Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Иштван Киш: Түркі әлемін жаһанның алты қуатты орталығының бірі санаймыз

Иштван Киш: Түркі әлемін жаһанның алты қуатты орталығының бірі санаймыз

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түбіріміз, тамырымыз һәм тарихи болмысымыздың бір екенін айтып, сырттай тілеулес болып жүретіндер көп. Кейінгі жылдары бұл тілеулестік саяси серіктестікке ұласып, екі ел билігі тығыз қарым-қатынас орнатты. Түркі мемлекеттері ұйымының аясында халықтар арасындағы сенім күшейді. Осы орайда біз Мажарстандағы Дунай институтының (Danube Institute) атқарушы директоры, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Иштван Кишпен байланысып, қазақ-мажар байланысы жөнінде пікірлестік. 

– Кейінгі жылдары Қазақстан мен Ма­жарстанның саяси байланыстары едәуір нығайды. Екі елдің билік өкілдері түрлі дең­гейде бірнеше өзара сапарлар өт­кізді. Қазан айының басында Әзербай­жанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы­ның сам­митінде Вен­грия­ның Премьер-министрі Виктор Орбан түркі әлемінің маңыздылығын атап өтіп, Орталық Азияның ерекше рөлін айқын­дады. Сіздің ойыңызша, алдағы уақытта елдеріміз арасындағы саяси қаты­настар қалай өрбуі мүмкін және қай сала­ларда ынты­мақ­­тас­тықты одан әрі тереңдету қажет? 

– Біздің Премьер-министріміз Виктор Орбан Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде Ма­жар­станның сен­імді серіктесі ретінде түркі әлемінің маң­ыз­дылығын айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол осы жылдың жазында Тушваньош фестивалінде сөйлеген сөзінде түркі әлем­ін жаһанның алты қуатты орталы­ғының бірі ретінде атады. Мажарстан мен түркі әлемі арасындағы қатынастар, әсіресе 2010 жыл­дан кейін, қазіргі Пре­мьер-ми­нистр­дің екінші мерзімінен бастап іске қосылған «Шығысқа ашылу» саясаты­ның арқасында жаңа серпін алды. Бұл байланыс Венгрия Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие болғаннан кейін одан әрі күшейді. Ма­жарстан – түркі әлемімен институцио­налдық байланысы бар жалғыз еуропа­лық мемлекет.

Түркі елдері Венгрия үшін маңызды энергия жеткізушілер болып саналады. Бұл тұрғыда Қазақстан, Әзербайжан және Түркия, тіпті Түрікменстан да мы­сал бола алады. Мажарстан Еуро­падағы алғашқы ел болып, Түрікменстанмен та­биғи газ импорты туралы келісімге қол қойды. Бұл елдер Венгрия бизнесі үшін барлық салаларда дамуға мүмкіндік бе­ретін үлкен тұтыну нарығын қалыптас­ты­рады. Су ресурстарын басқару са­ла­сында еліміздің мол тәжірибесіне негіз­делген ынты­мақ­тас­тық ерекше маңызға ие. Сондай-ақ атом электр стансаларына арналған сал­қын­дату жүйелерін экс­порттау, ауыл шаруа­шылығы, банк ісі және басқа да көптеген салалардағы байланыс қарқын­ды дамуда.

Мажарстанның түркі әлеміндегі ел­дермен кеңейтілген стратегиялық серік­тестік қатынастары бар. Алғашқы стра­тегиялық серіктестік келісімі осыдан 11 жыл бұрын Қазақстанмен жасалған бола­тын. Бүгінде Венгрия мен Қазақстан арасындағы қатынастар өте жоғары деңгейде және оларды одан әрі кеңейтуге зор мүмкіндік бар. 

Кейінгі жылдары Қазақстан Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Буда­пештке ресми сапары мен биыл Венгрия Президенті Тамаш Шуйоктың Астанаға жасаған сапары осы бағыттағы маңызды қадам болды. Биылдан бастап Мажар­стан Қазақстан мұнайын импорттай бас­тады. Сапарлар барысында қол қойыл­ған келісімдердің бірі – Будапешт­те, сондай-ақ Қазақстанның Ақтау және Әзербай­жанның Алат порттарында терминалдар салу туралы жоспар. Бұл терминалдар Орта дәліздің маңызды инфрақұрылымдық тораптары санала­ды. Осылайша, Венгрия Орта дәліз ар­қылы келетін тауарларды еуропалық нарыққа таратудың басты орталығына айналады. Ынтымақтас­тықтың тағы бір бағыты – атом электр стансаларына арналған венгриялық салқындату жүйе­лері. Қазақстандағы атом электр станса­сын салу жобасына байланысты бұл бағыттағы серіктестік одан әрі кеңейеді.

Қазақстандық студенттерге жыл сайын 250 грант бөліп отырмыз. Ауыл шаруашылығы, суару және банк секторы сияқты салаларда да байланыстар дамып келеді. Сенімді қарым-қатынас, тарихи байланыстар және мәдени ұқсастықтар Мажарстан мен түркі әлемі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге зор мүмкіндік береді. 

– Қазан айының басында Венгрия Президенті Тамаш Шуйок Қазақстанға ресми сапармен келді. Кездесулер бары­сында халықтарымыздың тарихи және бауырластық байланыстарына ерекше назар аударылды. Жалпы, венгр халқы өздерінің шығыстық түп-тамырын және ата-бабалық байланыстарын қалай қабыл­дайды? 

– Мажар халқының тарихи шығу тегі туралы түрлі пікірлер бар, бірақ біздің бастауымыздың Шығыстан шыққаны анық. Венгр тайпаларының бүгінгі Қа­зақ­стан аумағында белгілі бір уақытта мекендегені немесе сол жерден тарауы өте ықтимал жайт. XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында венгр ғалымдары түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде маңызды рөл атқарды. 

Қазір Мажарстанда түркі әлеміне деген ерекше ілтипат бар. Бұл – Вен­грия­ның еуропалық ел бола тұра, Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы рет­інде қосылуының басты себебі. Ма­жар­станда «Құрылтай» атты мәдени фести­валь тұрақты түрде өткізіледі, онда біз өзіміздің түркі тамырымызды дәріп­тейміз. Түркі әлеміне көп сапар жасаған сайын мен халықтарымыз арасындағы мәдени, тарихи, тіпті тағамдық ұқсас­тықтарды көбірек байқаймын. 

– Биыл Қазақстан алғаш рет Мажар­станға мұнай экспорттағанын айттық. Бола­шақта Венгрия тарапы қазақстандық «қара алтынды» сатып алу көлемін ұл­ғайта ма? 

– Бұл – екіжақты қатынастардағы маңызды серпілістің бірі. Осы жылы Венгрия Қазақстаннан шамамен 600 мың тонна шикі мұнай импорттады. Тасымал екі бағыт арқылы жүзеге асты: бірі – «Достық» мұнай құбыры арқылы, екіншісі, Хорватияның Омишаль пор­тынан «Алатау» танкерімен жеткізілді.

Венгрияның MOL энергетикалық компаниясы Қазақстанда мұнай өн­дірумен он жылдан бері айналысып келеді. Ол да екі ел арасындағы ұзақмер­зімді келісімдерге негізделген. Мажар­стан үкіметінің энергетикалық саясаты­ның басты қағидаларының бірі – жеткізу жолдарын прагматикалық түрде әрта­рап­тандыру. Осы тұрғыда Қазақстан сенімді серіктеске айналды.

Сенімді қарым-қатынастарды ескере отырып, Венгрия болашақта Қазақстан мұнайын импорттау көлемін арттыруы әбден ықтимал. Күшейіп келе жатқан Транс­каспий дәлізі арқылы энергия рес­урстарын қауіпсіз әрі тиімді тасымалдауға зор мүмкіндік бар деп есептейміз. 

– Өткен айда Қазақстанға келгеніңізді білеміз. Бұл елдегі әріптестеріңізбен қан­дай келісімдерге қол жеткіздіңіз? 

– Биыл Қазақстан Республикасы Пре­зиденті жанындағы Қазақстанның страте­гиялық зерттеулер институты ұйымдас­тырған Астана Think Tank 2025 форумына шақырылдым. Форум сес­сия­ларына әр­түрлі елдің өкілдері қатысты. Дәл осындай әрта­рап­танған сараптама­лық байланыс­тарды біз де Еуропада, Ма­жарстанда дамы­ту­ға тырысамыз. Будапештегі Дунай институты арқылы Батыс пен Түркі әлемі­нің сарап­шы­лары мен талдаушыларын байланыстыру – біздің басты мақсаттары­мыздың бірі.

Форум аясында бізді жылы қабылда­ған ҚСЗИ-мен өзара түсіністік туралы мемо­рандумға қол қойдық. Сонымен қатар Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет­пен де меморандум жасалды. Назарбаев университетіне бару мүмкін­дігі туды. Біз қазірдің өзінде қазақстандық ғалымдар мен сарапшыларды Венгрия­дағы ірі конференциялар мен бағдарлама­ларға шақыруға асықпыз. 

Меморандумдарымыз ғылыми алмасу мен тағылымдамаларды қамтиды. Дунай институтында біз америкалық, еуропа­лық және түркілік сарапшылардың бір­лесе жұмыс істеп, ортақ зерттеулер мен жоба­лар­ды әзірлеуіне жағдай жасаймыз.

Астанаға алғаш рет келгенде мен қазақ халқының мәдениетіне, жылылы­ғына және ашықтығына тәнті болдым. Бізге ортақ Түркі мифологиясындағы маң­ызды бейне – Тұғыл құсы (Самұрық құсы­мен сәл мағыналас, мажарлар үшін Көк Тәңі­рі­нің елшісі, аспан рухы ретінде сипат­талады) сияқты мәдени ұқсастық­тарды бай­қадым. Қазақ халқы өте ақыл­ды, қонақжай және жылы шырайлы екен. Ас­тананың инфрақұрылымдық дамуы да мені ерекше әсерге бөледі. Біздің ынты­мақтастығымыз берік және ұзақмерзімді негізде дами беретініне кәміл сенемін. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Мадияр ТӨЛЕУ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 05:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see164

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see162

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see154

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see153

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see150

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see148

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see144

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see144

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see141

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see139

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see136

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see135

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see134

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see133

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see129

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see127

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see124

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see121

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see117

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

19 Қыркүйек 2026 14:32see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары