Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы әуежайында мысық тасымалдауға қатысты жазба көлік полициясының тексеру жүргізуіне себеп болды. Жануар иесінің айтуынша, үй жануары салынған тасымалдау қорабы жүк таспасында чемодандармен бірге шыққан, деп хабарлайды Tengri Travel.

Мән-жайы

Оқиға қазақстандық әйелдің ұшудан кейін үй жануарын қалай алғанын егжей-тегжейлі сипаттаған эмоционалды жазбасынан басталды.

"Бүгін менің мысығымды жүк таспасынан берді, ол жерде чемодандар шығып, бір-бірінің үстіне құлап жатады. Мысығым салынған қорап та таспаға шығып, бірнеше рет аударылып кетті, ал қызметкерлер мен айналадағы адамдар бұл сұмдыққа таңғала қарап тұрды. Бұл жүк емес, тірі жан иесі ғой. Жануарларға қалайша бұлай салғырт қарауға болады? Мысық қатты күйзеліске түсті, ал мен мұндай "қызметтен" есеңгіреп, ашуланып отырмын, бұл масқара. Егер жануар тасымалдау жауапкершілігін алсаңыздар, оларға адамгершілікпен қарауды үйреніңіздер", - деді жазба авторы.

Скриншот: Threads

Бұл жазба қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары жануарларды тасымалдауға әуе компаниясы ма, әлде әуежай қызметкерлері ме, нақты кім жауап беретіні туралы пікірталастырып, өз бастарынан өткен ұқсас оқиғаларын бөлісті.

"Бұл қауіпсіздікті анық бұзу, жануарға қатыгездік көрсету. Осы іске қатысы бар қызметкерлерді тауып, айыппұл салып қана қомай, жазалау керек"; "Біз де қыста Өскеменнен Алматыға келетін мысықты күттік, рейс кешіктірілді, қатты уайымдадық. Сөйтсек, стюардесса қыздар жануар қиналмасын деп аяп, қорапты өздерінің салондарына алып алыпты. Жақсы адамдар барлық жерде бар"; "Мысық тасымалдадым, ол да жүк бөлімінде болды. Оны жүктерден бөлек шығарды, қызметкерлер иесі алып кеткенше қасында күтіп тұрды. Оның өзінде мысық күйзелісте болды, ал мынау енді сұмдық"; "Жүктеу және түсіру жұмыстарымен әуежай қызметкерлері айналысады. Сол жерде бірден жүк бөлімінің іс-әрекетіне шағым жазып, әуе компаниясының өкіліне хабарлау керек еді". Полиция не деді?

Біз Алматы әуежайынан пікір білдіруді сұрадық, алайда материал жарияланған сәтте жауап ала алмадық.

Бұл ретте көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жазба дерегі бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Алматы әуежайындағы Көліктегі полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді ведомство өкілдері.

Қазақстанда жануарларды тасымалдаудың қандай ережелері қолданылады?

Қазақстанда ережелер әуе компаниясына байланысты әртүрлі. Тасымалдаушыларда салмақ бойынша шектеулер бар.

Air Astana

Air Astana-да салонға тасымалдау қорабымен бірге салмағы 8 келіге дейінгі кішкентай жануарлар жіберіледі. Егер үй жануары ауыр болса, ол жүк бөлімінде тасымалданады.

Рұқсат етілген максималды салмақ - контейнермен бірге 50 келіге дейін.

FlyArystan

FlyArystan компаниясында ережелер ұқсас. Салонда мыналарды тасымалдауға болады:

мысықтарды; кішкентай иттерді; тасбақаларды;

егер тасымалдау қорабымен бірге жалпы салмағы 8 келіден аспаса. Салмағы 50 келіге дейінгі ірі жануарлар багаж бөлімінде ұшады.

Scat

Scat компаниясында ережелер қатаңырақ.

Үй жануарларын салон ішінде тасымалдауға рұқсат берілмейді. Ерекшелік - көру немесе есту қабілеті бұзылған жолаушыларға серік болатын жетекші иттер.

Басқа барлық жануарлар тек багаж бөлімінде тасымалданады. Рұқсат етілген максималды салмақ - 50 келіге дейін.

Неге үй жануарымен ұшу әрқашан стресс

Жануарлар үшін ұшу жай ғана сапар емес, үлкен жүктеме.

Шу, қысымның өзгеруі, бейтаныс орта және иесінен айырылу қатты стресске себеп болуы мүмкін.

Ұшу әсіресе мыналарға ауыр тиеді:

кәрі жануарлар; күшіктер мен марғаулар; тыныс алу жолдарында ақауы бар тұқымдар; мазасыз үй жануарлары.

Айта кетейік, жануарларды тасымалдау тақырыбы қазақстандық жолаушылар үшін өзекті мәселе болып отыр. Биылғы наурызда Алматы - Ақтау рейсінің жолаушысы ұшаққа міне алмады. Иесінің айтуынша, тиеу кезінде жарамды контейнердің "тас талқанын шығарған": темірі майысып, сынып қалғандықтан, итті ұшаққа кіргізуден бас тартқан.

Өз жазбасында ол өтемақы төлеуден бас тартылып, ұшу уақытын айыппұлмен қайта брондауды ұсынғанын айтты. Жалғыз ұшпаған қазақстандық әйелге Алматыда қалуға тура келген.

Тағы бір атышулы оқиға 2024 жылдың қазанын болды. Қазақстандық Екатерина Барлас Стамбулдан Астанаға ұшу кезінде мысығынан айырылып қалды. Жануарды салонға кіргізбегендіктен, иелері үй жануарын багаж бөліміне тапсыруға мәжбүр болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк түсіру кезінде тасымалдау қорабы құлап, ашылып кеткен және үріккен мысық қашып кеткен. Үй жануары сол күйі табылмады.

Екатерина Барластың жеке мұрағатынан алынған фото

Ұшу алдында не істеу маңызды?

Тәуекелді азайту үшін жануар иелері алдын ала мыналарды тексеруі керек:

нақты әуе компаниясының талаптары; тасымалдау қорабының өлшемдері мен түрі; ветеринарлық құжаттар; тұқымы мен салмағы бойынша шектеулер; салонда немесе жүк бөлімінде тасымалдау шарттары.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:245
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see127

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары