Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Корей прозасы тұңғыш рет қазақ тілінде жинақ ретінде жарық көрді

Корей прозасы тұңғыш рет қазақ тілінде жинақ ретінде жарық көрді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Корея Республикасының  Бас консулдығының қолдауымен «Жаһанға шыққан корей әңгімелері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Ең таңдаулы қысқа әңгімелер жинағы екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық аясында  қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ тіліндегі тұңғыш жинаққа корей әдебиетінің классик жазушылары И Хё Соктың «Қарақұмық гүлдеген кезде», Хён Джин Гонның «Сәтті күн» және «Туған жер» , Ким Ю Джонгтың «Бом Бом» және «Камелия гүлі», Хван Сун Вонның «Нөсер жаңбыр» атты шығармалары енген. 

Бұл бастама Корея Республикасының Көркем аударма академиясы ұсынған «Шетелдік университеттердегі корейтану бөліміне арналған көркем аударма семинары» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Кітаптың жарық көруіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы үлкен еңбек сіңірді. 

2025 жылдың 8 қазанында Корея Республикасының Алматы қаласына жаңадан тағайындалған Бас консулы Ха Тэ Ук мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болып, корейтану бөлімінің студенттеріне арнайы дәріс оқыған еді. Осы кездесуде Бас консул кафедра жүзеге асырып жатқан халықаралық жобалармен танысып, екі ел арасындағы маңызды бастамаларға қызығушылық танытып, кафедра қолға алып отырған аударма жинағының жарыққа шығуына, тұсаукесерін өткізуге қолдау көрсетуге ниет білдірген еді.

Осыдан кейін Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Ақерке Абаған, кафедра доценті Айгерім Белялова мен аға оқытушы Әйгерім Сайлаукенова жетекшілік еткен аудармашылар тобы жинақтың көрнекі безендірілуіне қатысты Бас консулдықтан қолдау сұрап, өзара мәдени, әдеби байланыста анимациялық фильмдердің маңызы үлкен екендігі жеткізген.

Қос тараптың түсіністік тауып, бірін бірі қолдауының арқасында Кореяның танымал анимациялық режиссері Ан Джэ Хун мырза өз туындыларын жинақта ақысыз пайдалануға ресми түрде рұқсат береді. Нәтижесінде ҚазҰУ-дың корейтану бөлімінің 4-курс студенттері режиссердің үш анимациялық фильміне қазақ тілінде субтитр әзірледі.

Аударма кітаптың тұсаукесерінде Ан Джэ Хун мырзаның алғаш рет қазақ субтитрлері қойылған «Қарақұмық гүлдеген кезде», «Сәтті күн» және «Бом Бом» атты аннимациялық фильмдері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің корейтану бөлімі студенттері мен оқытушыларының назарына ұсынылды.

Тұсаукесерден кейін «Book Talk» форматындағы әдеби сұхбат өтіп, Ақерке Абаған мен Әйгерім Сайлаукеноваға, субтитр әзірлеуге қатысқан студенттер Абай Томирис пен Альбина Уахитоваға, сондай-ақ режиссер Ан Джэ Хун мырзаға әдебиеттегі әдемі жаңалыққа айналған аударма жинағына қатысты сұрақтар қойылды.

Алматы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 17:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары