Ақмола облысында теміржол бойына төгілген күкірт өртенді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, қауіпті жүк вагоны қауіпсіз жерге әкетілді, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, теміржол жолдарында жүк вагонынан күкірт шашылып, артынша тұтанған. Қызыл жалын шарпыған аумақ бір шаршы метрді құраған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері тілсіз жауды толық сөндірді. Қауіптің алдын алу мақсатында күкірт төгілген вагон жүк құрамынан ажыратылып, қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілген. Ал зат төгілген аумақ инертті материалмен өңделді Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Уәкілетті қызметтер төгілген күкіртке қатысты қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 16:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















