Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Талтүс романы түрік тілінде жарық көрді шетелдегі қазақ баспасөзі

Талтүс романы түрік тілінде жарық көрді шетелдегі қазақ баспасөзі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлем чемпионы атанған өзбекстандық қазақ Айтжанның еңбегі ерекше атап өтілді – ӨзА 

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Онда Хорватияның Загреб қаласында спорттық күрес түрлерінен өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған үздік спортшылар құрметке бөленді.

Фото: ӨзА

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылуынша, іс-шара барысында 24 жылдық үзілістен кейін грек-рим күресі бойынша Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатында алтын медаль сыйлаған этникалық қазақ балуан Айтжан Қалмахановтың еңбегі ерекше атап өтілді. Оған BYD маркалы автокөлік пен 15 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы табысталған.

Сонымен қатар әлемнің үздік балуандарымен өткен күрделі бәсекелерде қола медаль еншілеген Абдулло Алиев, Умиджон Жалолов және Ғуломжон Абдуллаевқа 3 750 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілген.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Самарқанд қаласында ТМД арнайы қызметтері басшыларының мәжілісі өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді. Аталған басылымның мәліметінше, биыл 16–17 қазан күндері Самарқанд қаласында ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің 57-мәжілісі, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлау және қауіпсіздік қызметтері басшыларының 21-мәжілісі өтуі жоспарланған.

Бұл басқосуға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның арнайы қызмет басшылары қатысады.

Сонымен қатар жиынға ТМД Атқару комитетінің және ТМД-ға мүше мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығының өкілдері де қатысады.

Бейжіңде өткен Жаһандық әйелдер саммитіне қазақстандық делегация қатысты – «Халық газеті»

Бейжіңде 13-14 қазан аралығында Жаһандық әйелдер саммиті өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтар Бейжіңдегі әйелдер тақырыбы бойынша маңызы зор, ықпалы кең шараға жиналды. Қазақстан делегациясын бастап келген Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Әбілхасымқызы Азимова онлайн «Халық Газетіне» сұхбат берді. Э. Азимова сұхбатында саммиттің өте жоғары деңгейде өткенін айтып, «Бейжің декларациясының» қабылданғанына 30 жыл толуына орай Жаһандық әйелдер ісінің дамуы мен болашағы туралы өзінің пікірімен бөлісті, деп жазады «Халық газеті».

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Эльвира Азимова Қытайдың әйелдер мен балалардың құқықтарына байланысты «мақсатқа жету үшін ең бастысы берік идеология мен айқын саясат болу керек» деген ұстанымын өте орынды деп санайтынын айтқан.

Фото: Халық газеті

Биыл Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының төртінші Жаһандық әйелдер саммитінің ашылғанына, «Бейжің декларациясы» мен «Іс-қимыл жоспарының» қабылданғанына 30 жыл толды.

Эльвира Азимованың пікірінше, бүгінгі саммитте тараптардың барлығы «Бейжің декларациясының» қазіргі таңда да әлемде ерекше қызығушылық тудыратынын жеткізді. «Бейжің декларациясының» мақсаттарына жету үшін жұмысты тоқтатпауымыз керек. «Бәріміз тұрақты дамуға жетуде тараптар саяси жағынан ғана емес, құқықтық тұрғыдан да қамтамасыз етілуі керек деген ортақ пікірге келдік» дейді ол.

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасының айтуынша, 30 жыл бұрын тек әйелдер құқығы ғана айтылатын болса, бүгінгі саммитте, әйелдер мен ерлер қатар даму керектігі ортаға салынған. Сондай-ақ ол әйел мен ер қол ұстасып бірге дамығанда ғана, біз алға қойған мақсатқа жетеміз деген.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Хунаньда кері қайтқан Қытай-Еуропа пойыздары Орталық Азия астықтарын тұрақты әкеле бастады» деген ақпарат жарық көрді

Аталған БАҚ-тың дерегінше, 15 қазанда Қазақстанның бидай, арпа және басқа да астық өнімдері тиелген халықаралық пойыз Чаншаға келді. Бұл Қытай-Еуропа пойызының кері пойызы «Қазақстан-Қорғас/Алашанькоу-Чанша» бағыты бойынша Орталық Азия астықтарын алып қайтуды тұрақты іске қосқанын білдіреді. Ол Қытайдың орталық аймағындағы азық-түлікпен қамтамасыз ету кепілдігіне тиімді және тұрақты халықаралық логистикалық арнаны қосты.

Тасымалдаудың уақыты – пойыз қазақстандық зауыттан шығып, Қорғас немесе Алашанькоу порттары арқылы елге кіреді. Тасымалдау уақыты шамамен 15 күн.

Қасым-Жомарт Тоқаев саммит ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді - ParsToday

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Бұл туралы ParsToday ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады

Фото: ParsToday

Келтірілген деректерге сүйенсек, Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті. Президент бұл елді өңірдегі экономикалық үдеріске тарту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары Ресей мен Орталық Азия елдерінің тұрақтылығы мен өркендеуі жолында өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Жасанды интеллектіні қолданатындар саны 515 миллион адамға жетті - CNR

18 қазан күні Қытай интернет және информация орталығы 2025 жылғы (6-кезекті) Қытай интернет байлығы жиналысында «Жасанды интеллектіні қолданатындарды қолдауды дамыту баяндамасын (2025)» жариялады. Мәліметте көрсетілуінше, 2025 жылы маусым айына дейін Қытай елінде жасанды интеллектіні қолданатындар саны 515 миллион адамға жеткен, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Аталған басылымның дерегінше, бұл көрсеткіш 2024 жылы желтоқсан айындағыдан 266 миллион адам артып, қолданушылар саны жарты жылда еселеп артқан. Атап айтқанда жалпы мөлшері 36.5%-ды құраған.

«Талтүс» романы түрік тілінде жарық көрді - TRT

Қазақ мәдениетінің біртуар тұлғасы, теңдесі жоқ өнер қайраткері, қаламгер-ойшыл Таласбек Әсемқұловтың шығармасы түрік оқырмандармен табысты.

Анкарадағы Аднан Өтүкен атындағы кітапханада Қазақстанның көрнекті жазушыларының бірі, күйші және музыкатанушы Таласбек Әсемқұловтың өмірбаяндық шығармасы «Талтүс» романының тұсаукесері өтті. Шараны Көкту қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырған.

Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, роман қазақ халқының рухын, тарихын, музыкасын баяндауымен ерекшеленеді.

Кітапты жазушының серігі, әрі мәдениет танушы, ғалым, жазушы Зира Наурызбай таныстырған.

Шарада Таласбек Әсемқұловтың тек жазушы ғана емес, жан-жақты зиялы, күйші, домбыра шебері, композитор, кинодраматург, сыншы, өнертанушы, зерттеуші, кәсіби аудармашы екені баса айтылды.

Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «Арғықазақ мифологиясы» түрік тіліне аударылды» деген тақырыптаға ақпарат жарияланған болатын. 

Түркиялық басылымның мәліметінше, қазақтың ұлы перзенті, әйгілі ғалым, мифолог Серікбол Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты түрік тіліне аударылған кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Қазақстанның көрнекті ғалымы, этнограф және мифолог Серікбол Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбегінің таныстырылымы Түркия Президенттік Ұлт кітапханасында өтті. Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой мұрындық болған іс-шара барысында ғалымның еңбектерінің түркі әлемінің рухани тамырын зерттеудегі маңызы мен қазақ мифологиясының бірегей ерекшеліктері кеңінен сөз болды.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев және Бас хатшының орынбасары Сайт Юсуф, сонымен бірге түрік ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, қазақ және түрік студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар «TRT» басылымында «Маңғыстау облысы Түріксой ұйымына киіз үй тарту етті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (Түріксой) «Ақтау–2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында ауқымды мәдени іс-шараға ұйытқы болған.

Аталған іс-шаралар шеңберінде «Каспийдің інжу-маржаны – Қазақ киіз үйінің» салтанатты беташары өткізілді.

Жеті қанат ағаш үйдің(киіз үйдің – авт.) ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали, Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев және Бас хатшының орынбасары Сайт Юсуф қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары, профессор Күршат Зорлу және Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да көптеген қонақ келді. Тарихи күнге тең осы беташардан Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан сынды түркі елдерінің Түркиядағы өкілетті елшілері де қалыс қалмады.

Салтанатты шараның беташарында Түріксой Бас хатшысы Сұлтан Раев 2025 жылы Ақтауда жүздеген мың адамды қабылдаған іс-шараларға тоқталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 11:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады

28 Шілде 2026 16:02see169

Астанада жедел жәрдемді жылдар бойы тонап келген сот үкім шығарды

28 Шілде 2026 18:07see149

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

28 Шілде 2026 14:00see149

Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді

28 Шілде 2026 13:13see147

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын жеңіспен бастады

28 Шілде 2026 13:39see141

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Астана көшелерін су басты: Вице министр қаладағы мәселеге қатысты пікір білдірді

28 Шілде 2026 13:59see117

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Интернет алаяқтыққа қатысы барларға өлім жазасын қолдану мақұлданды

28 Шілде 2026 17:20see115

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары