Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Кәсіпкерден алимент өндіру: нақты табысты қалай анықтауға болады?

Кәсіпкерден алимент өндіру: нақты табысты қалай анықтауға болады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әрбір бала ата-анасының екеуінен де материалдық қолдау алуға құқығы бар. Егер ата-анасының бірі алимент төлеуден жалтарса, екіншісі сотқа жүгіне алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот статистикасына сәйкес, балаларға алимент өндіру туралы істер бойынша 2024 жылы 4 304 өтініш, 2025 жылы 5 300 өтініш, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 660 өтініш түскен.

Егер ата-ананың бірі жалдамалы жұмыскер болса, оның табысын әдетте жалақы туралы анықтамамен растауға болады. Ал кәсіпкерлерге қатысты жағдай күрделірек: түсім көлемі өзгеріп отырады, қаражаттың бір бөлігі бизнесті жүргізуге жұмсалады. Мұндай жағдайда алимент мөлшері қалай анықталады? Кәсіпкерлердің өздері қандай қателіктер жібереді? Ал ата-ананың бірі табысын жасырып отыр деген күдік туындаса, не істеу керек? Осы сұрақтарға Qazaq Expert Club сарапшысы, судья Динара Құйқабаева жауап береді.

Бизнес айналымы әлі табыс деген сөз емес

Судьяның айтуынша, сот үшін ақпарат көздерінің бірі – салық есептілігі. Мысалы, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер 910.00 нысанындағы салық есептілігін тапсырады. Бұл құжат кәсіпкерлік қызметтің ауқымын бағалауға көмектеседі, бірақ алимент мөлшерін анықтауға өздігінен жеткіліксіз.

«Мысалы, кәсіпкер жарты жыл ішінде декларацияда 10 миллион теңге табыс көрсеткен делік, – дейді судья. – Бұл қаражаттың барлығы оның қолында қалды дегенді білдірмейді. Түскен ақшаның бір бөлігі тауар сатып алуға, жалдау ақысына, қызметкерлердің жалақысына және бизнестің басқа да шығындарына жұмсалуы мүмкін. Сондықтан алиментті бүкіл сомадан автоматты түрде есептеу дұрыс емес. Сонымен қатар шығындар құжаттармен расталып, кәсіпкерлік қызметпен тікелей байланысты болуы тиіс».

Декларацияда аз мөлшерде табыс көрсетілуі де ата-ананың тек ең төменгі мөлшерде алимент төлей алатынын білдірмейді. Сот барлық дәлелдемені жиынтық түрде бағалайды: кірістер мен шығыстар туралы мәліметтерді, кәсіпкерлік қызметке қатысты құжаттарды, мүлікті және тараптардың материалдық жағдайын сипаттайтын басқа да мән-жайларды ескереді.

Банк шотынан үзінді көшірмені де мұқият зерделеу қажет. Шотқа түскен әрбір қаражат табыс болып саналмайды. Бұл адамның өз шоттары арасындағы аударым, қарыздың қайтарылуы немесе басқа біреудің сатып алған заты үшін төлеуге берілген ақша болуы мүмкін. Алайда ірі көлемдегі және тұрақты түсімдердің қайдан келгенін анықтау қажет.

Куйкабаеваның айтуынша, егер басқа мәліметтер табыс көлемінде сәйкессіздіктер бар екенін көрсетсе, кәсіпкердің тек декларация ұсынуы жеткіліксіз. Шығындарды растайтын құжаттарсыз оларға сілтеме жасау, сондай-ақ жеке шығыстарды бизнес шығындары ретінде көрсету әрекеттері де сенімді дәлел бола алмайды.

Мәлімделген табысқа күмән туындаса, не істеу керек?

Егер анасы баланың әкесі декларацияда табысының бір бөлігін ғана көрсетеді немесе төлемдерді бейресми түрде алады деп есептесе, алдымен күмән тудыратын нақты мән-жайларды анықтап алған жөн.

Мысалы, әкесі тұрақты түрде тапсырыстар орындайды, саудамен айналысады немесе қызмет көрсетеді, бірақ табысының аз екенін мәлімдейді. Мұндай жағдайда оның қызметі туралы қолжетімді ақпаратты жинау пайдалы: қайда және қалай жұмыс істейтіні, қандай арналар арқылы тапсырыс қабылдайтыны және төлемді қандай тәсілмен алатыны маңызды.

Егер дау сотта қаралып жатса, бұл мәліметтерді іс қарау барысында ұсыну қажет. Қажетті құжаттарды өз бетінше алу мүмкін болмаса, оларды сұратып алдыру туралы өтінішхат беруге болады. Өтінішхатта қандай құжаттар қажет екені, олардың кімде екені, қандай мән-жайларды растайтыны және соттың көмегінсіз оларды алудың неліктен қиын екені көрсетілуі тиіс.

«Шарттар, чектер және төлем құжаттары нақты мәмілелерді растауға көмектеседі. Тапсырыстар туралы хат алмасулар, хабарландырулар, бағалар тізімі және орындалған жұмыстар туралы жарияланымдар ата-ананың кәсіпкерлік қызметпен айналысатынын көрсетуі және оның табысын тексеруге негіз болуы мүмкін. Алайда қызмет туралы жарнаманың болуы тапсырыстың орындалып, ақысы төленгенін әлі дәлелдемейді.

Хабарландыруда көрсетілген бағаға қарап айлық табысты автоматты түрде есептеуге болмайды. Сондықтан әрбір материалдың нақты нені растайтынын, оның ата-анамен және қаралып жатқан кезеңмен қандай байланысы бар екенін түсіндіру маңызды. Барлық мәлімет заңды жолмен алынуы тиіс», – дейді судья. 

Тағы бір маңызды мәселе – отбасы үшін алиментті табыстың белгілі бір үлесі ретінде өндіру тәсілі қаншалықты қолайлы?

Куйкабаеваның айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 141-бабы сотқа алиментті тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде табыстың үлесі және тұрақты ақша сомасы түрінде белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұл, атап айтқанда, ата-ананың табысы тұрақсыз немесе өзгермелі болғанда, сондай-ақ алиментті табыстың үлесі ретінде өндіру қиындық туғызғанда не тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзғанда қолданылады.

Алимент мөлшері тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын, сондай-ақ баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтап қалу қажеттілігін ескере отырып анықталады.

Сондықтан баланың қажеттіліктерін де құжаттармен растау маңызды. Оларға тамақтану, киім-кешек, білім алу, емделу және басқа да қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар жатады.

Алимент мөлшері белгіленіп қойған болса, не істеу керек?

Егер алимент төлеу міндеті сот арқылы белгіленіп қойған болса, табыстың жасырылуы мүмкін екені туралы мәліметтерді атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыратын сот орындаушысына хабарлау қажет.

«Егер атқарушылық құжат әлі орындауға ұсынылмаған болса, ең алдымен осыдан бастау керек. Үлкен көлемде берешек жиналғанын күтудің қажеті жоқ. Жазбаша өтініш берген дұрыс: онда белгілі табыс көздерін көрсетіп, қолда бар материалдарды тіркеп, мәліметтерді тексеруді, ал негіз болған жағдайда оларды берешек мөлшерін анықтау кезінде ескеруді сұрау қажет».

Сот орындаушысы өз өкілеттігі шегінде борышкердің табысы, банк шоттары мен мүлкі туралы мәліметтерді сұратады, берешек мөлшерін есептейді және оны өндіріп алу шараларын қабылдайды.

Алайда сот орындаушысы сот белгілеген алиментті табыстың үлесі ретінде өндіру тәртібін өз бетінше тұрақты ақша сомасына ауыстыра алмайды. Алимент мөлшерін немесе оны өндіру тәсілін өзгерту үшін сотқа жүгіну қажет.

Сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне де заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.

«Алимент алушы тарапқа «ол жақсы табыс табады, бірақ кірісін жасырады» деген сөзбен ғана шектелуге немесе бизнестің бүкіл айналымын табыс деп есептеуге болмайды. Ал кәсіпкер үшін тек декларация ұсыну немесе шығындарын растайтын құжаттарсыз оларға сілтеме жасау жеткіліксіз.

Екі тарап та салыстыруға болатын кезеңдер бойынша түсінікті есеп-қисап ұсынып, даулы сомалардың әрқайсысына түсініктеме беруі қажет. Бұл сотқа ата-ананың қаржылық жағдайын объективті бағалауға және баланы асырауға арналған төлемнің негізделген мөлшерін анықтауға көмектеседі», – деп түйіндейді сарапшы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары