Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" науқаны жай ғана жалпыұлттық бастама емес, бұл - халқымыздың саналы таңдауы екенін атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент "Таза Қазақстанды" ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болатынын айтты.
"Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады. Бірақ арқаны кеңге салып, мәз болып, босаңсуға болмайды. Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек. Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес, көп деп айтуға болады. Біз "Таза Қазақстан" қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек. Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл - уақыт талабы", - деді ол.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:135
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 15:29 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















