Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Басты мақсат халықтың әл ауқатын жақсарту

Басты мақсат халықтың әл ауқатын жақсарту

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қызылорда қаласында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, сондай-ақ салалық министрліктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мә­­селелері талқыланды. Қаты­су­шылар өңірдегі жоғары бі­лім мен ғылым саласының әлеуе­тін жан-жақты саралады. Қы­зылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алуда. Кейінгі үш жылда студенттер саны 21 %-дан астам артқан. Бұл – жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.

Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым бағыттарды атап өтті. Сонымен қатар өңірге қажетті кадрларды даярлау жұмысын білім беру тапсырысымен нақты сәй­кес­тендіру және оқытуды прак­тикаға бағыттап күшейту қажет екенін айтты.

«Мамандар даярлауда формалды тәсілден арылатын уақыт келді. Әкімдіктер кадр даярлау жұмысын алдын ала жос­парлап, білім беру тапсырысын нақты бағыттар бойынша жүр­гізуге тиіс. Өңірлік қолдау тетік­тері, оның ішінде әкім грант­тары мен өңірлік гранттар да болуы керек. Егер қандай да бір бағыттар нәтиже бермей, экономиканың сұранысына сәйкес келмесе, онда нақты шешімдер қабылдау қажет. Тіпті жекелеген факультеттерді оңтайландыруға дейін бару керек», деді Аида Балаева.

Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер де талқыланды. Ведомствоның мәліметінше, өңірде алғашқы ме­дициналық-санитарлық кө­мектің инфрақұрылымын және аудандық ауруханалар­ды дамыту жұмыстары жалға­сып жатыр. Бұл бағытта жаңа ны­сандар салу, сондай-ақ диаг­ностикалық базаны жаңарту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Сонымен қатар нақты ше­шім­дерді қажет ететін бірқа­тар түйткіл де көтерілді. Атап айтқанда, алғашқы медици­налық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу жұмыстарының нәтижесін кү­шейту, балалы отбасыларға көрсе­тілетін патронаж қызме­тінің сапасын жақсарту, скри­нинг­тердің объективтілігін қам­тамасыз ету және ауруларды ерте анықтау тетіктерін жетілді­ру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ кейбір аудандық ауруханаларда диагностикалық мүмкіндіктің жеткіліксіздігі салдарынан инсульт қызметінің жұмысы шек­теліп отырғаны секілді өзекті мәселелер де назарға алынды.

Осы ретте Аида Балаева басты басымдық алдын алу жұмыстары болуы керектігін ерекше атап өтті.

«Біз үшін басты міндет – ауруды емдеуден бұрын, оның алдын алу шараларын жүйелі түрде күшейту. Бі­рін­шіден, скрининг сапасын арт­тырып, дертті ерте анық­тауды формализмсіз жүр­гізу қажет. Екіншіден, медици­налық қызмет көрсету дең­гейі жоғары болуға тиіс. Үшін­шіден, халықпен тұрақты әрі тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар бақы­лау қатаң болуға керек. Бө­лінген қаражаттың қалай жұмсалғанын және тұрғын­дардың нақты қандай нәтиже алғанын көріп отыруымыз қажет. Өйткені Үкіметтің қар­жысы – халықтың ақшасы», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Жиында Оқу-ағарту ми­нистрлігі басқару сапасы мен оқу нәтижелеріне қатыс­ты жүр­гізілген талдаудың қоры­тын­ды­ларын таныстырды. Өзекті мәселелердің қатарында білім сапасын ішкі және сыртқы бағалау нәти­желері арасындағы айырмашылық ерекше аталды.

Сондай-ақ баяндамада кейбір білім беру ұйымдары біліктілік талаптарына сай келмегендіктен жабылғаны айтылды. Бұл жағ­дай білім сапасын бақылауды күшейтуді, мектептерге нысаналы әдістемелік қолдау көрсетуді, сонымен қатар саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді қажет ететіні атап өтілді.

Өңір үшін басым бағыт ретінде Байқоңыр қаласындағы мектептерді дамыту жобалары, сондай-ақ Қызылорда қала­сындағы №3 IT мектеп-лицейі базасында «Жасанды интеллект» бейінді мектебін құру бастамасы көрсетілді.

Сонымен қатар жұмыспен қамтуды әкімшілендіру және мем­лекеттік қолдау шаралары­ның тиімділігін арттыру мәселе­лері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бі­рін­­ші вице-министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасады. Ол субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына енгізілген өзгерістерді қосымша пысықтау және өңірлермен келісу қажет екенін жеткізді. Бұл ретте жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды нақтылау, сондай-ақ қолдау шараларын цифрлық құралдар арқылы сүйемелдеу тәжірибесін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Тарихи-мәдени мұра нысандарына бай Сыр өңірінде мәдени туризмді дамыту мәселесі де кеңестің күн тәртібінен тыс қалған жоқ. Сонымен қатар жиында Байқоңыр ғарыш айлағының туристік әлеуеті де талқыланды.

Маңызды бағыттардың бірі ретінде тарихи-мәдени мұрамен жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. Мәдениет және ақ­парат министрлігінің мәліме­тінше, өңірде мәдениет және архив ісі саласында 413 ұйым қызмет етеді. Кейінгі жылдары бірқатар жаңа нысандар пай­далануға беріліп, бұл мәде­ни инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және тұрғын­дардың жергілікті деңгей­де көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар белгіленген нормативтерге сәйкес, тұрғын­дарды мәдениет мекемелерімен жеткілікті қамту үшін инфрақұ­рылымды әлі де кеңейту қажет екені айтылды.

Қорытындылай келе, Аида Балаева өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша жүйе­лі жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе кадр даярлау ісін экономиканың нақты сұра­нысы­мен үйлестіру, нәти­же бермейтін білім беру бағдар­ламаларын қайта қарау, сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарындағы идеологиялық және тәрбиелік жұмысты бастауыш сыныптан бастап үнемі бақылауда ұстау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ғылым саласында ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшей­ту міндеті қойылды. Бұл ғылыми әзірлемелердің нақты нәтижеге айналып, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға тікелей ықпал етуге тиіс екені атап өтілді.

Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен жұмысты күшей­ту, алдын алу шаралары мен скри­­нингті жандандыру, вак­ци­­на­­лауға қатысты жалған ақпа­раттың таралуына қарсы әре­кет ету, емханалардағы қыз­мет көрсету сапасын арттыру бойын­ша нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек орфандық аурулар мен паллиативтік көмек мәселелері, сондай-ақ бюд­жет қаражатының мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болуға тиіс екені ерекше атап өтілді.

Әлеуметтік салада жастар арасындағы жұмыссыздықты талдау, оларды қолдауға арнал­ған нақты әрі жүйелі іс-шара­лар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды креа­тивті индустрия және қол­өнер бағыттары арқылы еңбекке тарту қажеттігі көрсетілді.

Білім беру саласында бас­тауыш сыныптағы білім сапасын көтеру, мұғалімдердің кәсіби дайындығын күшейту, әрі педагогтердің жұмысын жеңілдетуге жасанды интел­лектіні көмекші құрал ретінде енгізу міндеті қойылды. Соны­мен қатар балалардың сын тұрғы­сынан ойлауын және шығар­машылық қабілетін қатар дамы­туға басымдық берілуге тиіс.

Туризм саласында өңірдің туристік әлеуетін күшейтуге даму тұжырымдамасына нақ­ты ұсыныстар енгізу, инфра­құрылымды жақсарту және ақпараттық қолдауды арттыру тапсырылды. Сонымен қатар мәдени туризмді дамыту, іс-шаралар күнтізбесін қалып­тастыру, сондай-ақ бірегей фестивальдер ұйымдастыру арқылы өңірдің туристік бренд­терін жүйелі түрде ілгерілету қажет екені айтылды.

Кеңес қорытындысында өңірлік және республикалық деңгейде ақпараттық жұмысты күшейтудің маңызына ерекше назар аударылды. Нақты нәтижелерді ашық көрсетіп отыру қажеттігі айтылып, негізгі мақсат елдің дамуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту екені атап көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары