Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Бинали Йылдырым: Қазақстан Түркі әлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрған қуатты орталығы

Бинали Йылдырым: Қазақстан Түркі әлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрған қуатты орталығы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін «Ақтау — Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен тиісті ведомстволарының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдени астана мәртебесі өңір үшін құрмет қана емес, сонымен бірге түркі әлемінің бай мұрасын кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Тарихи қала осы жауапкершілікті абыроймен атқарып, өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындады деп нық сеніммен айта аламыз. Жобаның табысты жүзеге асуына Президентіміздің түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайтуға, гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тұрақты мәдени саясаты айрықша рөл атқарды. Президенттің мәдениет, ғылым мен білім, жастар алмасуы салаларындағы нақты бастамаларға негізделген түркі интеграциясы жөніндегі маңызды ұстанымы бүкіл түркі әлемінде кең қолдау тауып, жоғары бағаланды. Ақтауда жүзеге асқан ТҮРКСОЙ жобалары Мемлекет басшысы бастамаларының нақты нәтижеге айналып, бауырлас халықтарды бұрынғыдан да жақындастыра түскенін айқын көрсетті, — деді министр.

Жыл бойы Ақтауда мыңдаған әртістерді, ғалымдарды және қонақтарды біріктірген 30-дан астам ірі халықаралық іс-шара өтті. Олардың қатарында музыка, эпос, фольклор және би фестивальдері, шығармашылық симпозиумдар мен ғылыми конференциялар, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған түрлі байқаулар бар.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сонымен қатар, жыл аясында өткен маңызды іс-шаралардың бірі — 7 елден келген 9 театр қатысып, үш мыңнан астам көрермен тамашалаған III Халықаралық театр фестивалі. Сондай-ақ 47 конкурстық фильм ұсынылған, түркі кинематографистері үшін шығармашылық маңызды алаңға айналған «Қорқыт ата» Халықаралық кинофестивалі де аншлагпен өтті.

Көркем дүниелері мен жарқын қойылымдары көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер қалдырған «Көшпенді қуыршағы» Бірінші Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі де айрықша орын алады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өз кезегінде салтанатты іс-шараның арнайы қонағы, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым Маңғыстау жұртының қонақжайлығы, Ақтау қаласының бай мәдениетіне ерекше тоқталды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Қазақстан — Түркі әлемінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп тұрған тірек елдердің бірі ғана емес, оның қуатты орталығы. Түркі мемлекеттері ұйымындағы конструктивті рөлі, экономикалық орнықтылығы, бай мәдени мұрасы және тұрақты дамуы Қазақстанды Түркі елдерінің арасында көшбасшы деңгейге көтеріп отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көрегендігі мен көшбасшылығы өңірлік бейбітшілікті нығайтуға, көпвекторлы дипломатияны дамытуға және Түркі әлемінің бірлігі идеясын ілгерілетуге орасан үлес қосуда. Бүгінгі салтанатты іс-шара — осы бірізді саясаттың және Қазақстанның инклюзивтілік дәстүрінің жарқын көрінісі, — деді Бинали Йылдырым.

Ақтауда жүзеге асырылған жұмыс халықаралық деңгейде жоғары бағасын алды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қала бүкіл түркі қауымдастығы үшін бауырластықтың және жаңа мүмкіндіктердің символына айналғанын айтты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

— Бүгін біз Каспийдің көгілдір толқынына көз тастап тұрып, бір жылдың тарихын, бірліктің шежіресін ой елегінен өткізіп тұрмыз. Бұл жыл — жүректерді жақындатқан, бауырластықты биіктеткен, Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған қасиетті жыл болды. Күн астында көк ту желбіреп, жер бетінде бауырлас жұрттың әуені шырқалды. Жыр мен күй, би мен сөз — бәрі де ортақ рухымыздың үнін жеткізді, — деді Сұлтан Раев.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Салтанатты іс-шара Гала-концертпен жалғасты. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан 300-ден астам әртіс қатысып, көрермендерге вокалдық және би қойылымдарын ұсынды.

Концерттік бағдарламадан кейін «Түркі әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы» атағын тапсыру рәсімі өтті. Ақтау қаласының әкімі бұл мәртебелі атақты Өзбекстанның Әндіжан қаласының хокиіміне табыстады.

Еске салсақ Аида Балаева ТҮРКСОЙ-ды реформалау бастамаларын таныстырған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 10:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары