16 тілде ән шырқайды : Димаш Құдайберген әлемге әйгілі телеарнаға сұхбат берді (ВИДЕО)
Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік медиа кеңістіктегі беделді арналардың бірі – CNN телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сұхбат What We Know with Max Foster бағдарламасында өтті. Жүргізуші Макс Фостер Димашты көрермендерге таныстыра отырып, оны "тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жанкүйерлері бар, алты октавалық диапазонда 16 тілде ән орындай алатын ерекше дауыс иесі" деп сипаттады.
Бағдарлама барысында жүргізуші әншіден оның музыкалық білімі, шығармашылық жолы мен бірегей вокалдық мүмкіндігі туралы сұрады. Димаш өз сөзінде ұстазы Марат Айтымовқа алғыс білдіріп, басты мақсаты – қазақ мәдениетін әлемге таныту екенін атап өтті.
"Мен ешқашан әнші болуды ақша үшін таңдаған емеспін. Музыка – менің өмірімнің мәні. Ең басты миссиям – өз халқымның мәдениетін бүкіл әлемге паш ету", – деді Димаш.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 12:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















