Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Таяу шығыстағы қақтығыс: Дубайда жағдай тұрақты

Таяу шығыстағы қақтығыс: Дубайда жағдай тұрақты

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұл туралы Дубай қаласынан тікелей байланысқа шыққан travel-блогер Ғабит Қаматай Jibek Joly арнасындағы «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

- Қазіргі уақытта Дубай қаласында жағдай тұрақты. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттар мен бейнежазбалар 28-ші ақпан күнгі оқиғалар. Ал 1-ші наурыздан бастап жағдай біртіндеп қалыпқа келіп, 2-ші наурызға қараған түн тыныш өтті. Жалпы ахуал жақсарып келеді. Қазіргі таңда алаңдауға негіз жоқ. Алдағы күндері әуе қатынасы толық реттеледі деген үміт бар. Алдын ала мәліметке сәйкес, рейстер ертеңнен бастап кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Әуе жолдары қалпына келтірілген соң елге ораламыз, - деді Ғабит Қаматай.

Отандасымыздың айтуынша, қазіргі уақытта БАӘ-де тек байланыс тұрақсыз. Бірқатар әлеуметтік желі уақытша жұмыс істемей тұр. Осыған байланысты тұрғындар жақындарымен елдің арнайы қосымшалары арқылы хабарласып жатқаның мәлімдеді.

- Қала аумағында әлеуметтік желілерге уақытша шектеу қойылған. Атап айтқанда, WhatsApp пен Telegram желілері бұғатталған. Осыған байланысты жергілікті жерден байланысқа шығу үшін Botim және Comera қосымшаларын пайдалану ұсынылады. Туыстарымен хабарласқысы келген азаматтар аталған қосымшаларды жүктеп, хат жіберіп, қоңырау шала алады, - деді travel-блогер.

Осы тұста Ғабит Қаматай Дубайға саяхаттап барып, елге қайта алмай қалған азаматтарға елшілік тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын да айтты.

- Қазақстан Елшілігі алғашқы күннен бастап белсенді жұмыс жүргізуде. Арнайы Telegram және WhatsApp топтары ашылып, жедел ақпарат таратылуда. Дубайда қалған қазақстандықтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда, медициналық көмек ұйымдастыру, қонақүйге орналастыру және елге қайтару мәселелері бақылауға алынған, - деді ол.

Мұнан бөлек, Jibek Joly арнасындағы «Бүгін live» бағдарламасына ресми турагент өкілі Назгүл Тұрысбекова да сұқбат берді. Турагенттің айтуынша, шетелде қалған туристерге барлық қажетті жағдай жасалып жатыр.

Фото: Видеодан алынған скрин

- Қазіргі таңда біз Дубай қаласындамыз. Бастапқы жоспар бойынша 28-ші ақпан күні Қазақстанға ұшуымыз керек еді, алайда рейстер тоқтатылды. Сол күні түнгі 00:30 шамасында қонақүйдің маңынан кішкене жарылыс дауыстары естілді. Сирена дабылы қосылды, барлығымыз қонақүйдің бірінші қабатына түстік. Қысқа уақыт ішінде жағдайды тұрақтанды. Турагент арқылы ұшқан туристер үш күнге қонақ үй және тамақпен қамтамасыз етілді. Қазір бастысы – елімізге аман-есен жетуімізді тілеп отырмыз, - деді Назгүл Тұрысбекова.

Еске сала кетейік, Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 15:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see146

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see142

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see138

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see131

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see129

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see127

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see124

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see119

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see119

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see119

Қазақстан мен Бельгия бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытады

12 Қазан 2026 17:49see110

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see108

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see107

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see107

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс медальға ие болды

12 Қазан 2026 18:37see104

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see104

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары