Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

Петропавлда тұрғын үй өртінен 100 ден астам адам эвакуацияланды

Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені қолға түсірді

Транзит табыс кілті

Атырау облысында масамен күрес біркелкі емес: Жылыой мен Мақатта ғана қаржы бөлінген

Жапония Ормуз бұғазына қатысты жағдайға байланысты мұнай қорын пайдаланбақ

Конкурдан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді

Жапониядағы орман өрті: мыңдаған адам үйін тастап кетті

Балалар турнирге бара жатып қаза тапты Түркістан облысындағы сұмдық апат

Еліміздің атынан әлем кубогына кімдердің шығатыны белгілі болды

36 млн ға жуық теңге: БҚО дағы 19 кәсіпорынның берешегі өтелді

Финляндияда дирижер құны 1 млн еуро болатын скрипканы құлатып алды

Жалақы аз болса да, ақша жинаудың тәсілдері

Қырғызстанда жаңа мемлекеттік әнұранды таңдау жөніндегі комиссия құрылды

Астанада Иран мектебінде қаза тапқан оқушыларды еске алуға арналған фотокөрме өтті

AMANAT партиясы экологиялық бастаманы қолдау мақсатында Астанада қалалық сенбілік өткізді

Ақтөбе Ертіс матчы алдында жол уақытша жабылып, қауіпсіздік күшейеді

Түркістан облысында жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан көз жұмды

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады

Парасат биігіндегі қайраткер

Парасат биігіндегі қайраткер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтай мінберінен жариялаған бастамалары еліміздің саяси архитектурасын айқындау жолындағы маңызды қадам болды. Соның бірі – вице-президент лауазымын қайта жаңғыртып, оны Конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы. Бұл институт Президенттің стратегиялық тапсырмаларын іске асырудың тиімді тетігіне айналып, халықаралық аренадағы келіссөздер мен биік мінберлерде ұлттық мүддемізді қорғаудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастырмақ. Осы орайда вице-президент еліміздің мемлекеттік құрылымында таңсық лауазым емес екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл жауапты қызметті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаев абыроймен атқарған еді. Осынау парасатты тұлғаның, білікті саясаткердің туғанына 90 жыл толуы аталған институттың жаңғыру үдерісімен тұспа-тұс келіп отыр.

Еліміздің саяси тарихындағы тұңғыш әрі әзірге жалғыз вице-президент Ерік Мағзұмұлы Асанбаевтың орны айрықша. 1936 жылғы 10 наурызда Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында дүниеге келген оның балалық шағы тауқыметке толы болды. Ол небәрі екі жасқа толғанда әкесі қуғын-сүргін құрбаны болып, 1938 жылы ақпанда жазықсыз оққа ұшқан. Осы жазылмас жара мен ауыр сынақ бала Еріктің мінезін ерте шыңдады. Ол білім-білігінен бөлек, ұстанымы берік, кесек тұлға болып қалыптасты.

Кейіпкеріміздің мемлекеттік қыз­мет­тегі биік белестері оның терең ин­тел­лектуалдық ізденісімен ты­ғыз байланысты болды. 1958 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситетінің экономика факультетін үздік тәмамдаған ол еңбек жолын Қазақ КСР Қаржы министрлігінде бастады. Алайда ізденіске құштар жас маман көп ұзамай қара шаңырақ оқу орнында оқытушылықпен айналысып, ғылыми жұмысқа бет бұрды. Кейіннен Мәскеу қаржы институтының аспирантурасына қабылданып, Қазақстанның қара металлургия саласындағы өзекті мәселелерге арналған кандидаттық диссертациясын ғылыми  кеңес мүшелерінің бірауыздан қол­дауымен сәтті қорғап шықты. Ғылыми теорияны тәжірибемен ұштастыруда Е.Асанбаевтың Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Ғылыми зерттеу экономикалық институтындағы қызметі үлкен мектеп болды. 1973 жылы Қаржы министрінің орынбасары, кейіннен Үкімет аппаратындағы ма­ңызды бөлімдердің жетекшісі ретінде ол ел­дің қаржылық тұрақтылығы мен еңбек ресурстарын басқаруда жауапты тізгін ұстады. 1978 жылы Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында экономиканы басқару реформаларына арналған докторлық диссертациясын сәтті қорғауы Е.Асан­баевтың мемлекеттік қызметкер ретіндегі тәжірибесін ғылыми тұрғыдан негіздеген маңызды белес болды.

1979 жылдан бастап Ерік Мағзұмұлы­ның қызмет жолы Қазақстан Компар­тиясы Орталық комитетінің стратегиялық бағыттарымен ұштасты. Ол сауда және жоспарлау-қаржы органдарынан бас­тап, ғылым мен оқу орындары және эко­но­микалық бөлімдерге дейінгі өмір­шең салаларға жетекшілік етті. Бұл оның мемлекеттік деңгейдегі кешенді мәсе­лелерді шешудегі кәсіби біліктілігі мен абырой-беделін асқақтатқан кезең еді. 80-жылдардың соңында Е.Асанбаев Министрлер кеңесі төра­ға­сының орынбасары, кейіннен Орталық комитеттің экономикалық мәселелер жөніндегі хатшысы лауазымдарын атқарды. Ал 90-жылдардың табалдырығында ол Жоғарғы Кеңестің төрағасы болып сайланды. Осылайша, Ерік Мағзұмұлы еліміздің егемендікке бет алған алмағайып шағында мемле­кет­тік басқарудың ең күрделі тетіктерін реттеуге белсене араласты. Иә, бұл ел тарихындағы бетбұрысты кезең еді. 1990 жылдың 25 қазанында оның төрағалығымен Парламент Қазақ
КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны әзірлеп, қабылдады. Бұл құжат бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, азаттық жолындағы алғашқы айбынды қадамымыз болатын.

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, әлем­дік қоғамдастықтың тең құқылы мүше­сіне айналған елең-алаң жылдары Ерік Мағзұмұлына жауапкершілігі аса зор міндет жүктелді. 1991 жылдан 1996 жылға дейін ол Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымын абыроймен атқарып, жаңа мемлекеттің іргетасын қалауға тікелей атсалысты. Бұл ескі жүйе күйреп, нарықтық қатынастар мен де­мократиялық құндылықтарға негіз­­делген жаңа саяси архитектураның қалып­тасу кезеңі еді. Ол өтпелі кезең­нің қиын­дығына қарамастан, мемле­кеттік институттарды нығайту мен заманауи басқару жүйесін орнықтыруға орасан еңбек сіңірді.

Е.Асанбаевтың қайраткерлік болмысы экономикалық реформалармен ғана шектелген жоқ. Ол елдегі демократиялық үдерістердің шынайы жанашыры ретінде 1994–1996 жылдары Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның тізгінін ұстады. Бұл қыз­метінде азаматтық қоғамның іргесін бекітуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекет пен адам құқығы ара­сын­да­ғы теңгерімді сақтауға өлшеусіз үлес қосты.

1996 жылы мемлекеттік басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге байланысты мемлекетшіл тұлғаның жолы дипломатиялық арнада жалғасты. Ол Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтен­ше және өкілетті елшісі қызме­тіне та­ғайындалып, 2000 жылға дейін Еуропаның іргелі мемлекетімен стра­те­гиялық байланыс­тарды нығайту жолында тер төкті. Бұл кезеңде саяси-экономикалық қарым-қатынастарды реттеп қана қоймай, қазақ елінің мәдениеті мен руханиятын кәрі құрлық төрінде насихаттауға күш салды. Е.Асанбаевтың елшілік қызметіндегі айрықша еңбегі ретінде оның Берлин қаласынан ұлы Абайдың есімін иеленген көшенің ашылуына ұйытқы болғанын атап өткен жөн.

Ерік Мағзұмұлының өмір жолы – тағдырдың тауқыметіне қайыспай, білім­нің шыңына ұмтылған, сол арқылы ұлттың мүддесіне қызмет еткен шынайы зиялының өнегесі. Тәуелсіздіктің алғашқы белесінде ол лауазымды шенеунік қана емес, мемлекеттің ертеңін стратегиялық тұрғыдан болжай білген қайраткер ретінде танылды. Ел егемендігі жолында абыроймен қызмет еткен тұлғаның есімі ұмытылмақ емес.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті

25 Сәуір 2026 18:04see112

Петропавлда тұрғын үй өртінен 100 ден астам адам эвакуацияланды

24 Сәуір 2026 23:52see112

Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі кемені қолға түсірді

25 Сәуір 2026 12:08see111

Транзит табыс кілті

25 Сәуір 2026 04:50see111

Атырау облысында масамен күрес біркелкі емес: Жылыой мен Мақатта ғана қаржы бөлінген

24 Сәуір 2026 19:50see110

Жапония Ормуз бұғазына қатысты жағдайға байланысты мұнай қорын пайдаланбақ

24 Сәуір 2026 22:52see110

Конкурдан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

25 Сәуір 2026 23:16see110

Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді

25 Сәуір 2026 14:44see108

Жапониядағы орман өрті: мыңдаған адам үйін тастап кетті

26 Сәуір 2026 04:16see108

Балалар турнирге бара жатып қаза тапты Түркістан облысындағы сұмдық апат

24 Сәуір 2026 19:54see108

Еліміздің атынан әлем кубогына кімдердің шығатыны белгілі болды

25 Сәуір 2026 15:47see106

36 млн ға жуық теңге: БҚО дағы 19 кәсіпорынның берешегі өтелді

25 Сәуір 2026 18:00see106

Финляндияда дирижер құны 1 млн еуро болатын скрипканы құлатып алды

26 Сәуір 2026 00:24see106

Жалақы аз болса да, ақша жинаудың тәсілдері

25 Сәуір 2026 20:10see106

Қырғызстанда жаңа мемлекеттік әнұранды таңдау жөніндегі комиссия құрылды

24 Сәуір 2026 21:13see105

Астанада Иран мектебінде қаза тапқан оқушыларды еске алуға арналған фотокөрме өтті

25 Сәуір 2026 17:17see105

AMANAT партиясы экологиялық бастаманы қолдау мақсатында Астанада қалалық сенбілік өткізді

25 Сәуір 2026 15:47see104

Ақтөбе Ертіс матчы алдында жол уақытша жабылып, қауіпсіздік күшейеді

25 Сәуір 2026 13:38see103

Түркістан облысында жарысқа бара жатқан 3 жасөспірім жол апатынан көз жұмды

24 Сәуір 2026 22:27see102

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады

24 Сәуір 2026 23:08see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары