Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлеуметтік қолдау жүйесін дамытып келеді Зүлфия Байсақова

Қазақстан әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлеуметтік қолдау жүйесін дамытып келеді Зүлфия Байсақова

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік қолдау тетіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы Варшавада өткен ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясының сессиясында Құрылтай депутаты, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Зүлфия Байсақованың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету саласында маңызды өзгерістер болды. Негізгі бағыттардың бірі – әйелдердің мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы.

2026 жылғы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтай құрамына 49 әйел сайланды. Бұл депутаттардың жалпы санының 33,8 пайызын құрайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің 56 пайызы – әйелдер. Ал басшылық қызметтердегі әйелдердің үлесі шамамен 39 пайызға жетеді.

Экономика саласында да оң өзгерістер байқалады. Елімізде екінші деңгейлі банктер қатысатын несие, грант және басқа да қолдау құралдары арқылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

«Экономикалық тұрғыдан тәуелді әйел үшін мамандық алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу немесе жеке баспанаға ие болу – жай ғана экономикалық мәселе емес. Көп жағдайда бұл – дербестікке қол жеткізудің және зорлық-зомбылық жағдайынан шығудың маңызды шарты», – деп атап өтті Зүлфия Байсақова.

Елде әйелдер мен балаларды қорғауға арналған мамандандырылған мекемелерді дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда зардап шеккен адамдардың уақытша тұруына арналған баспаналары бар 32 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

Депутаттың айтуынша, бұл бағытта азаматтық қоғамның рөлі зор. Атап айтқанда, «Дағдарыс орталықтары одағы» еліміздің 12 өңіріндегі 19 ұйымды біріктіреді. Олар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаумен және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алумен айналысады. Қоғамдық ұйымдардың практикалық тәжірибесі азаматтардың өтініштеріне жедел әрі нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы әріптестік те жүйелі түрде нығайып келеді.

Осындай диалог алаңдарының бірі – «Дағдарыс орталықтары одағы» жыл сайын 25 қарашада, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнінде өткізетін Орталық Азия конференциясы. Жиынға мемлекеттік органдардың, қаржы секторының өкілдері, сарапшылар мен бейінді мамандар қатысып, атқарылған жұмыстарды қорытындылайды және қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 22:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары