп, бұған қоса, сырттан моральдық қолдау тапты. Бұл қолдауды кезінде Ираннан қуылып кеткен соңғы шахтың баласы Реза Пехлеви көрсетті. Кезінде халық Шах режимін осын­дай ереуілдермен құлатып, қуып жібер­­се, енді 1979 жылы орнаған ислам жүйесінің одан сорақы болғанын көріп, басқа биліктің келгенін қалап отыр. Балама билік ретінде қазір оппозиция саналатын Реза Пехлевиден басқа ешкім жоқ. Қазір оның үндеуі мен шақыртуларына халық құлақ асып отыр. Әрине, бәрі қайтадан бұрынғы Шах режимін қалап отыр дей алмаймыз, бірақ ел қазіргі исламдық жүйеден қажыды, – деді Қуанышбек Қари.

Қазір Ирандағы жағдайға қатысты қауесет аз емес. Өткен аптада билік басқа нұсқа­ларды қарастырып жатқанын, яғни наразылық тоқтамаса, өзге елдерге қашу жос­парын жасап жатқаны жөнінде ақпа­рат­тар тарады. Тіпті, Иран билігі ондаған тон­на алтынды ұшаққа салып, Ресейге жөн­ел­тіп жіберген-мыс. Алайда бұл нақты­лан­ған ақпарат емес. Десе де, Қуанышбек Қаридың айтуынша, өткен аптада ирандық БАҚ Ресейден 5 жүк таситын ұшақтың келіп қонғанын хабарлаған. Онда әскери ұшақтардың қосалқы бөлшектері болғаны айтылыпты. Шындығын анықтау қиын, қауесет көп. Тіпті, аятолланың өзін елден кетіпті деген жаңалықтар тарады. 

– Иә, бұл жолы билік шын үрейленді. Осыған дейін президенті жұмыстанып көрді. Бірақ жоғарғы билік аятолланың қол­ында. Ол үшінші күштерді, халықтың өзін де кінәлап отыр. Осы жолы билік құлай қоймас, алайда шегіне жетіп қалған іспетті. Бұл жолы құламаса, алдағы толқуларда құ­лауы мүмкін. Халық діни жүйені қаламай­тын жағдайға жетті. Себебі қоғамға берер пайдасы аз екенін көрді. 1979 жылы Шах режимін қуған кезде діни режим орнады, халық сенді. Енді сол сенім аяққа тапталып, ел билікке қарсы күре­сіп жатыр. Халық зайырлы қоғамның құрылуын қалайды. Яғни, демократияны қалаған болып саналады. 90 млн халықты бұлай басып-жаныштау тек наразылық тудыра бермек, – дейді ирантанушы.

Иран келешегін сыртқы күштер реттей ме?

Ендігі мәселе – Ирандағы наразылықтарға сыртқы күштер араласа ма? Қазір кәрі құр­лық елдері ирандық елшілерді шетке ысырды, дипломаттардың өз ғимараттарына кіруіне тыйым салды. Бұл тұста АҚШ Президенті Дональд Трамптың мәлімдемелері назар аудартады. 11 қаңтарда АҚШ билігі Ирандағы наразылықты басып-жаншып жатқан би­лік­ке қатысты «қатаң шаралар» қабылдауды қарастыратынын мәлімдеді. Трамп Иран басшылығының Вашингтонмен келіссөз өткізуге ниетті екенін де қоса айтқан.

Бір күннен кейін Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Трамп пен амери­калық шенеуніктердің сесінен кейін Тегеран «келіссөзге де, соғысқа да дайын» деп мә­лімдеді. Бірақ келіссөздер әділ өтуі керек екенін ескерткен.

Бұдан кейін АҚШ басшысы Иранмен сау­да жасасқандарға 25 пайыз салық сала­тынын жеткізді. 14 қаңтарда Трамп бұл та­­қырыпқа қайта оралды. Иранда қаза тауып жатқандардың көп екеніне тоқталған ол, жақын аралықта Тегеранға қарсы қандай шаралар қолданатынын нақтыламақ. Бұл шаралар қандай түрде болуы мүмкін, әскери бағытта ма, әлде экономикалық қысыммен өрби ме? 

– Вашингтон Ирандағы дағдарысқа тікелей әскери күш арқылы араласа қоймай­тын секілді. Трамптың кейінгі мәлімдеме­лері – саяси және психологиялық қысым тетігі. АҚШ Иранға қарсы әскери операция­дан гөрі санкциялар, дипломатиялық оқ­шау­лау және ақпараттық қолдау арқылы ықпал етуді жөн көреді. Толыққанды соғыс сценарийі аймақ үшін де, АҚШ үшін де тым қауіпті. Сырттан агрессия болса, билік қо­ғамды өзінің маңайына топтастырады. Десе де, АҚШ Иранның қатаң позициясын жұмсарту бойынша саяси элитамен келіссөз жүргізуі немесе әртүрлі қысымдар көрсетуі ықтимал, – дейді саясаттанушы Жанат Момынқұлов.

Халықаралық сарапшының сөзінше, алдағы кезеңде оқиға бірнеше сценариймен өрбуі мүмкін. Біріншісі, билік үшін қолайлы нұсқа – күш қолдану арқылы наразылықты уақытша басып, режимді сақтап қалады. Діни сипаты бар бұл терең саяси идеология оп-оңай жойылмайды.

Екіншісі, дағдарыстың күрделенуі – Трампт­ың моральдық қолдауымен наразылық жиілеп, элитаішілік бөліністердің көбейеді. Қазірге дейін мұндай жіктеліс болған жоқ. АҚШ тиімді кибер-әскери операция арқылы Иранның нақты әскери шенділеріне соққы жасап, режим билігіне ықпал етуді көздеуі мүмкін. Ирандағы реформаторлар Трамппен саяси режимнің қандай болатыны туралы келісуі мүмкін.

Ал ең соңғы нұсқа – билік наразылықты біршама жаншып алған соң, сыртқы күштер қысымымен жабық мәмілеге келіп, «саяси-экономикалық жеңілдіктер жасау» бағытында «реформалар пакетін» жасап, оң өзгерістерді уәде ету арқылы уақыт ұтуға тырысады. Алда Хаменеидің орнына басқа діни лидердің кандидатурасы талқыланып, ашық айтыла бастауы ықтимал. 

Демек, саяси өзгерістер болмайынша Иран бұрынғы қалпында қала алмайды. Санкция салдарынан болатын экономикалық құлдырау, қоғам қысымының артуы, саяси сенімнің жоғалуы алдағы кезеңде тағы да ереуілдердің басталуына алып келуі ықтимал. 

Осы тұста ирантанушы Қуанышбек Қари АҚШ Иран халқын қолдап отырғанын, бірақ бұл халықаралық құқық бойынша ішкі іске араласу болып саналатынын алға тартты. 

– АҚШ Иран билігімен ядролық бағдарлама бойынша бітімге келе алмады. Таяу Шығыстағы қарулы топтарды қолдауын тоқтату туралы АҚШ-тың талабын Иран орындамай отыр. Сол қарулы топтарға бөлінген миллиардтаған доллар да халықтың ереуіліне себепші. Қазір 

«Керек емес, Газа, Ливан,

Жанымды қидым саған, Иран!» деген ұрандар айтылып жатыр.

Соғыстың болуы, азаматтық соғыстың тұтануы секілді мәселелердің ауылы әлі алыс сияқты. Егер қазіргі діни билік құлар болса, халық референдум арқылы өздеріне ұнайтын жүйені таңдап алады. Менің ойымша, соғыс бола қоймайтын секілді. Діни билік кетсе, олардың ықпалы шектеледі. 1979 жылға дейін Иран батыстық даму үлгісін көрді. Зайырлы қоғамды дамыту бойынша тәжірибесі бар. Осынша жан беріп, қан төгіп жеткен жетістігін соғыс үшін саудаламайтын шығар, – деп түйіндеді сарапшы.

Сонымен, Таяу Шығыстағы жағдай сәт сайын құбылып отыр. Бірақ ақыры қалай боларын ешкім дөп басып айта алмас. Түрлі болжам мен сценарий бар. Нәтижесі қалай боларын уақыт көрсетер.

Мадияр ТӨЛЕУ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл жазда егіс алқаптарындағы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін

13 Қаңтар 2026 12:00see112

Көктайғақ, тұман, боран: Астана мен 13 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

13 Қаңтар 2026 22:38see112

Жезқазғанда театр ғимараты өртенді

14 Қаңтар 2026 00:03see112

Pantone 2026 жылдың негізгі түсін атады фото

13 Қаңтар 2026 19:31see108

Қазақстан энергия тапшылығына ұрынған ел мәртебесінен қашан арылады министр жауабы

14 Қаңтар 2026 17:55see107

Қазақстан КТК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты

13 Қаңтар 2026 12:45see107

БҚО да сальмонеллезбен ауырғандар саны екі еседен астамға өсті

13 Қаңтар 2026 14:38see106

Құдағиымның сыйлығына рақмет : Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы өзінің алғысын жеткізді (ФОТО)

13 Қаңтар 2026 17:26see106

KASE: доллар бағамы сәл қымбаттады

14 Қаңтар 2026 16:02see106

Тараз футбол клубы Премьер лигаға оралатын болды

13 Қаңтар 2026 10:10see106

Дохадағы турнир: қазақстандық тениисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды

13 Қаңтар 2026 14:38see106

СҚО да қатты аязға байланысты жедел штаб жұмыс істеп жатыр

14 Қаңтар 2026 16:02see106

Ақтауда XXI ғасыр көшбасшысы cайысының аймақтық кезеңі қорытындыланды

13 Қаңтар 2026 14:25see105

Жапон иені құлдырады

13 Қаңтар 2026 21:11see105

Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген : Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

14 Қаңтар 2026 10:03see104

Асылхан Асан фристайл акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

13 Қаңтар 2026 12:00see104

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

14 Қаңтар 2026 09:18see104

Ресейлік комментатор қазақстандық жас хоккейшілерді дөрекі түрде балағаттады

13 Қаңтар 2026 15:50see104

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

14 Қаңтар 2026 22:38see103

Темірлан Анарбековтің бұрынғы командаласы оның болашағы туралы айтты

13 Қаңтар 2026 22:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары