Қазақстанда Starlink жүйесінен бас тартқан мектептер көбейді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
— Қазақстанның білім беру саласын цифрландыруда Starlink спутниктік жүйесін енгізу маңызды кезең болды. Бастапқыда пилоттық жоба аясында 2 мыңға жуық мектепті қамту жоспарланғанымен, бұл көрсеткіш уақыт өте келе өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс еліміздегі ресми байланыс операторларының жұмысының жандануымен және инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Атап айтқанда, көптеген елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) тартылуы және байланыс аясының кеңеюі нәтижесінде кейбір мектептер дәстүрлі жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігін алды.
— Осыған байланысты қазіргі кезде пилоттық жоба аясында Starlink жүйесімен жұмыс істеп тұрған мектептер саны 1 068.
Бұл жүйе өзінің тиімділігін толықтай дәлелдеді: интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ шалғайдағы мектептер 150–200 Мбит/с деңгейіндегі сапалы байланысқа қол жеткізді. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің заманауи білім беру платформаларын кедергісіз қолдануына жол ашты, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Еске салсақ, 2024 жылы жазда елдегі екі мыңға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылғаны мәлім болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 14:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















