Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Бағлан Аймұрзаев: Мал шаруашылығын дамытуды басты бағдар санаймыз

Бағлан Аймұрзаев: Мал шаруашылығын дамытуды басты бағдар санаймыз

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Осыған орай елдегі мал шаруашылығының жай-күйін, қолға алынып жатқан бастамаларды білмекке Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал шаруашылығы дептартаменті директорының міндетін атқарушы Бағлан Аймұрзаевты әңгімеге тарттық.

– Мемлекет басшысы Жолдауда мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеуді тапсырған бола­тын, бұл істің жай-жапсары қалай болып жатыр?

– Мемлекет басшысы Жолдауда мал шаруашылығына байланысты тапсыр­маны айқындап берді. Соның негізінде 2026-2030 жылдарға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына ғалымдар, бизнес өкілдері және мемлекеттік органдарды тартылды. Бес отырыс өтіп, 150-ге жуық ұсыныс сараланып, іс-шаралар жоспарын дайындадық. Жобаның негізігі мақсаты – мал шаруашылығын қаражатпен қамтама­сыз ету. Жұмыс тобы аясында есептеуімізге қарағанда 740 млрд теңге қаржы керек екен. Бүгінде 1 тамыздан бастап борда­қылау алаңдарына айналым қаражатын толықтыруға 5 пайыздық несиемен 50 млрд беріліп жатыр. Ал бұған дейін шаруалар 23 пайызбен екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге мәжбүр еді. Мал шаруашылығында мал өсіретін тау­арлық шаруашылықтарға, асылтұқымды репродукторларға да қаражат тартылуы қажет болып тұр. 

Сондай-ақ бұл жобаның ішінде қоян, бал ара, марал шаруашылықтарына жең­іл­детілген ниеселеу керек. Бұрынғыдай несиеге кепілге зат қою деген бөлімді алып тастадық. Қазіргі өте үлкен мәселе – кепіл мәселесі. Енді кепілдемені фермер «Даму» қоры арқылы 85 пайызына кепіл­дендіре алады. Сонымен қатар малшының ертерек зейнетке шығуы, балаларының тегін оқуы, әскерден босатылуы, әлеумет­тік жағдай жасау сияқты бірқатар бастама­лар легін жоспарға енгіздік. Бұл жобаны өзіміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейінде нақтылап, басқа мемлекеттік органдарға желтоқсан айында келісімге жіберіп, келесі жылдың басында бекітілсе, қаржыландыруды ақпан-наурыз айларын­да бастамақшымыз. Бір нәрсені айта өтейін. Цифрландыру дамыған заманда осы бағдарламаға қол жеткізу қиын емес. 

Ауыл шаруашылығы министрі Айдар­бек Сейпілұлы өсімдік шаруашылығын дамытқандығымызды алға тартып, ендігі меже мал шаруашылығын көтеру керек деп бағдар берді. Осы бағытта ілкімді істер атқаруды жоспарлап келеміз.

– Несие беру мәселесіне басымдық берілетін сияқты. Субсидия азайса, шаруа шатқаяқтап кетпей ме?

– Сұрағыңыз өте орынды. Субсидияда – өндірілген өнімге берілетін ақша. Мәсе­лен, 1 литр сүт өндірсеңіз, мемлекеттен литріне 30 теңге беріледі. Президент субсидиялаудан жеңілдетілген несиеге кезең-кезеңімен өту бойынша тапсырма берген. Оны орындауы­мыз қажет. Бізде субсидияны түгел жою міндеті жоқ. Көр­ші Ресей тәжірибесінде федеративтік және өңірлік деңгейде субсидиялап, жең­іл­детілген несие беріп қолдау білдіреді. Олардың өнімі Қазақстан нарығына кіргенде біздікілердің бәсекеле­суі қиын болады. Сол себепті де тиімді субси­дия­лар қалады. Қазіргі кезде талдау сарапта­малық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, кейбір субсидиялар қазірге дейін өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Мысалы, құс шаруашылығында келісіне 60 теңге суб­сидия беріледі. Елде 2020 жылы құс етімен қамтамасыз ету 58 пайыз болса, қаз­ір 79 пайызға жеткіздік. Мұны осы суб­си­дия­­лардың көмегі деп білуіміз керек. Өйткені кәсіпкер несие алған кезде субси­дия­ның арқасында қайтарымды­лы­ғын азайтады. Сондай-ақ малды асылдан­дыру үшін коо­перативтерге субсидия берілген еді. Алайда жемқорлық фактілері байқа­лып, заңсыз­дық орын алған соң тоқ­татылды. Осындай жағдаяттың бәрін ескере келе, субсидия мәселесі әлі де сарапталу үстінде.

– Қазір жайылым жерлер шаруаларға жеткілікті ме?

– Қазақстанда 180 млн гектар жайы­лым жер бар. Соның 82 млн гектары ғана қолданыста. Бұл – ауыл-аймақтарға жақын орналасқан жерлер. 13,5 млн гек­тар жер қайтарылып, оның 6 млн гектар жері жаңадан қолданысқа берілді. Бізде ауылдан тысқары жерлер бар ғой. Көбісі ол жерге барып жұмыс істегісі келмейді. Себебі онда қажетті жағдайлар жоқ. Бір­ақ­та потенциалды пайдалануымыз қа­жет. Сондықтан да біз іс-шаралар жоспа­ры­мызда осыны ескердік. Егер шаруа шал­ғайда мал кәсібімен шұғылданамын десе, «Аграрлық несие корпорациясына» неме­се «Өңірлік кәсіпкерлік корпорация­лар­ына» жүгіне алады. Бұл несиелеу бағдарла­масы шеңберінде құдық қазып, су тарт­қыш орнатуға, мал шаруашылығы база­сын салуға, қажетті вагон сатып алуға, электр энергиясын тұтыну үшін күн сәу­­­ле­сі панелдерін сатып алуға болады. Аталған жоспар аясында 50 млрд теңгені шалғайдағы мал шаруашылығына бағыт­тап отырмыз. 

Біздің Торғай, Ұлытау өңірлерінде бос жатқан жайылым жерлер бар. Малмен айналысуға ниетті Торғайда Жәнібек, Ұлытауда Нұрсұлтан деген фермерлер өзінің жобасын бастап жатыр. Осылайша, бос жатқан жайылым жерлердің игілігін шаруалар көре бастайды.

– Жем-шөп әзірлеу, қуаңшылықтың алдын алу, жалпы мал азығын дайындау бой­ын­ша қандай істер атқарылып жатыр?

– Негізі, жем-шөп базасын дайындау әр шаруашылықтың өз міндеті ғой. Биз­несті жүргізіп отырған соң 1,5-2 жылдық қорын ұстауға тиіс. 2021 жылғы Қызылор­да мен Маңғыстаудағы қуаңшылық жағ­дайы соның дәлелі. Ал жеке қосалқы шаруа­шылықтар малын тіркемей, жем-шөп базасын қалыптастырмай, ақыры қиын жағдайға душар болды. Мал қырыл­ған соң, өтеп беруге мемлекеттен көмек сұрады. Өтеп берейін десе, малы тіркел­меген. Мұндай олқылықтар малшы­ның жауапкершілігіне келіп тіреледі. Соған қарамастан, сол шақта мемлекеттен 1,2 млрд теңге бөлінді және арнайы опера­торларға ақша беріліп, қиын жағ­дай­ға тап болғандарға үлестірілді. Осының бәрі ескеріліп, бүгінде жем-шөп өндірісі­нің жол картасы әзірленді. Шаруашы­лық­тарға 1,5 жылдық жем-шөп базасын қал­ып­тастыру бойынша тапсырмалар беріл­ді. Биыл 25 млн тонна жем-шөп базасы дайындалды. Малға арналған 5 млн тонна бидай мен арпадан жасалған фураждық қор әзірленді. Өңірлердегі, аудандағы, ауыл­да­ғы жағдайды әкімдіктер бақылауда ұстау, жеке ұйымдасқан шаруашылық­тар­дың әрбірімен жеке-жеке істеу туралы тап­сырмалар берілді. Қолайсыз ауа райы салдарынан қиындықтар туындаса, про­бле­ма бірден анықталып, түйткілді жедел шешуге мүдделіміз. Осыған байланысты арнайы жедел штаб құрып қойдық. Сон­дай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰК 200 мың тонна арпа, бидайдан фураждық жем дайын тұр. Мал азығы тапшылығы туындаса, арзандатылған бағамен үлес­тіріп беретін боламыз. Бұның бәрі – кел­еңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша жасалған игі шаралар.

– Малды жаппай дәрілеу, тіркеу қалай іске асуда, ветеринарларға қандай әлеу­меттік жағдай жасалған?

– Мемлекет тарапынан малды дәрі­леуге қаржы тегін бөлініп келеді. Әркім өз малын дәрілетуге міндетті. Егер малға вак­цинация алмайтын болса, заңды тұр­ғыда тіркемесе, жауапкершілік қарас­тырылған. Жалпы, ветеринария желісі бойынша, барлық процесс цифрлық форматқа көшіріледі. Цифрлық форматқа келтіру жұмысы заңнамалық тұрғыда мал иелері мен ет сатушыларының жауапкер­шілігін күшейтумен қатар жүретін болады. Малдың иесі дәрілетуге, тіркетуге өзі ұм­тылуға тиіс. Ветеринар соңдарынан жүгіріп жүрмеуі керек. Ауру малдың еті нарыққа шығып кетпес үшін мал тіркеусіз қалмас үшін заңнамалық жағынан бәрін пысықтап отырмыз. 

Мал дәрігерлерінің әлеуметтік жағ­дай­ын жақсарту алдағы жылдың жоспар­ында тұр. Егер біз ветеринардың жала­қысын көтеретін болсақ, оларда жұмысы­на деген құлшыныс пайда болады. Қате­лес­песем, кешенді жоспардан тыс, 2026 жылдан бастап мал дәрігерінің айлы­ғын көтеру көзделіп қойған.

– Ауылдық жерде халықтың құрт-май, сүтін базардан басқа пұлдайтын орталығы жоқ. Осы өнімдерді қабылдайтын зауыт-фабрика салуды тиісті ведомство ойлас­тырды ма?

– Сіз жеке қосалқы шаруашылық­тардың жай-күйін айтып отырсыз. Ауылда жеке-жеке құрт-майы, ірімшігін дайын­дап отырғандардың бары рас. Олардың про- б­ле­масы да осы ғой. Өнімін өткізіп, пұлдай алмай дал. Базарлар, сауда орта­лықтары жеке қосалқы шаруашылықтар­дан қажетті деңгейде өнім ала алмаған­дықтан, өнімін қабылдағысы келмейді. Өйткені олар үнемі үзіліссіз өнім келіп тұрса дейді. Осын­дай жеке қосалқы шар­уа­шылықтар­ды кооперативтерге бірік­тірген абзал. Бұл бағытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Егер кооперативтер құрып, кәсіп ашатын болса, 30 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Осы­ның арқасында жеке қосалқы шаруашы­лық­тардан өнімді жинай отырып, кейін сатуына да болады. Негізі, Еуропа елдері, АҚШ солай дағ­ды­ланған. Біз де дамыған державалар дең­гейг­е жетуді діттейміз. Кооперативтің қозға­лысы бойынша 2016 жылы «Коо­пера­ция» заңы қабылданды. Қазір 2,5 пай­ызбен берілетін несиелеу бағдарлама­сы да бар. Бірақ адамдар коо­перацияға бірігуге құлықты емес. Әзірге түсіндіру, оқыту жұмыстары аз. Әгәрәки, жұрт көптеп кооперацияға бірігіп өнімін өткіз­іп, өңдеп нарыққа шығарса, үлкен шаруа атқарылар еді.  

– Өңірлердегі ахуалды баяндай кет­сеңіз...

– Әрине, мал шаруашылығын әр өңірдің бейіміне қарай бағу өте үлкен пайда береді. Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдейтін Golden Camel зауыт жұмыс істеп тұр. Басты нарығы – Қытай елі. Дәл осын­дай үлкен сүт зауытын салуды Маң­ғыстау обылысында салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін 2,5 пайызбен беріліп, түйе сүтінен ұнтақ әзірлеп өнім өндіретін болады. Ақтөбе облы­сында жүн өңдейтін KazFelTec деген зауыт құрылысы желтоқ­сан­да тә- м­амда­ла­ды. Бұл өндіріс жүннен құрылсқа қажетті материалдар да шығар­мақ. Ынта­ландыру мақсатында жүннің келісіне 200 теңге субсидия беруді қарас­тырдық. Жүнді халықтан жинау үшін сер­вистік дайындау орталықтары түзіліп, оларды жеңілде­тіл­ген несиемен қолдай­мыз. Алматыда Түр­кия­ның Iskefe Holding компаниясы тері өңдеу зауытын салғалы жатыр. Бұйырса, 2027 жылы теріні өңдеп, желатин өнді­ріледі. Осылайша, дамыған елдердегідей мал шаруашылығын дамы­тып, өңдеу техноло­гия­сына көшіп, ел қазынасы толыға түседі.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 07:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары