Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Соңғы жылдары қайырымдылық қорларына қатысты қатысты келеңсіз оқиғалар көбейгені жасырын емес. Көп жағдайда әлеуметтік мәселелермен айналысатындардың әрекеті ашық жүргізілмейтіндіктен, күмән туғызатын жағдайлар да жеткілікті, деп жазады Egemen.kz.

Сондықтан «Dos.Community» қоры, «Шеврон» компаниясы мен Steppe&World баспа үйі бірігіп, «Тың тәжірибелер» атты жинақты жарыққа шығарып отыр.

Алматыдағы «Narxoz» бизнес мектебінде өткен кітаптың тұсаукесеріне қоғам мұқтаждығы мен әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтын, нақты жобаларды қолға алып, қоғамды жақсы жағына жетелеген адамдар жиналды.

«Тың тәжірибелер» жинағы – 5 жыл бойы Қазақстанда жүзеге асырылған 25 әлеуметтік бастамадан тұратын ауқымды зерттеулер. Осынау жинақ өмірлік сұраныстан, маңызы бар мәселелерді шешу талаптарынан туды десек те болады. Қазір жұртқа керегі – сенімге кірген, бақылаудан өткен нақты бастамала мен нақты жобалар.

Кітаптың географиялық ауқымы да кең. Жинаққа Қазақстанның әр аймағындағы бірін бірі қайталай бермейтін, өз ерекшеліктері бар 25 жоба енсе, оның ішінде-шағын қауымдастықтардан бастап ұлттық бағдарламалар да табылады. Тақырыптар да сан қырлы әлеуметтік мәселелерді қамтиды. 

Барлық жобаларды басты құндылы да кейіпкерлері де – адам, көмекке мұқтаж жандар. Жинаққа кірген әрбір тәжірибе – ашық процестердің, тең құқылы көзқарастар мен адамдарға деген құрметтің үлгісі.

Жаңа жинақтың ерекшелігі мынадай: кафе-мидраш форматында өткен тұсаукесер «дастарханына» жиналғандар алдымен «ас мәзірі» ретінде жобалардың атауларымен танысып шықты. «Даяшылар» «тіскебасар» ретінде идеялар мен үзік-үзік ойларды, шешімдер мен мәселелерді ұсынды. Ал қатысушылар бұл қандай әлеуметтік жоба екенін болжауы тиіс еді. 

Осыдан кейін ортаға «бас табақ» келді. Бұл – жинақтың қысқа мазмұны мен жобаның мәні туралы қысқа мәтіндер. Яғни, әлеуметтік бастамалар кімдер және не үшін жасалды деген сауалдарға жауап. Нәтижесі нендей болды, қоғамдағы қандай мәселені шешуге септесті дегенді меңзейді. 

Мысалы, бұл арада ерекше бала өсіріп отырғандарды қолдайтын «Мама Про», «Әрбір бала мектепке баруға лайықты», «Сәбилерге өмір сыйла», «Фетальды хирургия», «Мың бала» олимпиадасы сияқты жобаларды атап өтуге болады.

Мәселен, еліміздің медициналық қауымдастығын елең еткізген фетальды хирургияны алайық. Отандық дәрігерлеріміз осындай жобалардың арқасында құрсақта, анасының жатырына жатқан шарананың денсаулығындағы кемшілікті түзете операцияларды жасауға қол жеткізіп отыр.

Сол сияқты ITeachMe қоғамдық қоры жүзеге асырған ITMlab жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін оңайлатуға көмектесетін инновациялық шешімдер, IT-өнімдер мен оңалту құралдарын жасауды көздейтін ерекше стартап-инкубатор.

Бүгінде елімізде білім беру саласындағы теңсіздікті еңсеруге бағытталған Teach for Qazaqstan (TFQ) сондай бастамалардың жарқын үлгісі.

Кітаптың тұсауксерінде «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова: «Осы жинақ арқылы жылды тамаша қорытындыладық десек те болады. Өткен жылдың соңында елімізде әлеуметтік бастамаларды насихаттайтын, көрсететін ешқандай жинақ жоқ екендігін ойлаған едік. Көбінесе шет елдік тәжірибелерге сүйеніп, сілтеме жасап келдік. Оларда мұндай кітаптар мен материалдар көп. Дәл осы кезде «Dos.Community» қорының жетекшісі Айнұр Аймұрзинамен сөйлесе бастадық. Өйткені оларда үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) басқаруда әлеуметтік менеджмент тәжірибесі бар болатын. Бізде сол кезде идея пайда болып, қаңтар айында осы жобаны бастағанда бірден мықты әлеуметтік зерттеушілер, социологтар, сарапшылар үн қатып, сарапшылар мен зерттеушілер тобы құрылды. Басында жобаны ұзақ талқылап, бұл байқау түрінде емес, ашық іріктеу болсын деген шешімге келдік. 

Ал жоба барысында 700-ден астам ұсыныс пен өтінім қабылданып, оның 195-і іріктеліп, 50 жоба жартылай финалға ілікті. Осылардың ішінен жеті түрлі сынақтан өткен 25 кейс таңдалынды. Өз кезегінде сарапшылар 25 жоба туралы кең сұхбаттар, зерттеулер жүргізді. Бұл жинақ жәй ғана мәліметтер, тәжірибелер мен нәтижелер және оны кімдер жасағаны жайлы ғана емес. Бұл – нағыз адамгершілікті дәріптейтін оқиғалар. Байқасаңыз, жобада «үздік» деген сөз жоқ, тек жақсы тәжірибелерге сүйендік. Ешқандай талап, шағым жоқ болғандықтан да жинақты «Тың тәжірибелер» деп атадық. Өз кезегінде «Dos.Community» қоры арнаулы сайт құрды – https://goodpractices.kz. Қолымызға тиген жинақ келешекте мектептер мен университтеттерге таратылып, өзіміздің қазақстандық кейстердің мысалына айналады», дейді.

Сонымен кафе-мидраш форматында өткен кездесу кері байланыс түрінде аяқталып, жинақтың түсаукесеріне қатысушылар нені білгенін, қандай әсер алғандары туралы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. 

«Жинаққа біздің ең алғашқы зерттеулеріміз еніп отыр. Жобаға тартылған 5 зерттеуші мен 3 сарапшы жеті түрлі өлшеммен әрбір жобаның қаншалықты мәнді, қандай мәселелер мен сұрақтарды шеше алатынын қарастырды. Бұл жинаққа 25 тың тәжірибе ілікті. Бірақ алдағы уақытта жинаққа кірмеген жобалар өз ұсыныстарын бере алады. БАҚ пен әлеуметтік желілерден еліміздегі жобалардың қаншалықты маңызды екендігі байқап отыруға болады. Сондықтан жұмыстарды жалғастыра беру қажет деген ойдамын. Өйткені, елімізде қайырымдылық қорлары мен акцияларына қатысты даулы, келеңсіз оқиғалар бар. Сондықтан тұрақты түрде әлеуметтік жобалармен адамдардың әрекетінің күмәнсіз әрі қолдауға да ие болғаны жөн. Және оларға мысал, үлгі болатындай осындай зерттеулер өте қажет», дейді «Dos.Community» жекеменшік қорының жетекшісі Айнұр Аймұрзина.

Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр: Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, ел экономикасы даму үстінде

Үкімет • Бүгін, 20:33

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

Президент • Бүгін, 20:13

Абай және жас ұрпақ

Абай • Бүгін, 19:55

Қоғамды ізгілікке бастаған әлеуметтік жобалар жинақ ретінде жарық көрді 

Қоғам • Бүгін, 19:28

2025 жылдың негізгі қорытындылары

Білім • Бүгін, 19:12

Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент • Бүгін, 18:45

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Қоғам • Бүгін, 18:30

Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?

Қоғам • Бүгін, 18:00

Қазақстанның үздік футболшылары кімдер?

Футбол • Бүгін, 17:57

«Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильмінің жұлдызы Вера Алентова қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 17:53

Жоғары оқу орнында өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхана ашылды

Әдебиет • Бүгін, 17:40

Президент: Биыл 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды

Президент • Бүгін, 17:35

Дияр Нұрғожай бразилиялық спортшымен күш сынасады

Спорт • Бүгін, 17:31

Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады

Президент • Бүгін, 17:21

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды

Президент • Бүгін, 17:14

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 20:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see181

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see164

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see161

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see159

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see158

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see157

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see157

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see157

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see155

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see154

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see154

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see153

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see152

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see152

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see152

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see151
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары