Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Жалған жаланың құрбаны

Жалған жаланың құрбаны

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Немересі Жоламан Тәжма­ғамбетовтің айтуынша, атасы 1892 жылы қазіргі Махамбет ауданындағы Есбол ауылында дүниеге келген. Сол кездегі Гурьев қаласындағы екіжылдық орыс-қазақ училищесінде оқыған. Әскерге бармаған, партия қатарына өтпеген. Он жеті жасынан еңбекке араласқан.

Тәжмағамбет Мәстековтің атқар­ған қызметінен сауатты болғаны аң­ғарылады. Алғашында 1909–1911 жылдары балық кәсібімен айналысқан орыс көпесі Першиннің қарауында кеңсе қызметкері, бұдан кейін түрік кәсіпкері Хурмузисте табель толтырушы, 1912–1914 жылдары ауылнай хатшысы, бұдан соң болыстық атқару комитетінің хатшысы болыпты. Ал 1930 жылдан кейінгі қызметі ауылында жалғасқан.

«Атамыз 1928 жылы жергілікті болыстың хатшысы ретінде жұмыс істегені үшін сайлау-сайлану құқығынан айырылған. Алайда тұтқындалғанға дейін Есбол ауылында пошта агенті болып жұмыс істеген. Оны 1941 жылғы 16 қазанда Ішкі істер халық комис­сариатының Гурьев облысы бо­йынша басқармасы тұтқынға алған. Оған облыстық соттың 1942 жылдың 9 қаң­тарындағы үкімімен РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10 тармағы ІІ-бөлімімен кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айып тағылып, 10 жылға бас бостандығынан, жазасын өтегеннен кейін 5 жылға сайлау-сайлану құқығынан айыру, мал-мүлкін тәркілеу жазасы берілген», дейді Ж.Тәжмағамбетов.

Ауылдық поштаның қызметкері Т.Мәстеков ұсталған кезде әйелі Мақта 42 жаста болған. Ал балаларының үлкені Бердіғожа 17 жасқа толыпты. Одан кейінгі ұлдары Аманғожа 10, Хайролла 5, Есқожа 2, қызы Ақмәнет 6 жаста екен. Олармен бірге 61 жастағы апайы Қанкей Әлмұханова бірге тұрған.

Дегенмен КССР Жоғарғы сотының 1960 жылдың 18 тамызындағы ұйғары­мымен Т.Мәстековке қатысты қылмыс­тық іс қысқартылып, екі айдан соң есептен шығарылған. Себеп – қылмыстық құрамның болмағаны. Бірақ мұны жалған жаланың құрбаны болған жазықсыз жанның білмегені анық.

«Жазықсыз сотталған атамыз жайлы деректі білу үшін тиісті орындарға сауал жолдадым. Өйткені оның ұсталғаннан кейінгі тағдыры белгісіз болып отыр. Атамыздың қай жерде жазасын өтеуге жіберілгені, қашан қайтыс болғаны, сүйегі қайда жерленгені жөнінде әлі күнге дейін бір дерегі шықпады», дейді Ж.Тәжмағамбетов.

Оның айтуына қарағанда, атасы жайлы деректерді білу үшін Пре­зи­дент Архивіне жүгінген екен. Архив директорының орынбасары Ж.Әб­діқадырова 2023 жылы «Архив­тік қылмыстық істен Тәжмағамбет Мәстековтің суреті, қайтыс болған және жерленген жері туралы мәлімет табылмады», деп хат жолдапты.

«Облыс пен аудан орталығынан қашықтағы ауыл тұрғыны қандай үгіт-насихат жүргізуі мүмкін? Бұл жалған жала ғой. Тағы бір түсініксіз жайт бар. Атамызды екі рет сайлау-сайлану құқығынан айырған. Бірақ оған не себеп болғаны белгісіз», дейді немересі.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарихшы Шахман Нағимовтың пікірінше, Тәжмағамбет Мәстеков сотталғаннан кейін әйелі Мақта Бекмағанбетқызын еш жерге жұмысқа қабылдамай қойған. Кейін балалары қудалауға ұшырап, талабына тосқауыл қойылған. Бұл – жазықсыз сотталған жанның әйелі мен ұрпағы үшін ауыр соққы.

«Бердіғожа Тәжмағамбетұлы 1942 жылы Дала майданына алынған. Бұл майданға Бердіғожа секілді саяси тұр­ғыдан шатылған адамдардың балалары алынғандықтан, ешқандай жеке іс қағазы жүргізілмеген. Яғни олардың сұрауы жоқ болған. Оларға ешқандай марапат берілмеген. 1943 жылы 21 тамызда соғыста сол аяғынан ауыр жарақат алып, 1944 жылдың 23 нау­рызына дейін госпитальда емделген. Кейін мүгедек болып, елге қайтқан. Сол кездегі тәртіп бойынша ауыр жарақат алған жауынгерлер Кеңес одағының орден-медальдарымен марапатталуға тиіс болған. Қатыгез саясаттың кесірінен бұл талап «халық жауының балаларына» қолданылмаған», дейді Ш.Нағимов.

Ал екінші ұлы Аманғожа 1949 жылы орта мектепті бітірген. Жоғары білім алу үшін Орал, Ақтөбе қалаларындағы жоғары оқу орындарына түскен. Алайда «халық жауының баласы» болғаны үшін оқудан шығарылған. 1951 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумына түскенмен, сол жылы бұл оқудан да шығарып жіберген. Сол кездегі талапқа сәйкес 3 жылдық әскери борышын өтеген соң шоферлік курста оқыған.

Мұндай қудалауды қызы Ақмәнет те басынан өткерді. Ол 1952 жылы орта мектепті бітіріп, Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институтқа құжат тапсырып, оқуға қабылданған. Алайда оның да жоғары білім алуына мүмкіндік берілген жоқ. Себеп – «халық жауының ұрпағы». Мақсаты орындалмайтынын білген ол Гурьев қаласындағы кітапханашылардың біржылдық кур­сын оқуға мәжбүр болды. Кейін жоғары оқу орнының сырттай бөлімін бітірді.

Тағы бір немересі Жәния Тәжмағам­бетованың айтуынша, әжесі Мақта Бекмағанбетқызы «халық жауының жұбайы» болса да, өзін өте байыпты, салмақты ұстайтын жан болған. Өзінің көрген қиындығы жайлы ешкімге айтпаған.

«Әжемді ауылдың үлкендері қатты сыйлайтын еді. Ауылдағы аталар әжеме көрісуге келіп, атамның ауылдастарына жасаған жақсылығын еске алып отыратын. Соғыс кезінде ішетін ас та, отын да аз, қыс қатты болды. Әжем ерте тұрып, қара қазанға су құйып, оған бір уыс бидайды салып қайнатады екен. Оның үстіне түйенің сүтін құйып, дайын болған көжені аш отырған ағайындар мен көршілердің үйіне тарату үшін 11 жастағы ұлы Аманғожадан беріп жібереді екен. Сөйтіп, талай отбасын аштықтан аман алып қалған», деп еске алады немересі.

Немересінің айтуынша, Мақта Бекмағанбетқызы қызы Ақмәнет екеуі жүн иіріп, майдандағы жауынгерлерге шұлық, қолғап тоқып, ұжымшар басқармасына тапсырып отырған. Соғыстан кейінгі жылдары ұжымшарда жұмыс істеген ағайын-туыстарының балаларын бағып, кешке жұмыстан оралған аналарына табыстайды екен.

«Жаптым жала, жақтым күйе» деген желеумен 10 жылға сотталып, із-түзсіз жоғалған Тәжмағамбет Мәстековтің немерелері атасының жерленген орнын тапқысы келеді. Бірақ еш дерегі табылмай тұр. Енді табыла ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

Атырау облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Мамыр 2026 14:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары