Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Диалог мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі

Диалог мемлекеттік жүйенің ажырамас бөлігі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанның саяси даму тарихында маңызы айрықша, елеулі оқиға болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастады. Президент қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде жаңа органның міндеттерін ғана емес, сонымен бірге оның елдің саяси құрылымындағы орнын да белгілеп берді. 

Мұның мәні зор. Себебі Қа­зақстан Халық Кеңесін құрудың артында соңғы жылдардағы Қа­зақстанды саяси жаңғыртудың ауқымды жолы тұр. Біз бәріміз мемлекеттің түбегейлі транс­фор­мациясына куә болып отырмыз. Елде билік жүйесі айтарлықтай өзгерді, мемлекеттік институттар жаңартылды. Ашық диалог пен азаматтық жауапкершіліктің жаңа мәдениеті пайда болуда. Ел тағ­дырына етене араласу сезімі ар­тып келеді. Көптеген адам өзін болып жатқан үдерістерді бақы­лаушылар ғана емес, олардың тікелей қатысушылары ретінде сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, біз азаматтарымыздың қоғамдық са­насының айтарлықтай өзгергенін көріп отырмыз. Осы үлкен жол­­­­дың маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан Халық Кеңесі жұмы­сының басталуы болары сөзсіз.

Халық Кеңесі деген атаудың өзі терең мағынаға ие. Мемлекет басшысы бұл атауды өзі ұсынған болатын. Мұның да өзіндік сим­­­­­­­­­вол­­дық мәні бар. Халық Кеңесі – халқымыздың шынайы болмы­сы­на, оның бірігу қабілетіне, күрделі мәселелерді талқылауға және уа­қыттың сын-тегеурін­де­ріне бірге жауап іздеуге жасалған үн қатуы. Бұл атаудан әрбір аза­матқа етене жақын қарапайым­дылықты да, сонымен қатар ауқым­ды мем­ле­кеттік идеяны да көруге болады.

Ел тарихында алғаш рет жал­пыұлттық диалог осындай жоғары конституциялық мәртебеге ие бол­ды. Бұл – мемлекет пен қоғам­ның өзара іс-қимылының мүлдем жаңа институционалдық деңгейі. Азаматтардың пікірлерінің, мүд­делері мен өмірлік тәжірибесі­нің алуан түрлілігі ортақ ше­шім­дер­ді іздеудің негізіне ай­на­латын деңгей. Ол қисынды да. Өйткені біз – кең-байтақ әрі көп қырлы елміз. Бізде әртүрлі өңір, сан алуан буын, кәсіптер мен әлеу­меттік топтар, этномәдени дәс­түрлер бар. Әр қауымдастықтың өз тәжірибесі, өзіндік ерекшелік­тері мен көзқарасы бар. Соның бә­ріне қарамастан, бізді ең бас­тысы – ортақ ел, ортақ тағдыр және ортақ болашақ біріктіреді.

Бұл орайда Мемлекет басшы­сы­ның саясаты ерекше маңызды. Президент біздің әртүрлілігіміз жікшілдіктің себебі болмауға тиіс деген пікірді дәйекті түрде алға тартады. Керісінше, бұл елдің күш-қуат, бірін-бірі байыту және одан әрі даму көзі болуға тиіс. Дәл сондықтан да «әралуандықтың бірлігі» принципі бүгінде жаңа мазмұн мен жаңа сипатқа ие болуда. Бұл тұрғыда Қазақстан Халық Кеңесі осы философияның өте маңызды жалғасына айналуда. Әртүрлі пікір – бір-бірін басып тастамай, қайта жағдайды жан-жақты көруге септігін тигізетін философия.

Мұндай бірегей органның пайда болуы халықтың конститу­циялық ерік-жігерінің нәтижесі екенін ерекше атап өткен жөн. Бұл оның мүшелерінің ерекше жауапкершілігін де анықтайды. Сондықтан да өз жұмысында Халық Кеңесі республикалық референдумда азаматтардың қолдауына ие болған халықтық Конституцияның құндылықтары мен қағидаттарын басшылыққа алып, бекітетін болады. Оның ең басты құндылығы – адам. Дәл осы қағида Халық Кеңесі жұмысының мағыналық негізі болады әрі басты орын алады.

Сондай-ақ адамға қамқорлық тек мемлекеттік шешімдерден басталмайтынын есте ұстаған жөн. Ол біз өмір сүретін ортаның сапасынан және әркімнің жауап­кершілігінен басталады. «Таза Қазақстан» бастамасы ерекше, терең мағынаға ие болады. Бұл әркімнің өзінен басталатын және біртіндеп бүкіл қоғамның қалып­ты жағдайына айналатын ішкі мәдениеттің қалыптасуы. «Заң мен тәртіп» қағидаты да осы қа­тардан табылады. Ол сондай-ақ әркімнің өз міндеттеріне, құқық­тарына және қоғам алдындағы жауапкершілігіне деген ішкі көзқарасынан басталады. Шын мәнінде, біз бір үлкен процесс туралы айтып отырмыз. Ол – құр­мет, жауапкершілік және заң­дылық сыртқы талапқа емес, ішкі нормаға айналатын жаңа қоғам­дық мәдениетті қалыптастыру. Дәл осы жерде Халық Кеңесі осы құндылықтарды жалпыұлттық тұрғыдан ұғынудың және оларды қоғам өмірінде іс жүзінде жүзеге асырудың алаңына айнала оты­рып, ерекше рөл атқаруға тиіс.

Қазақстан Халық Кеңесінің ерекше миссиясы да осыған сая­ды. Бүгін Қазақстанда қоғамдық диалогты дамытудың жаңа кезе­ңінің басталуы туралы айтуға болады. Бірақ бұл жаңа кезеңнің артында бұдан да маңыздырақ дүние тұр. Ол – Мемлекет басшы­сының жылдар бойы адамды және оның болашағын басты назарға алған дәйекті саясаты. Қазақстан Халық Кеңесі бұл бағыттың тағы бір дәлелі болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сайып келгенде, мемлекеттің тарихы, ең алдымен, бұл өзгерістер халқына қандай өмір сыйлағанымен өлшенеді. Бүгінде Президентіміз жүйелі түрде жүзеге асырып жатқан реформалардың басты мұрасы мен негізгі мәні де осында болса керек.

Ерлан ҚОШАНОВ, 

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қыркүйек 2026 04:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары