Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Алаш арысының адал жары

Алаш арысының адал жары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алаш арыстарының өміріне зер салсақ, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп күн болуды мақсат тұтқан ұлт зиялыларының көпшілігі бірнеше саланың тізгінін қатар ұстаған бес­аспап маман болғанын көреміз. Қошке, толық аты Қошмұхамбет Кемеңгерұлы да лингвистика, драматургия, агрономия, химия, тарих, т.б. салаларда көптеген еңбек жазған майталманның бірі еді. Оның жазушылығы мен журналистік қызметінің өзі – бір төбе. Алдымен «Бала­пан» журналын, кейін «Жас азамат» газетін ұйымдастырушылардың бірі болды. Редактор қызметін де атқарды. Бұл Алаш қозғалысы жастарының үні дерлік ұлт басылымы еді. Оның бетінде Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Смағұл Садуақасұлы, Ахмет Жанталин, Мұхтар Әуезов, Бекмұхамед Серкебаев сынды қалам иелерінің мақалалары жарияланып тұрды. Сондай-ақ Мағжан Жұма­байұлының «Мен жастарға сенемін» атты әйгілі өлеңі газеттің үшінші нөмірінде тұңғыш рет жарық көрді.

Бар-жоғы 41 жыл ғана өмір сүрген Қошке Кемеңгерұлын ұлт қайраткері ретінде тарихта қалдырған зор еңбегінің бәрі – оның 34 жасқа дейін жасаған істері. Ал кейінгі 7 жыл өмірі қуғын-сүргінде өтті. 1930 жылы «кеңес өкіметіне қарсы әрекет етті» деген айыппен сотталып, алдымен екі жыл Алматы абақтысында, кейін ішкі Ресейдің Валуйки жерінде айдауда өткізді. Жаза мерзімін толық өтеп, туған жері – қазіргі Ресейдің Омбы облысына қайта оралған соң, 1937 жылдың аяғында екінші мәрте тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Үкім сол жылы 21 қарашада орындалған.

Ұлт қайраткерінің шөбересі, Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгердің айтуынша, атасы соңғы рет тұтқындалған кезде Гүлсім Жәмиқызы 33 жаста ғана болған екен. Кәмелетке толмаған үш баласын ертіп, атақонысы Қаржас ауылына барғанда жерлестері бұл жолы құшақ жайып қарсы алмапты.

«Ағайындары да Қошке атамызға тағылған «халық жауы» деген айыптан қорқып, үйлеріне кіргізбей қояды. Иә, ол уақытта «Кемеңгеров» деген фамилиясы бар адамдармен араласу аса қауіпті еді. Осындай қиын кезде далада қалған отбасына жанашырлық танытқан бір адам болды. Ол атамыздың немере ағасы Әлмағамбет Ташмағамбетұлы еді. Ауылдастары оны Әлең деп атайтын. Өзі де кәмпескелеу науқанында «ауқатты байсың» деген жаламен 1929–1932 жылдары Сібірге айдалып келген кісі болатын. Сонысына қарамай: «Менің басым Қошкенікінен ардақты емес», деп бауырының далада қалған отбасын үйінің бір бөлмесіне кіргізіп алады», дейді ол.

Сол күннен бастап Г.Жәмиқызы үш баласымен Әлеңнің көпбалалы отбасымен бірге өмір кеше бастайды. Дегенмен «жұт жеті ағайынды» демекші, 1942 жылы бұл отбасының басына тағы да қара бұлт үйірілген еді. Ауылда сабан астына жасырылған жарты қапшық бидай табылады. Әлгі қапшықта «Т. А.» деген жазу бар екен. Яғни бұл Әлмағамбетке тиесілі қап еді. Бірақ бұған дейін бір рет айдауда болып келген Әлең екінші рет сотты болса, атылып кету қаупі ­туындайды. Содан ауылдың клубында ұйымдастырылған ашық сотта Гүлсім Жәмиқызы кінәні өз мойнына алып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын арқалап, Сібірдегі лагерьге айдалып кете барған.

«Мен 90-жылдары сол сотқа қатысқан Тұрар Жұманбайқызы есімді нағашы апамызбен кездестім. Қошке атамыздың ұлы Нарманбет оның қызы Қапизаға үйленген. Соттың қалай өткенін Тұрар апамыз бізге баяндап берген еді. Ауылдың қолы ұзын атқамінерлері Гүлсім әжеме: «Маған тұрмысқа шықсаң, істі сотқа жібермеймін», деп ұсыныс та тастапты. Тағылған жаланы мойындаса да, мо­йындамаса да кінәлі болып қалатынын сезген «халық жауының әйелі» болып жүрген қайратты ана алған райынан қайтпай, бидайды өзі ұрлағанын айтады. Жарты қап бидай үшін бес жылға сотталып, залдан шығып бара жатқанда қатты да­уыстап жылаған екен. Сол кезде жиналған жұрттың бәрі шыдап тұра алмай оған қосылып жылайды. Әйелдердің бірі сары майы мен құртын, екіншісі киімін беріп, амандықпен көрісуге жазсын деп қоштасқан деседі. Ал әжеме жастары есейіп қалса да, балаларынан тірідей айырылу бәрінен ауыр тиген. Бұл 1942 жылдың ызғарлы 9 желтоқсаны еді», дейді Қайырбек Кемеңгер.

Гүлсім Жәмиқызы ГУЛАГ жүйесіне қарасты лагерьлердің бірі – Свердлов облысындағы «Волчанстройда» жазасын өтеген. Сібір орманы арасында ағаш кесіп, күні-түні еңбек етеді. Ұрпақтарының қолында оның үлкен қызы Зайра Қошке­қызының анасы тұтқындалған күні өз қолымен жазған «Анаға арнау» атты өлеңі сақталған. Әкесінен бес жылдан бері хабар-ошарсыз қалып, оның үстіне анасынан айырылып, тағдыр тауқыметін тартқан қыз ішіндегі сағынышы мен қайғысын ақ қағаз бетіне түсірген:

«Құлыптаулы қамауда,

Жатырсың ба жабығып.

Қайғыменен өткен соң,

Өміріңе қамығып.

Келешек, шіркін, белгісіз.

Бұлдырайсың сағымдай.

Ақ көңілің еш кірсіз,

Болды ма улы жалындай?

Кең жайлауда ішкен су,

Қазы, қарта ол болар.

Тас қамауда өткен күн,

Қара түнге тең болар».

«Зайра апамыздың өлеңдерін жазып отырған ескі дәптері қазір біздің қолымызда. Анасы тұтқындалғаннан кейін тура бір жыл өткенде, 1943 жылдың 9 желтоқсан күні «Бір жыл болды» деген тақырыппен екінші өлең жазыпты. 1944 жылы 9 желтоқсанда «Екі жыл болды» деп анасына арнаған өлеңін тағы жазады. Оқып отырсаң, жас қыздың анасы мен әкесіне деген сағынышы, қасіретті жылдардың көрінісі көз алдыңа келеді», дейді Қайырбек Кемеңгер.

Бірде балалары Сібірдегі еңбек лаге­рінде жүрген аналарына ауылдың құрт-майын салып, сәлемдеме жібереді. Сыртында балаларының аты жазылған сәлемдемені қолына алған Гүлсім ана оны ашқанша қатты толқиды. Бірақ ашады да абдырап отырып қалады. Іші толған түкке тұрғысыз құм мен сабан екенін көргенде сәлемдеменің жол-жөнекей тоналғанын тү­сініп, отырған жерінде еңіреп жылайды.

«Әжеміз өте қайратты кісі болатын.­ Біз оның сол лагерьден қалай тірі қайтқанына таңғаламыз. Бірақ ол барлық қиындықты көтере білді. Біздің отбасымызда айтылатын мынадай әңгіме бар. Қошке атамыз 1937 жылы ұсталып, түрмеде жатқанда әжемізге: «Сен әлі жассың. Егер мен олай-бұлай болып кетсем, өзіңнің теңіңді тап. Балалар өз күндерін көреді. Мен сені қидым. Біреудің етегінен ұстаймын десең, қарсы емеспін, ризашылығымды бердім», деген екен. Бірақ әжеміз қанша қуғын-сүргін көрсе де, Сібірде айдауда болса да, Қошке атамызға деген адалдығын өмір бойына сақтап өтті. Одан кейін екінші рет тұрмысқа шыққан жоқ. 1946 жылы лагерьден қайтып келген соң, балаларымен қайта қауышып, өсіріп-жетілдіріп, немере, шөбере сүйді. Әжеміз 1988 жылы 84 жасында өмірден озды», дейді Қ.Кемеңгер.

Гүлсім Жәмиқызының күйеуіне деген адалдығы мен махаббатының тағы бір белгісін мына жайттан көреміз. Қошке Кемеңгерұлы 1958 жылы ақталғаннан кейін ол Алматыға барып, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Ф.Кәріпжанов, Тіл және әдебиет институтының қыз­меткерлерімен жолығып, 1965 жылы жолдасының көркем шығармалары топтастырылған «Алтын сақина» атты шағын кітапшасын жарыққа шыға­рады. Алайда кітапша шыға салысымен тәркіленіп, сатылымнан алынған. Оның себебі – Қошке Кемеңгерұлы азаматтық тұрғыдан ақталғанымен, Алаш қозғалысына қатысты болған соң, мұрасы шығармашылық тұрғыдан әлі ақталмаған еді.

«Гүлсім әжеміз 1988 жылы өмірден озды. Сол жылы «Қазақ әдебиеті» газе­тінде әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Рәзия Рүс­тембекованың «Қаламгер Кемеңгеров» деген мақаласы жарық көрді. Мақала газетте басылмай алты ай жатты. Оның авторы Гүлсім әжеміздің сырқат екенін айтты. Көзі тірісінде ол кісі мақаланың шыққанын, жұбайының толық ақтал­ғанын көріп кетсін деп өтініш қылды. Алайда тағдыр оған жазбады. Қошке Кемеңгерұлы мұрасын зерттеуге жол ашқан бұл мақала қолымызға тигенде біз ауылда Гүлсім әжеміздің қырқын беріп жаттық. Осылайша әжеміз жолдасының толық ақталғанын көре алмай кетті», дейді шөбересі.

Айта кетсек, биыл Қошке Кемеңгер­ұлының туғанына 130 жыл толады. Осыған орай сәуір айында «АЛЖИР» музейінде республикалық конференция өтті. 26 мамырда Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде дөңгелек үстел, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Софиевка ауылында қайраткердің ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырылды. Астана қаласындағы Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия да мерейтойдан тыс қалған жоқ.

«Мен 30-40 жылдарда қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының өздері ғана емес, олардың аяулы жарларының да тағдыры кейінгі ұрпаққа өнеге екенін үнемі айтып жүремін. Олар жұбайларының басына түскен қиыншылыққа да, талай тағдырды тәлкек қылған тауқыметке де шыдап, темірдей төзімділік танытып, шаңырақтарын сақтап қалды. Қазір, өкінішке қарай, кішігірім кикілжіңге бола ұрыс-керіс шығарып, ажырасып, отбасын ойран қылып жататындар аз емес. Осындайда азалы жылдарда адалдығы мен адамгершілігінен айнымаған аналарымыздың қайсарлығы мен ар-ожданын бүгінгі ұрпаққа үлгі еткің келеді. Олар әлі де көбірек насихат­талуы керек. Жастарымызға сол аналардың бас­тан кешкен тағдырын емес, өмірлік тағылымын берсін», дейді Қайырбек Кемеңгер.

«АЛЖИР» мемориалды музей кеше­нінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында ашылған көрмеден Гүлсім Жәмиқызының қолының табы қалған жеке заттарын арнайы барып көріп қайттық. Жамалын жылдардың әжімі басқан ыдыстары, қара шәлісі, қол сөмкесі, дорбашасы мен айнасы терең тарихты бойына бүккені байқалады. Түртіп қалсаң, тіл бітіп сайрай жөнелердей. Азапты жылдардың ауырпашылығын тартса да, ардақты азаматына, отбасына деген адалдығы мен ар-абыройын сақтаған қазақ қызының жаралы тағдыры көз алдымыздан кинолентадай болып көлбеңдеп өтіп жатты...

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Мамыр 2026 14:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see151

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see150

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see149

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see147

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see145

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see145

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see137

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see131

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see128

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see128

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see128

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see125

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see122

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see121

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see120

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see120

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see118

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see116

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see116

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары