Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қаржылық сауат уақыт талабы

Қаржылық сауат уақыт талабы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда нақты нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы жоба аясында 11 мың адамды оқыту жоспарланған болса, бұл меже артығымен орындалып, 12 593 тұрғын арнайы курстан өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында аталған жобаның тиімділігін ерекше атап өтіп, оны алдағы уақытта да жалғастырудың маңыздылығына тоқталған болатын. Осыған сәйкес, өткен жылы «E», «D» санатындағы 22 200 азамат жобаға тартылып, несие төлемі 90 күннен астам мер­зім­ге кешіктірілген тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді.

Қаржылық сауат пен құқықтық түсіндіру дәріс­те­рі Шымкент қаласындағы бірқатар әлеуметтік, мем­лекеттік мекемеде ұйымдастырылды. Атап айт­қан­да, «Аналар үйінде», әлеуметтік қызмет көрсету, Жастар орталықтарында, сондай-ақ қорғаныс және әскери құрылымдарда арнайы кездесулер өтіп, тұрғындарға қарызды қайта құрылымдау, сотқа дейінгі реттеу, бұғатталған шоттарды шешу, банкроттық рәсімдері жөнінде кеңестер берілді.

Жалпы, жобаға ел көлемінде 862 мыңнан астам адам жүгінген екен. Олардың басым бөлігін халық­тың әлеуметтік осал топтары мен жұмыссыз азаматтар құрайды. Өтініштердің дені несиені қайта құрылымдау, шоттарға қойылған шектеулерді шешу, соттан тыс банкроттық рәсімдеріне қа­тысты.

«Кейбір азаматтар қаржылық сауаттың жеткілік­сіз­дігінен несие жүктемесін дұрыс бағаламай, қиын жағдайға тап болып жатады. Бұл – тек бір отбасының емес, тұтас қоғамның мәселесі. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Amanat» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жос­пардан асыра орындалып отыр. Бұл – халықтың жобаға деген сенімі мен сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Алдағы уақытта да тұрғындардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамаларымызды жалғастыра береміз», деді «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жоба көрсет­кіш­тері айрықша жоғары. Қаланың барлық ауда­нында жоспар асыра орындалып, жалпы 34 814 адам қамтылды (жоспардың 156,8%-ы). Нәтижесінде, мегаполис республикадағы үздік 5 өңірдің қатарына енді.

Жобаның қаржылық сарапшысы Ақбота Тұрарованың айтуынша, азаматтар көбіне алаяқтарға ал­данып немесе туыстарына несие әперіп, соңында қа­рызды өзі төлеуге мәжбүр болғандықтан шағым­­да­на­ды. Маман ешқандай жағдайда өзге адамға несие рәсімдемеу керектігін ескертеді. Одан да қолда бар қаражатпен көмектескен абзал.

«Адамдар түрлі мәселемен көмек сұрап келеді. Мәселен, денсаулығына байланысты туыстарынан жәрдем алып жүрген бір тұрғын құрбысының өтінішімен несие рәсімдеген. Ақыры досы қарызды төлемей, салдарынан келіншектің есепшоты бұғатталып қалған. Біз шотты ашуға көмектесіп, төлем кестесін жаңартып бердік. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тағы бір жалғызбасты анаға несиесін төлей алмауына байланысты банкроттық жариялауға жәрдемдестік. Нәтижесінде, оның қарызы кешірілді. Кәсібі жүрмей, қарызға белшесінен батқан жандарға да қолұшын созып, зейнетақы шоттары бұғатталған қариялардың мәселесін шешуге атсалысып жатырмыз. Тізе берсек, мұндай мысалдар өте көп. Қаржылық сауаттың аздығы мен заңды білмеу адамдарды тығырыққа тіреп, тіпті өмірден түңілуге дейін апарып жатады», дейді А.Тұрарова.

Сарапшының айтуынша, төлеуге мүлде мүмкіндігі қалмаған адам өзін банкрот деп жариялай алады, бірақ оның құжаттық рәсімдерін білген жөн. Мәселен, 1600 АЕК сомасынан асқан қарыздар сот арқылы қаралады. Ал одан төмен сомадағы берешектерді ке­шіру мәселесі мемлекеттік кірістер органдары арқылы шешіледі. Сондай-ақ маман коллекторлық агенттіктер тарапынан болатын қысымдардың заңсыз екенін, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарына шағымдануға болатынын атап өтті.

Мамандар пайыздық несиенің тек жеке адамға емес, тұтас экономикаға тигізер кері әсері барын алға тартады. Олардың пікірінше, пайыздық мөлшерлемеге негізделген жүйе инфляцияны өршітіп, бағаның өсуіне, валютаның құнсыздануына алып келеді. Сонымен бірге несиелік ақшаның мақсаты үстіндегі пайызынан табыс табу бол­ған­дықтан, ол экономиканың нақты пайдасына жұм­салмайды. Одан бөлек, жағдайы бар азаматтар қаражатын банкке депозитке салады. Табысы жоқтар керісінше банктен несие алады. Бұл адамдардың бір шоғырын байытып, екінші бөлігін кедейлендіруге әкеліп соқтырады. Яғни қоғамда байлық пен табыс адамдарға әділ бөлінбейді деген тұжырым жасайды сарапшылар. Сол тұрғыда Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасы өз жалғасын табу керек деген тапсырмасы дәл бүгінгі жағдайда өзінің өзектілігін айқын көрсетіп отыр.

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары