Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған
Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 200 тоннадан астам азық-түлік астығы — бидай мен арпа анықталды.
"Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталды", деп жазылған хабарламада.
Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды.
Өнім иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Мамыр 2026 12:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















