Компания шетелге 1 миллион еуродан астам ақша аударып, сотқа тартылды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы облысында сот шетелге алдын ала төленген қаражатты уақтылы репатриацияламау (қайтармау) бабы бойынша ЖШС-ге қатысты істі қарады. Мәселе 1 100 000 еуро сомасына қатысты болып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, серіктестік пен шетелдік компания арасында жалпы құны 1 870 580 еуро (шамамен 951 451 811 теңге) болатын жабдықты дайындау және жеткізу туралы келісімшарт жасалған. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында серіктестік шетелдік компанияға үш траншпен 1 100 000 еуро (559 163 000 теңге) аударған. Алайда жабдық белгіленген мерзімде жеткізілмеген, ал ақшаны репатриациялау мерзімі 2026 жылғы 30 шілдеде аяқталған.
Тексеріс барысында ұлттық және (немесе) шетел валютасын белгіленген мерзімде репатриациялау талабының орындалмағаны анықталды, бұл әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.
Талғар аудандық сотының қаулысымен ЖШС жауапқа тартылып, оған репатриациялануы тиіс соманың 20 пайызы мөлшерінде немесе 119 829 600 теңге айыппұл салынды. Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен келіспеген ЖШС апелляциялық шағым түсірді.
"Іс материалдары мен шағымда келтірілген уәждерді тексерген сот алқасы бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға немесе өзгертуге негіздер анықтамады", - деп хабарлады сот баспасөз қызметі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















