Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Бейнежазбадан
Атақты футболшылардың жейделері ұсынылған инсталляция Венгрия астанасының орталығындағы әйгілі Батырлар алаңында орналасқан.
Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Әлімжан Асқар әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, көрмеде Давид Луис, Иван Перишич, Кевин де Брюйне секілді танымал футболшылардың жейделерімен қатар Дастан Сатпаевтың да қолтаңбасы қойылған жейдесі қойылған.
Айта кетейік, 17 жастағы ұлттық құрама шабуылшысы 2025-2026 жылғы еурокубок маусымында тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол 2025 жылдың қарашасында даниялық «Копенгаген» қақпасына гол соғып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде топ жарған алғашқы қазақ футболшысы атанды.
Сонымен қатар Сатпаев турнир тарихындағы ең жас гол авторларының қатарына енді. Жас көрсеткіші бойынша ол тек «Барселона» ойыншылары Ансу Фати мен Ламин Ямальға жол береді.
Еске сала кетейік, биылғы Чемпиондар лигасының финалында франциялық ПСЖ мен лондондық «Арсенал» командалары кездеседі. Шешуші матч 30 мамыр күні дәл осы Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 11:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















