Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Музыканы түсіну үшін сөздің қажеті жоқ... : Димаш Құдайберген Грэмми студиясының жобасына сұхбат берді

Музыканы түсіну үшін сөздің қажеті жоқ... : Димаш Құдайберген Грэмми студиясының жобасына сұхбат берді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен сұхбат барысында Димаш музыкант ретінде қалыптасу жолы туралы ой бөлісіп, қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен алдағы концерттік жоспарлары туралы ой бөлісті. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Өмірбаяныңызбен танысқан кезде музыканың тағдырыңызбен әуелден біте қайнасқаны мені ерекше таңғалдырды. Балалық шағыңыз туралы және музыкамен алғаш қалай танысқаныңыз жөнінде айтып берсеңіз.

- Ата-анам — классикалық музыкалық білім алған, елімізге танымал өнер иелері. Сондықтан біздің үйде музыка үнемі шырқалып тұратын. Қазақтың дәстүрлі халық әндерінен бастап, «Үш тенор» атанған Пласидо Доминго, Хосе Каррерас және Лучано Павароттидің орындауындағы әндерге дейін ерекше ықыласпен тыңдайтынбыз. Түрлі жанрдағы көптеген әндерді тыңдап өстік. Менің әртүрлі жанрда жұмыс істеуге деген ерекше ықыласымның себебі де осында деп ойлаймын.

- Ата-анаңызбен бірге сахнаға екі жасыңыздан шыға бастағаныңызды естідім.

- Бес жасымнан. Қазір мен 32 жасқа толдым. Демек, сахнада жүргеніме 27 жылға жуық уақыт болыпты…

- Сахнадағы ерекше харизмаңыздан 20 жылдан астам тәжірибеңіз бар екені анық байқалады. Бұл — шынында да ұзақ жол. Өнеріңізді осындай жоғары деңгейге жеткізген де сол тәжірибе болса керек. Қазақстанның мәдениеті мен музыкасы туралы тағы да айтып берсеңіз деймін. Меніңше, бұл екі дүние де өте бай әрі қызықты, әсіресе осы мәдениетпен әлі таныс емес адамдар үшін.

- Иә, қазақ мәдениеті — даланың үні. Бұл музыкада домбыра мен тағы бір дәстүрлі аспабымыз — қобыздың үні желдің гуілімен, қасқырдың ұлыған дауысымен үндеседі. Онда шапқан жылқының дүбірі де, махаббат тілі де көрініс табады. Біздің тарихымыз бен аңыздарымыз күй өнерімен біте қайнасып кеткен. Күй — тарих пен сезімді сөзсіз баяндайтын домбырамен орындалатын туынды. Музыка — өзіндік ерекшелігі бар тіл. Оны түсіну үшін сөздің қажеті жоқ.

Ал айтыс дәстүріне келсек… Ол — сөз сайысы тәрізді өнер. Мысалы, рэппен белгілі бір ұқсастығы бар, бірақ сонымен бірге одан едәуір ерекшеленеді.

- Яғни бір-біріңізге кезекпен жауап беріп, сөз жарыстырасыздар ғой? Бұл өте әсерлі өнер болса керек. Ал домбыраның мені қызықтырған тұсы — сырттай қарағанда қарапайым аспап болып көрінеді: небәрі екі ішегі бар. Бірақ өзі өте…

- Күрделі аспап. Оны меңгеру өте қиын.

- Бұл аспапты меңгеруді қиындататын не нәрсе?

- Білмеймін. Домбырада жиырма жылдан астам уақыт ойнасам да, әлі де жеткілікті деңгейде тарта алмаймын сияқтымын.

- Бұл сіздің ойыңыз. Алайда көпшілік қауым сіздің домбыраны өте жақсы тартатыныңызды айтар еді деп ойлаймын. Осы әңгіме келесі сұрағыма табиғи түрде ұласып отыр. Музыкант ретіндегі ерекше қырыңыздың бірі — түрлі мәдениеттермен және қауымдастықтармен байланыс орнатып, көптеген тілде ән айтып, сөйлейтініңіз. Орыс, қытай, француз, итальян тілдері және мен атап үлгермеген басқа да тілдер бар. Менің білуімше, жалпы 12 тілде ән айтып, сөйлейсіз. Бұл қызығушылығыңыз қалай қалыптасты?

- Өзге тілдердегі әндерді үйрену — адамдардың маған ғана емес, мәдениетімізге, елімізге көрсеткен сүйіспеншілігі мен құрметіне алғыс білдіру тәсілім. Жақында жаңа концерттік турымызды бастаймыз. Барған әр елде сол халықтың ана тілінде ән орындап көргім келеді. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Көре жатармыз.

- Мен де қолыңыздан келетініне сенемін. Шығармашылығыңызға енгізуге болатын тілдер әлі де көп. Келесі кезекте қай елдер мен тілдерді таңдайтыныңызды асыға күтемін. Музыкант ретіндегі тағы бір қырыңызға тоқталсақ: сіз тамаша әнші ғана емес, сонымен қатар көптеген әндердің авторысыз. Бұл қабілетіңіз де шығармашылығыңыздан көрініс табады. Әндеріңіз кейде махаббат туралы болса, кейде жан тыныштығын іздеуге арналады…

Бұл тақырыптар әлемнің әр түкпіріндегі тыңдармандарыңыздың жүрегіне жол табатынына сенімдімін. Сондықтан орындайтын және өзіңіз жазатын әндердегі тақырыптарға көзқарасыңыз туралы толығырақ білгім келеді.

- Менің басты мұратым коммерциялық мақсатпен шектелмейді. Мәселе үйренуде емес… кешіріңіз, ақша табуда емес. Ағылшын тілін жетік білмегенім үшін кешірім сұраймын. Айтайын дегенім — басты мақсат ақша табу емес. Ең маңыздысы — біз, өз аудиториясы бар өнер адамдары, халыққа бейбітшілікті, ізгілікті, махаббат пен өзара түсіністікті еске салып отыруымыз керек. Ақша — өміріміздегі ең басты құндылық емес. Сондықтан менде бар мүмкіндікті адамдарға осы нәрсені еске салып отыру үшін пайдалануға тырысамын.

- Бұл — өте ізгі ой. Адамдардың Сізді өнерпаз ретінде неліктен соншалықты жақсы көретінін түсіну қиын емес. Меніңше, музыкаңыз ғана емес, сол музыка арқылы жеткізетін ойыңыз да құнды. Осылардың бір арнаға тоғысуы ерекше әсер қалдырады.

- Қазақстанда «Мақсатсыз адам — желкенсіз кеме» деген мақал бар. Әрине, мен әлемнің ең үлкен сахнасында өнер көрсетуді армандадым және сол арманымды жүзеге асыру үшін еңбектендім. Сонымен қатар ұлы ақынымыз әрі ойшылымыз Абай ізденіс үстіндегі адамның мақсаты үлкен болатынын, ал іздегенін таптым дегеннің мақсаты жойылатынын еске салған. Меніңше, мақсатқа жету жолының өзі — шынайы мұрат. Сондықтан алға ұмтылуды жалғастыра беремін.

- Алда сізді көптеген жаңа дүниелер күтіп тұрғанын естідім: жанкүйерлеріңізбен кездесіп, жаңа жерлерді шарлайсыз. Оңтүстік Америкаға гастрольдік сапар жоспарлап отыр екенсіз. Жақын уақыттағы жоспарларыңыз туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Иә солай, бірақ бұл жаңалықтарды әзірге жариялауға бола ма, оған толық сенімді емеспін. Сондықтан нақты айта алмаймын, құпия сақтауға тиіспін. Дегенмен тур жиырмадан астам елді қамтиды. Отыздан, тіпті қырықтан да көп болуы мүмкін… Мен мүмкіндігінше көп концерт беріп, әлемнің барлық еліне барғым келеді. Өйткені жанкүйерлеріммен кездескенді жақсы көремін.

Ал бір-екі аптадан кейін YouTube арнамда «Мэдисон-сквер-гарденде» өткен концерт туралы деректі фильмді ұсынамыз. Мұны қарапайымдылығымды сақтай отырып айтқым келеді: ТМД елдерінің өнер өкілдері әлемдегі ең үлкен аренада, ең үлкен концерт залында алғаш рет ауқымды концерт өткізді. Бұл мен үшін де, еліміз үшін де зор маңызға ие.

Димаш Құдайберген үшін дауыс — өнерін жеткізетін құралдан да кең ұғым. Ол — дәстүр мен шығармашылық ізденісті, Қазақстан мен әлемді, сондай-ақ әртүрлі тілде сөйлесе де, ортақ эмоцияларды түсіне алатын адамдарды байланыстыратын көпір. Кезекті концерттік тур қарсаңында ол әр залда, әр қалада, әр әнімен осы мұратын жүзеге асыруды жалғастыратынына сеніміміз мол.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 00:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары