Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі елдің дамуына қатысты маңызды бағдарларды айқындап берді. Соның ішінде Президенттің Абай іліміне, патриотизм мен жаңа дәуір талаптарына бейімделу мәселелеріне терең тоқталуы бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса өзекті деп санаймын.

Абайдың «Толық адам» ілімі мен қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасының өзара сабақтастығы жас ұрпақ тәрбиесінде темірқазық болуы тиіс құндылықтар. Абай, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ұлы ойшылдардың мұрасы – халқымыздың рухани-философиялық негізі. Бұл ілімдерді тек мерейтойлар қарсаңында ғана емес, күнделікті білім және ғылым саласында тәрбие жұмыстарының өзегіне айналдыру – біздің ортақ міндетіміз. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Абай ілімін, ұлттық құндылықтарды білім алушылар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған ғылыми-танымдық кездесулер, тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанын айта кеткім келеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен жауапкершілік туралы айтқан ойлары да ерекше маңызға ие. Көк Ту – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің, елдік рухымыздың айқын белгісі. Президент атап өткендей, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – формалды талап емес, бұл әр азаматтың ішкі мәдениеті мен отаншылдық сезімінің көрінісі. Біз бұл ұстаныммен толық келісеміз. Академиямыздың білім алушылары бүгінде шетелдерде білімін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда, ғылыми сайыстарда Қазақстанның көк Туын желбіретіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш.

Президенттің цифрландыру, жасанды интеллект және адам капиталы туралы айтқан ойлары да қазіргі заманның нақты талаптарына жауап береді. Біз өте күрделі, бірақ мүмкіндігі мол кезеңге қадам бастық. Білім мен ғылымға, жоғары технологияларға салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция. Әсіресе, медицина саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану болашақ дәрігерлердің кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны анық.

Президент айтқандай, бүгінгі басты міндет – жалған жетістіктер мен формалды көрсеткіштерге емес, нақты нәтиже мен сапалы өзгерістерге ұмтылу. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы осы бағытты берік ұстанып, ел болашағы үшін жауапкершілігі жоғары, кәсіби білікті, рухани кемел, отаншыл мамандарды даярлауды басты мақсат санайды. Мемлекет басшысының бұл бастамалары мен ой-тұжырымдары біз үшін нақты әрекетке бастайтын маңызды бағдар.

Жанна СЕЙТЖАНОВА,

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры.

Соңғы жаңалықтар

Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?

Президент • Бүгін, 18:38

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Білім • Бүгін, 18:11

Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға • Бүгін, 17:45

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

Футбол • Бүгін, 17:33

Түркістан облысында К-21 каналы 40 жыл тазаланбаған

Аймақтар • Бүгін, 17:28

Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды

Аймақтар • Бүгін, 17:18

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:05

Бейбітшілік кеңесі БҰҰ-ға балама құрылымға айналуы мүмкін бе?

Саясат • Бүгін, 16:58

Промоутер Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты пікір білдірді

Спорт • Бүгін, 16:42

Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған

Аймақтар • Бүгін, 16:33

Қазақстан − Қытай шекарасында жер сілкінді: Зілзала алматылықтарға сезілді ме?

Оқиға • Бүгін, 16:25

Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Президент • Бүгін, 16:18

Алматыда 350-ден астам сирек кітап көрмеге қойылды

Өнер • Бүгін, 16:03

Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды

Есірткі • Бүгін, 15:52

Президент Давостағы Конгресс орталығына барды

Президент • Бүгін, 15:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 19:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары