Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Stem білім беру уақыт талабы

Stem білім беру уақыт талабы

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақпан айының 10-ы мен 13-і аралығында Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода өтеді.

Шара Central Asia FIRST Championship деп аталады. Оған алматылық оқушылар да қатысады. Алдымен олар өзара аймақтық жарыс өткізіп, 100-ден аса баланың ішінен үздіктерін іріктеп алды. Құрама команда қазір дызу қайындалып жатыр. Олардың барлығы STEM білім беру бағытында білім алған.

Asia FIRST Championship чемпионатына Алматыдан екі команда қатысады. Бірі - Білім инновация лицейінің SANA тобы. Екіншісі - қала мектептерінен жасақталған Qazaq Style командасы. Қазір олар дайындықтарын пысықтап, роботтарын жетілдіріп жатыр. Жыл сайын робототехника жарыстарында тақырып та, алаң да ауысып отырады. Былтыр экология мәселесі қозғалған еді. Соған орай, басымдық мұхит түбін қоқыстан тазартуға берілген болатын. Ал биыл археологиялық зерттеу жұмыстарына назар аударылады.

Бақтияр Жұмағали, Білім инновация лицейінің 11-сынып оқушысы:

- Түрлі артефакттар, түрлі заттар тапқан соң, біз оны бір жерге жинаймыз ғой. Қарастырамыз. Біз екі жылдың ішінде Америка , Австралия, Кипр және Қытай елдерінде жарыстарға қатыстық. Сол жерде үлкен нәтижелерге жеттік. Австралияны айтсам, біз екінші орын алдық. Кипрда 3-орын алдық және Америкада ең үздік 20 команданың құрамына кірдік.

SANA командасында  14 оқушы бар. Барлығы да 7- сыныптан бастап робототехника үйірмесіне қатысқан. Жарысқа алып баратын роботтарын өздері  құрастырады. Кейбір жетпеген тетіктерін 3D принтермен жасайды. 

Ерсұлтан Мэлс, Білім инновация лицейінің 11-сынып оқушысы:

- Идеяға қарай роботтың 3D моделін сызамыз. Сосын сол модельге қарай керек заттарды цехтан шығарамыз немесе 3D принтерге жібереміз. Сосын  барлық заттарды жинап, бір апта ішінде роботты жинаймыз. Кейін біздің «прогерларамыз» соны бағдарлауға көмектеседі. Жалпы бұл роботтың миссиясы алаңға тұрған доптарды жинау және оларды керек жерге лақтыру. Сол алаңда 4 робот болады. Сол роботтардың қайсысы көп доп лақтырады, сол жеңеді.

Чемпионаттың талабы бойынша өзгелердің де осы салаға бет бұруына атсалысып жүр. Былтыр 400-ге тарта баланы шақырып жарыс өткізген. Биыл инклюзивті білім беру бағдарламасы аясында мүгедектігі немесе дамуында ауытқуы бар балаларға дәріс береді.

Эльбрус Пириев, Білім инновация лицейінің директоры:

- Басқаларға да үйрету керек. Өйткені ол жерде портфолиолары бар. Сонда «Кімдерді үйреттіңіздер», «кімдерді осы жолға тарттыңыздар» деген бір пункт бар. Жақын арада 15-ке жуық бала келіп апталап дайындалатын болады. Өткен жылы шамамен 75 бала бітірген  болса, соның 29-ы әлемнің ең үздік оқу орындарына жолдама алды. Соның 10-ға жуығы роботехника арқылы қол жеткізді деуге болады.

Қазақстан бірнеше жылдан бері STEM білім беру бағытына ерекше көңіл бөліп келеді. STEM - ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіретін, сыни ойлау мен жобалық жұмысты дамытатын инновациялық жүйе. Нәтиже жаман емес. Еліміздің ұлттық құрама командасы  робототехникадан First Global Challenge әлем чемпионатында төрт рет бас жүлдені жеңіп алды. Астанада өтетін өңірлік чемпионатқа Алматыдан сайдың тасындай іріктелген балалар барады.

Жанна Рүстем, «Алматы дарыны» орталығы робототехника бөлімінің меңгерушісі:

- «Алматы дарыны» орталығының демеуімен Алматы қаласындағы оқушылардың арасында робототехникадан үлкен сайыс өтті. Бұл жарысқа Алматы қаласының барлық мектептері қатысты. Ол жерде құрама командалар да бар. Жарысқа 100-ден астам  оқушы қатысты. Аймақтық жарыстан жеңіп шыққан балалар сол сайыста жақында болатын ақпан айының 10-13 аралығында болатын Астанадағы ең ірі жарыстардың бірі Орталық Азияға жолдама алды.

Алматылық оқушылар осы жарыста үздік ойын өрнегін көрстеміз деп отыр. Егер жеңімпаз атанса АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін дүниежүзілік робототехника чемпионатына аттанады.  

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Айдос Қалиев

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары