Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Тарихшы Абдуллах Гүндоду: Қазақстан түркі әлемін толықтырып тұрған құрылымның ажырамас бөлігі

Тарихшы Абдуллах Гүндоду: Қазақстан түркі әлемін толықтырып тұрған құрылымның ажырамас бөлігі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осы айтулы дата аясында біз Түркиялық белгілі тарихшы, профессор Абдуллах Гүндодумен сұхбаттасып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы даму жолы, ұлттық бірегейліктің қалыптасуы және түркі дүниесіндегі орны туралы пікірін білдік, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сарапшы өз сөзінде Қазақстанның тарихи тәжірибесіне, бейбітшілік пен теңдік қағидаларына негізделген сыртқы саясатына жоғары баға берді.

- Қазақстан биыл тәуелсіздігінің 34 жылдығын атап өтуде. Ал 25 қазан – Республика күні. Осы айтулы даталар қарсаңында Қазақстанның тарихи кезеңдерін сіз қалай бағалайсыз?

- Қазақстан қазіргі таңда әлемдік саясат аренасында аса маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Кеңес Одағынан бөлініп шыққаннан кейін ел тәуелсіздік жолында және халықаралық қатынастарда маңызды қадамдар жасады. Көпжақты халықаралық ұйымдарға мүше болу арқылы Қазақстан өз егемендігін нығайта түсті. Қазақстан ұлттық мемлекет ретінде қалыптасу процесін жеделдетті. Тарих, мәдениет және әлеуметтану салаларында жасалған маңызды қадамдар елдің өркениеттік дамуына ерекше серпін берді. Білім беру мен мәдени саясатта дұрыс стратегия таңдалды деп есептеймін.

- Халықаралық қауымдастық Қазақстанды қалай қабылдайды?

- Қазақстан құрылу философиясы мен бүгінгі жетістіктері тұрғысынан халықаралық қауымдастық алдында тартымды мемлекет үлгісі ретінде танылады. Ел халықаралық тұрақтылық пен бейбітшілікке өз үлесін қосып, әрдайым бейбітсүйгіш мемлекет ретінде бағаланады. Әсіресе түркі әлемі тұрғысынан Қазақстанның орны ерекше. Түркі дүниесі тұрғысынан қарағанда, Қазақстан – түркі әлемін толықтырып тұрған тұтас құрылымның ажырамас бөлігі. Қазақстанның тәуелсіздік алуы түркі әлемінің шынайы түрде қалыптасуына және нақты мәнге ие болуына жол ашты. Егер бүгінде біз «Түркі әлемі» туралы сенімді түрде айта алсақ, бұл – ең алдымен Қазақстанның тәуелсіздігі арқасында мүмкін болды. Биыл 25 қазан – Қазақстанның Республика күні, ал 29 қазан – Түркия Республикасының құрылған күні. Бұл тарихи үндестік, ерекше жағымды сәйкестік. Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи күндердің осылайша үндесуі екі елдің бауырлас байланысын және ортақ тағдырлық жақындығын айқын көрсетеді. Одан басқа, Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды Түркі мемлекеттері ұйымы аясында бағалау жайына келсек. Қазақстан – Түркі мемлекеттері ұйымының (бұрынғы Түрік кеңесі) белсенді мүшесі. Әсіресе 2019 жылы ұйым атауы өзгерген кезде бұл бастаманың жүзеге асуына Қазақстан тікелей ықпал етті. Бұл – елдің түркі ынтымақтастығын дамытудағы жетекші рөлін көрсетеді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған құндылықтармен қалай сабақтасып жатыр?

- Президенттің бастамалары сол құндылықтарды жалғастырып, одан әрі дамытып келеді. Мен тарихшы ретінде Қазақстанның өзін тарихи тұрғыдан сипаттау тәсілін жоғары бағалаймын. Қазақ халқы өзін терең тарихи тамыры бар өркениетті халық ретінде қабылдайды. Қазақстанның геосаяси жағдайын ескерсек, елдің тарихи мұрасын қайта тану үдерісін де жоғары бағалаймын.

Қазақстан Қытай мен Ресей сияқты ірі мемлекеттермен көршілес орналасқан. Осы тұрғыдан алғанда, ол Алтын Орда дәуірінің мұрасын иеленіп, осы мемлекеттермен тең құқықты қатынас орнатуға ұмтылады.

- Қазіргі уақытта Қазақстан бұл тарихи кезеңдерді қалай зерделеуде?

- Ел бұл дәуірлерді ғылыми зерттеу мен білім беру арқылы терең меңгеріп, өз тарихындағы ең маңызды кезеңдер ретінде танып отыр. Бұл – Қазақстанның ұлы мемлекеттің заңды мұрагері ретінде теңдік қағидаларына негізделген мемлекетті құрудағы нақты қадамының көрінісі.

- Қазақстанның болашағы туралы пікіріңіз қандай?

- Қазіргі таңда Қазақстан – әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықтың, сондай-ақ түркі әлемінің өркениеттік дамуының стратегиялық орталығы. Мен, Түркия азаматы ретінде, Қазақстанның тәуелсіздігі мен дамуына ерекше қуанышпен қараймын. Халықты республика күнімен шын жүректен құттықтай отырып, елге мәңгі жасампаздық пен табыс тілеймін!

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары