Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысын көтеруге тыйым салатын мораторий қай кезде аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2022 жылы Тоқаев үкімет мүшелері, өңір әкімдері мен депутаттардың жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий енгізген болатын.
Қаржы министрінің айтуынша, мораторийдің аяқталуына дейін әлі бір жылдан астам уақыт бар.
"Мораторий 2028 жылы 1 қаңтардан бастап бітеді. Сондықтан 2027 жылғы бюджетте ондай сұрақтар қарастырылып отырған жоқ", - деді Такиев Құрылтайда өткен брифингте.
Айта кетері, жақында Құрылтай депутаттары өз жалақысын жариялаған болатын. Бес жыл бұрын мәжіліс депутаттары шамамен сондай еңбекақы алған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 07:12 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















