Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Венада өткен Түркі апталығы Түркі әлемінің халықаралық беделін арттырды

Венада өткен Түркі апталығы Түркі әлемінің халықаралық беделін арттырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2026 жылғы 12–15 қаңтар аралығында өткен Венадағы Түркі апталығы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) айтулы іс-шараларының бірі болып, Ұйымның көпжақты деңгейдегі көрінімділігін және халықаралық деңгейдегі көпжақты өзара ықпалдастығын едәуір нығайтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ТМҰ-ға мүше елдер, Венадағы халықаралық ұйымдарды, дипломатиялық миссиялар, сарапшылар, мәдениет қайраткерлері мен түркі диаспорасының өкілдерін бір арнаға тоғыстырған Түркі апталығы Түркі әлемінің ортақ мұрасын, стратегиялық бағыт-бағдарын және ынтымақтастығын кешенді түрде танытты.

Көрменің ашылу салтанаты: Түркі әлемінің өркениеттер арасындағы  рөлі Венада дәріптелді

Венадағы Түркі апталығы бір апталық бағдарлама басталмас бұрын ТМҰ мен Венадағы дипломатиялық миссия өкілдерінің басын қосқан жұмыс кездесуінен басталды.

Түркі апталығының алғашқы іс-шарасы ретінде ТМҰ мен Түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы бойындағы Түркі әлемі» тақырыбында өткен фотокөрмесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Венадағы бөлімшесінде (UNOV) ашылды. Ашылу салтанатына Венадағы халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары, дипломатиялық миссия басшылары мен мәртебелі қонақтар қатысты.
Аталмыш жиында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) операциялар жөніндегі директордың міндетін атқарушы  өкілі  Бо Матиасен, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев, Әзербайжанның ТМҰ-ға төрағалығы аясында Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов, БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы (UNIDO) Бас директорының орынбасары Фату Хайдара және БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігі жөніндегі істер басқармасы (UNOOSA) директорының орынбасары Дрисс Эль-Хадани, сондай-ақ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директордың міндетін атқарушысы Луис Лонгория сөз сөйледі.

Сөз тізгінін алған қонақтар Түркі әлемінің ұлаң-ғайыр кеңістікте өркениеттерді байланыстырған тарихи рөліне тоқталып, Жібек жолын жаһандық байланыстылықтың мәңгілік символы ретінде бағалады. Көрме Түркі әлемінің тарихи тереңдігін, мәдени әралуандығын және өркениеттік мұраға қосқан үлесін Венадағы зиялы қауымға баян етті.

ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев Венадағы халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерімен, атап айтқанда, МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси, UNOOSA директорының орынбасары Дрисс Эль-Хадани және UNIDO Бас директорының орынбасары Фату Хайдарамен бірқатар жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулерде институционалдық диалогты тереңдету, нақты әрі нәтижеге бағытталған ынтымақтастық бағыттарын айқындау, сондай-ақ өнеркәсіптік даму, инновация, ғылым және озық технологиялар салаларында ТМҰ-ның халықаралық қауымдастықпен өзара іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы: Орта дәліздің стратегиялық маңызы көпжақты алаңда талқыланды.

13 қаңтарда Түркі апталығы аясында ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Феридун Х. Синирлиоғлумен кездесті. Бұл кездесу ТМҰ мен Венада орналасқан жетекші көпжақты институттар арасындағы тығыз әрі сындарлы диалогты тағы бір мәрте растады.

Түркі апталығының негізгі саяси іс-шараларының бірі  де  «Жібек жолынан Орта дәлізге: көлік пен сауданы жеңілдету арқылы байланыстылықты дамыту» атты тақырыбымен ЕҚЫҰ-ның Хофбург ғимаратында өткен жоғары деңгейдегі дөңгелек үстел жиыны болды. 

Ашылу салтанатянда ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Х. Синирлиоғлу мен ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев сөз сөйледі. Отырысты ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық қызметтер жөніндегі үйлестірушісі Елші Бакыт Джусупов жүргізді.

Жиынға ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік және сауда салаларындағы жоғары лауазымды өкілдері, Халықаралық автомобиль тасымалдау одағы (IRU) мен Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары және жеке сектордың мүдделі тараптары қатысты. Қатысушылар Орта дәліздің Шығыс–Батыс бағытындағы байланыстылық, сауданы жеңілдету, инфрақұрылымдық ықпалдасу және орнықты экономикалық даму тұрғысынан артып келе жатқан стратегиялық маңызын талқылады. Іс-шара ТМҰ-ның өңірлік және жаһандық байланыстылық күн тәртібін дамытудағы белсенді әрі бастамашыл рөлін айшықтады.

Түркі өнерпаздарының гала концерті.

Венадағы Түркі апталығы аясында 2026 жылғы 13 қаңтарда MuTh концерт және театр залында Түркі өнерпаздарының гала концерті өтті. Іс-шараға Венадағы халықаралық ұйым өкілдері, дипломатиялық миссия қызметкерлері, түркі диаспорасының мүшелері мен зиялы қауымнан тұратын 400-ден астам қонақ қатысты.
Түркі мемлекеттерінен келген өнерпаздардың сахналық қойылымдары Түркі әлемініғ бай әрі сан қырлы мәдени мұрасын айшықтап, көрерменнің зор ықыласына бөленді. 
Диаспора бағдарламасы институционалдық әлеует пен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтты.

Түркі апталығы аясында ТМҰ мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің ұйтқысымен, Венадағы Әзербайжан мәдени орталығында ТМҰ-ның 3-ші Диаспора әлеуетін арттыруға арналған оқыту бағдарламасы өтті. Бағдарлама ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшыларын, диаспора ұйымдарының жетекшілерін және Еуропаның әр түкпірінен келген түркі диаспорасы ұйымдарының өкілдерінің басын қосты.

Ашылу салтанатында ТМҰ Бас хатшысы Елші Кубанычбек Омуралиев пен ТМҰ-ға мүше елдердің Венадағы Төтенше және Өкілетті елшілері мен тұрақты өкілдері сөз сөйледі. Сессияларда диаспора ұйымдарының институционалдық әлеуетін нығайту, диаспоралық желілер арасындағы үйлестіруді арттыру және халықтар арасындағы байланысты бекемдеу мәселелері пысықталды. Сондай-ақ түркі диаспорасының Түркі әлемін халықаралық деңгейде танытудағы рөлі талқыланды.

Вена Түркі апталығының қорытындысы

Венадағы Түркі апталығы Түркия Республикасының төрағалығымен ұйымдастырылған саотанатты қабылдаумен аяқталды. Женевада өткен алғашқы түркі апталығынан кейін өткен екінші айтулы іс-шара  бұл бастаманың институционалданған әрі орнықты платформаға айналғанын көрсетті.

ТМҰ Хатшылығы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері мен дипломатиялық миссияларына, БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесіне, ЕҚЫҰ-ға, тиісті ұйымдар мен диаспора өкілдіктеріне, сондай-ақ, ТМҰ-ға төрағалығы аясында Әзербайжан Республикасына қолдаулары үшін шынайы алғыс білдірді.

Венадағы бұл жиын Түркі апталығының диалог, мәдени өзара ықпалдастық және серіктестік үшін тұрақты әрі институционалданған платформаға айналып келе жатқанын тағы бір мәрте айшықтады.

Жалпы алғанда, Венадағы Түркі апталығы Түркі әлемінің стратегиялық бағыт-бағдарын, мәдени мұрасы мен ынтымақтастық күн тәртібін көпжақты жүйенің өзегінде тиімді түрде паш еткен жоғары деңгейдегі дипломатиялық бастама болды. Іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымының сындарлы халықаралық актер ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын тағы бір мәрте растап, дәстүрге айналған Түркі апталығы бастамасын алдағы жылдарда да  әлемнің өзге де маңызды дипломатиялық орталықтарында жалғастыруға берік негіз қалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 14:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары