Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің әке-шешесі сөз алды.

Сот процесі жалғасуда, ал бүгінгі тыңдауда барлығы 26 куәгердің 17-сінен түске дейін жауап алу жоспарланған.

Алдымен сот залында айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемалиев шақырылды. Ол залға ақсаңдап кірген еді, судья оған жауапты отырып беруге рұқсат етті.

Жауап алу басталған сәтте Сұлтан көз жасын тыя алмады. Судья оның жағдайын сұрағанда, адвокат қысқа ғана: 

- Қобалжып отыр ғой, — деп жауап берді.

Соттың сұрағына жауап берген әкесі ұлын сабырлы, отбасына жауапты адам ретінде сипаттап, ешқашан темекі шекпегенін, насыбай қолданбағанын, құмар ойындарға әуес болмағанын және үнемі жанжалдан қашуға тырысатынын айтты.

— Ол отбасына қамқор болды, үнемі отбасын ойлайтын. Жауапты адам еді, — деді куәгер.

Сонымен бірге әкесі ұлын толық ақтап алғысы келмейтінін, бірақ әділ сот шешіміне үміт артатынын атап өтті:

— Үкімді сот шығарады. Кім кінәлі екенін анықтап, нүктесін қояды деп сенемін, — деді ол.

Әкесі сотта болған оқиғаны әлі күнге дейін қабылдай алмайтынын, ұлының мұндай қылмысқа барады дегенге сенбейтінін айтты. Ол немерелерін жиі көріп тұратынын да жеткізді: бір бала қазір Сәбилер үйінде, қалған төртеуі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында екен.

Жауап алу барысында әкесі Сұлтан мен бұрынғы жұбайының арасына өзге адамдардың араласуы мүмкін деген пікірін білдірді. Судья бірден бұл жағдайды адам өлтіруге себеп ретінде қарастыруға бола ма деп сұрады.

— Ешкім бұлай ойламайды және ешкім бұлай айтпайды, — деп жауап берді куәгер.

Ол бүгінде жас отбасылардың әке-шешелерінен бөлек тұруды жиі таңдайтынын, бұл кең таралған құбылысқа айналғанын айтты.

Ұлының өткен өміріне тоқталған Самиғолла Сәрсемалиев Сұлтанның бала кезінде психологиялық жарақат немесе ауыр күйзеліс көрмегенін айтты. Сондай-ақ ол Сұлтан мен бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева арасында елеулі жанжалдарды байқамағанын жеткізді.

— Мен ешқашан оның әйеліне қол көтергенін немесе қатты сөйлегенін көрген емеспін, — деді әкесі.

Судья ерлі-зайыптылардың бұрын тату тұрғанын ескеріп, олардың арасында не болуы мүмкін деген сұрақ қойған кезде, куәгер бұл жай ғана тұрмыстық келіспеушіліктер болуы ықтимал екенін айтты.

— Қазақтарда «ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деген сөз бар ғой, — деп түйіндеді ол.

Айыпталушының әкесі сотта 2025 жылдың қараша–желтоқсан айларындағы оқиғалардан бейхабар болғанын айтты. Марқұмдардың туыстары Мұқанғалиевтер отбасымен байланыса алмай, үйде ешкімді таппағанын жеткізгенде ол ештеңеге күдіктенбеген, бұрынғы құда-құдағилары басқа жаққа кеткен шығар деп ойлаған.

Кейін оған Сұлтан мен Ақбаянның Өзбекистандa жүргені туралы хабарлаған. Тек біраз уақыт өткен соң ғана шын мәнінде не болғанын білген.

Соңғы рет куәгер Мақсот Мұқанғалиевті қызын алып кетуге келген күні көргенін айтты. Сол кезде ол жас жұбайларға бөлек тұрмауға кеңес берген, бірақ оның сөзіне құлақ аспаған.

Одан кейін сотта айыпталушының анасы Гүлнар Әзмұханова шақырылды. Ол соттың сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Осыған байланысты судья тергеу барысында алынған және әйел толықтай растаған куәліктерін жария етті.

Залдан шығар алдында Әзмұханова ұлына сөз арнауға рұқсат сұрады. Ол Сұлтанға бес баласы бар екенін еске салып, қандай жағдай болса да олардың әкесі болып қала беретінін айтты.

— Сен бұл өмірде ешқандай қызық көрген жоқсың. Бүкіл өмірің арпалыспен өтті. Бекем бол. Өмір үшін күрес. Балаларыңа олардың әкесі бар екенін айтып отырамын, — деді ол.

Сот процесі жалғасуда.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 13:12

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:258
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 20:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары