Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жазушы Таласбек Әсемқұловтың Талтүс романы түрік тіліне аударылды

Жазушы Таласбек Әсемқұловтың Талтүс романы түрік тіліне аударылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Белгілі жазушы, күйші әрі мәдениеттанушы Таласбек Әсемқұловтың әйгілі «Талтүс» романы түрік тіліне аударылып, Анкара қаласындағы Adnan Ötüken кітапханасында салтанатты түрде таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кітапты аударуға бастамашы болған – Асель Лахаева ханым. Жобаны  Turktav  түркі тарихы және мәдениеті қоры жүзеге асырды. Іс-шараны «Көкту» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.

Тұсаукесерге жазушының жары, этнограф және зерттеуші Зира Наурызбай, сондай-ақ Серікбол Қондыбайдың әпкесі Балсұлу Қондыбай, зерттеушілер Балкенже Ақбердиева мен Рима Бердиева, Анкара қаласының университет студенттері, докторанттар мен қазақстандық қауым өкілдері қатысты.

Кеш барысында Зира Наурызбай «Талтүстің» жазылу тарихы мен автордың рухани және шығармашылық әлемі жайында әсерлі естелігін айтты. Ол романның тек әдеби туынды ғана емес, қазақтың күй мәдениетін, дүниетанымын, ұлттық рухын танытатын ерекше шығарма екенін атап өтті.

Ал кітапты түрік тіліне аударған Торғын Сезгин ханым өз сөзінде аударма барысындағы шығармашылық ізденістері жайлы айтып, романды «түркі халықтарының ортақ рухани коды мен күй дәстүрін біріктіретін мәдени көпір» деп бағалады.

Мәдени іс-шарада сөз алған қатысушылар Таласбек Әсемқұловтың тұлғасын жан-жақты зиялы ретінде сипаттады. Ол жазушы, күйші, домбыра шебері, композитор, сыншы, кинодраматург, өнертанушы және кәсіби аудармашы болғанын ерекше атап өтті.

«Шебердің көзі тірісінде жарық көрген жалғыз романы «Талтүс» қазақ халқының рухын, тарихын, музыкасын терең сезімталдықпен жеткізеді. Онда Таласбек Әсемқұлов күйді – Жаратқанның үні саналатын киелі музыканы баяндау тіліне айналдырады. Роман жеке адамның оқиғасы ғана емес; сонымен бірге  өткен ғасырдың ауыртпалығын, халықтың күнкөріс күресін, домбыраның қазақ тарихындағы киелі орны мен мәнді маңызын баяндайтын мәдени эпос», – деді аудармашы өз сөзінде.

Тұсаукесерге Түркияның мәдениет және өнер өкілдері, әдебиетсүйер қауым мен медиа өкілдері қатысты. Кеш соңында қонақтар түрік тілінде жарық көрген «Талтүс» романын қолдарына алып, автордың рухани әлеміне жаңа көзқараспен үңілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 14:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары