Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сәкенді қамаудан бас тартқан қайраткер

Сәкенді қамаудан бас тартқан қайраткер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ол кісі туралы алғаш ҰҚК арда­гері, генерал Михаил Дәуеновтен естіп-білген едім. «Қостанай» телеар­насында өткен сұхбат барысында Мәкең ағай: «Сталиндік сая­­­си зобалаң жылдарында құрбан болғандардың бірі Серікқали Жақыпов деген азамат. Ол Сәкен Сейфуллинді ұстау туралы «ордерге» қол қоюдан бас тартқан. Сол үшін өзі де НКВД түрмесіне қамалып, тар қапаста шейіт болды» деген болатын. Кейін маған түрлі ақпарат көздерінен осы асыл азамат туралы біраз тарихи деректі кездестірудің де сәті түсті.

Мұрағаттарда сақталған түрлі деректен Серікқали Жақыповтың «1892 жылы Ресейдің Саратов облысы аумағындағы қазақ ауылдарының бірінде дүниеге келгені» белгілі болып отыр. Ол өз қо­лымен толтырылған ғұмыр­на­ма­лық құжатында «алдымен ауыл молдасынан мұсылманша хат танығанын» жазған. Осы құжатта «орысша мектепте оқығанын» жазыпты. Бірақ қандай білім ошағында орысша сауатын ашқанын нақтыламаған.

Серікқали Жақыпов мұнан соң жоғары бастауыш учи­ли­щеде де оқыпты. Кейін мұғалімдер даярлайтын арнайы педагогикалық курсты бітіріп, білімін жетілдірген. Жастайынан шығармашылыққа бейім болып өскен ол «қазақ тіліндегі газеттерді іздеп жүріп оқып, танысқанын» жазады. Сонымен қатар оның өзі де қолына қалам алып, әдебиет әлеміне қадам жасапты. Бұған Серікқали Жақыповтың 1914 жылы «Айқап» журналына Лер­монтовтың «Үш пальма» атты дастанын қазақ тіліне аударып бастырғаны нақты дәлел болады. Оның орыс әдебиетімен жақсы таныс болуымен қатар, өзінің бойында да шығармашылық қасиеттің ұшқыны болғанын айқын аңғарамыз. Жастайынан мұсылманша, орысша оқып, жан-жақты білім алған Серікқали отаршыл жүйенің озбыр саясатына қарсы шығып, оған нара­зы­лығын жиі танытқан көрінеді. Жазбаларынан сол кезеңде самодержавиеге қарсы «түрлі сая­си партиялардың бағдар­ла­ма­ла­ры­мен жақсы таныс бол­ғанын» байқау қиын емес. Туған елінің азаттығын аңсаған оның Батыс Қазақстандағы қазақтың көп­теген зиялы азаматымен етене жақын қарым-қатынас жасағаны да аңғарылады.

Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдегі түрлі саяси оқиғаның бел ортасында жүрген Серікқали Жақыпов Саратов губерния­сын­­дағы эсер (социалист-революцио­нер) партиясы мүшелерімен де байланыс жасапты. Солардың ықпалымен 1918 жылдан бастап осы партияның мүшелігіне өткен. Ол: «Менің бұл қадамыма осы пар­тияның бұратана халықтарға, оның ішінде менің туған еліме де саяси-экономикалық жеңілдіктер жасамақ болғандығы басты әсерін тигізді», деп жазған екен.

Ал ақ пен қызыл айқасқан осы қиын кезеңде ауылда төрт түлігін тіршілігіне тірек еткен қазақ ауылдарының «балға мен төстің арасына түскен шегедей» екі жақтан да қатар қыспақта қалғаны белгілі. С.Жақыпов осы аласапыранда Бөкей губерниясындағы қазақ ауылдарын анталаған жау­дан қорғаған қарулы жасақты ұйымдастырушылардың бірі болыпты. Ол сол жылдары Орал қаласын қоршаған генерал Толстов басқарған казактарға қар­сы айқастарда ерлікпен соғыс­қан екен. Осы шайқастарда С.Жақыповтың көрсеткен ерен ерлігін кейін қарулас достары өз естеліктерінде сөз етеді.

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген халық даналығын көкейіне түйген С.Жақыпов 1919 жылы Мәскеуге оқуға барады. Мәскеу университетінде оқи жүріп, РСФСР Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариатының қара­ма­ғын­дағы түрлі қоғамдық жұмысты атқаруға да белсене атсалысыпты.

Серікқали 1921 жылдан бас­тап еліміздің батыс өлкесіне әлек салған атаман Серовтың бан­да­ларын талқандауға да қаты­сады. Өзіне тапсырылған істі атқаруға жауапкершілікпен қарайтын жас жігіт 1923 жылдан бастап еліміздің батыс өлкесіндегі жергілікті басшылық жұмысына араласады. Сол жылдары Гурьев уездік партия комитетін де басқарыпты. Алайда, жастайынан жанына жақын шығармашылық жұмыстан қол үзіп көрмеген ол сол жылдары Гурьев уезінде шығып тұрған «Трудовая правда» мен «Ерік» газеттерінде қосымша редактор да болып істепті. Қа­ламы төселген тәжірибелі көсем­сөзші бұл басылымдардың жұ­мысын жақсартуға белсене атса­лысқан екен. Оның осы салада атқарған жұмысын билік те жоғары бағалаған. Республика басшыларына Орал губерниялық партия комитетінің жергілікті баспасөздің дамуы туралы 1924 жылы қазанда жолдаған есебінде: «Гурьевтегі «Жұмыскер тілі» газеті қазір аптасына бір рет 600 данамен жарық көруде. Оның редакторы С.Жақыпов», деп жазылған болатын...

Көп ұзамай Қазақ өлкелік партия ұйымының бұйрығымен ол мемлекеттік қауіпсіздік саласына қызмет ауыстырады. 1937 жылдың қыркүйек айында Қазақ КСР НКВД басшылығы «Сәкен Сейфуллинді тұтқындау туралы» шешім қабылдайды. Осы бұйрыққа сәйкес Серікқалиға «С.Сейфуллинді тұтқындауға берілетін рұқсат қағазға (ордерге) қол қою» тапсырылады. «Жаным – арымның садағасы» деген атадан балаға мирас дәстүрді берік ұстанған С.Жақыпов НКВД басшысының бұл бұйрығын «әділетсіз» деп санап, ол құжатты жыртып тастапты. «Басшылықтың халық жауы С.Сейфуллинді ұстау туралы бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін» С.Жақыповтың өзі де 1937 жылдың 24 қыркүйегі күні Сәкен Сейфуллинмен бірге тұтқынға алынған. Сәкенді тұтқындауға саналы түрде қарсы шыққан Серікқали Жақыповтың өзі де 1938 жылғы 9 ақпанда Алматыда, НКВД түрмесінде атылған. Ал оның қылмыстық ісінде: «Айыпталушы Серікқали Жақыпов түрмеде «жүрек талмасынан» қаза болды», деп жазылыпты... Осылайша, арын ажалдан артық санап, халқының атақты азаматын қамауға алудан бас тартқан азаматтың өзі де сталиндік саяси зобалаңның жазықсыз құрбанына айналған еді.

Қабылахат СЕЙДАХМЕТ,

Журналистер одағының мүшесі

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Мамыр 2026 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары