Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Лондондағы Мисс Кәусар

Лондондағы Мисс Кәусар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Біздің назарымызды аударған Кәусар 2012 жылғы 2 шілдеде Қызыл­орда қаласы Тасбөгет кентінде дүниеге келіпті. Оның ата-анасы – журналистер Ғалымжан Қараманұлы мен Марина Бекенова. Қазір олар отбасымен Ұлыбританияның Лондон қаласында тұрады. Қағылез Кәу­сар ағылшындар астанасында мек­теп табалдырығын аттаса да, қазақылықтан жазбай, ана тілін майын тамыза сөйлейді.  

Кәусар ағылшын тілін ерте жастан меңгеріпті. Оның әкесі қазақ балалары да халықаралық тілде сөйлеп үйренсін деген оймен осы бағдарламаны жоба ретінде ұсынғанын білдік. Қаршадай қыз 7 жасынан бастап, балаларға жаңа сөздерді, тіркестерді қызықты форматта жеткізе білді. «Miss Kaussar» жобасының ең маңызды жетістігі – кішкентай балаларға өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға, өзгелерге үлгі болуға мүмкіндік беруі. Бұл жоба балаларға ұлы Шекспир тілін қызықты әрі жеңіл форматта үйренуге көмектесіп қана қоймай, оларды ашық сөйлеуге, өз ойын қорықпай айтуға, жаңа нәрсені үйренуге ынталандырады», дейді ол.

Оның айтуынша, ол бала­лардың ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, ана тілін де мақтан тұтқанын қалайды. Әлемге ашық болу өте маңызды, бірақ сол жолда өз болмысыңды, тіліңді және ұлттық құндылықтарыңды жоғалтпау одан да маңызды.

«Болашақта менің жобам балаларға білімге қызығушылық танытып, өз арманына батыл қадам жасауға көмектессе, бұл маған үлкен жетістік болар еді. Жобаның басты құндылығы − балаларға білімнің қызықты бола алатынын көрсету. Егер бала экраннан өзіне жақын, түсінікті әрі шабыт беретін бейнені көрсе, оның оқуға деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Мұндай жобалар жас ұрпақты үлкен армандарға жетелейді, өз қабілетіне сенуге, болашаққа батыл қарауға үйретеді», дейді Кәусар. 

Кәусар болашақта ағылшын тілінің мұғалімі болғысы келеді. Ол өзінің шетелде жинаған тәжірибесін қазақ балаларымен бөлісуді армандайды. Сонымен қатар ол сән саласына да назар аударып жүр. Оның сән әлеміне деген қызығушылығына Біріккен корольдік Патшайымы ІІ Елиза­вета отбасының талғампаз стилі әсер етіпті. Олардың үнемі әдемі, жинақы әрі жарасымды киіну үлгісіне қатты қызығушылық танытыпты. «Маған киім арқылы адамның мінезі, талғамы және  өзін ұстау мәдениетін тануға болатындай әсер қалдыратын. Сол кезден бастап сәнге жай ғана әдемі киіну емес, өзін-өзі танытудың ерекше бір жолы  ретінде  қарай  бастадым» , дейді ол.

Кәусар кейде Лондонда өткен мәдени іс-шараларға қатысып, жұртшылығына ұлтымыздың киім мәдениетін таныстырады. Олардың өтінішімен қазақ тіліне қызығатын шетелдіктерге тіл үйретеді. Осындай жан-жақты дамып келе жатқан жеткіншекке «арманыңа жет» деген ақжарма тілек айтқымыз келеді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Мамыр 2026 13:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары