Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Анкарада түркі әлемінің ғылыми ынтымақтастығына арналған халықаралық жиын өтті

Анкарада түркі әлемінің ғылыми ынтымақтастығына арналған халықаралық жиын өтті

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Академияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бағдарлама аясында Түркі Академиясы Бірінші Түркология құрылтайының тарихи мазмұнын бейнелейтін архивтік фотосуреттер көрмесін ұсынып, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобалар мен зерттеулер нәтижесінде дайындалған ғылыми басылымдарымен таныстырды.

Фото: Түркі академиясы

Басқосуға Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаев, Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Муса Казым Арыджан, Ахмед Яссауи университеті өкілеттік кеңесі төрағасы Мухиттин Шимшек, сондай-ақ Түркияның жетекші ғалымдары, зерттеушілері және академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Фото: Түркі академиясы

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркі Академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаев 1926 жылғы Бірінші Түркология құрылтайының түркі әлемінің ортақ ғылыми және мәдени кеңістігін қалыптастырудағы бетбұрыс кезең болғанын атап өтті.

— Халықаралық Түркі Академиясы үшін осы мұраны сақтау және одан әрі дамыту, ғылыми ынтымақтастықты нығайту және болашақ зерттеушілер үшін ортақ академиялық кеңістік қалыптастыру басты міндеттердің бірі саналады, — деді Академия басшысы.

Фото: Түркі академиясы

Панельдік отырыс барысында Бірінші Түркология құрылтайының тарихи маңызы, оның түркологиялық зерттеулердің дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ түркі әлеміндегі қазіргі ғылыми ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Осы тұрғыда Түркі Академиясының түркі әлеміндегі ортақ ғылыми кеңістікті дамытудағы маңызды рөлі атап өтілді. 2023 жылы Академияның үйлестіруімен ортақ түркі әліпбиі бойынша сараптамалық комиссия құрылып, 2024 жылдың қыркүйек айында өткен комиссияның үшінші отырысында Ортақ түркі әліпбиі қабылданған болатын.

Фото: Түркі академиясы

Ортақ түркі әліпбиін практикалық тұрғыда қолданудың алғашқы қадамы ретінде Түркі Академиясы Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» және Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесінің тәжірибелік басылымдарын жариялады. Бұл жаңа әліпби негізінде жарық көрген алғашқы еңбектер саналады.

Бірінші Түркология құрылтайында ортақ әліпбиден бөлек, ортақ ғылыми терминологияны қалыптастыру, соның ішінде салалық терминологиялық сөздіктерді әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылған болатын. Бір ғасыр өте бұл бағыт Түркі Академиясының қызметінде жалғасын тауып келеді.

Атап айтқанда, «Түркі тілдерінің терминологиялық сөздіктерін» әзірлеу жобасы аясында экономика, әскери іс, экология, лингвистика және медицина салалары бойынша сөздіктер жарық көрсе, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ халықаралық қатынастар мен дипломатия салалары бойынша жаңа басылымдар дайындалып жатыр.

Фото: Түркі академиясы

Аталған бастамалар Бірінші Түркология құрылтайы аясында көтерілген тарихи идеялардың жалғасы ретінде қарастырылып, бауырлас елдер арасындағы ғылыми диалогтың сабақтастығын бейнелейді.

Анкарада өтіп жатқан Түркі Академиясының іс-шаралар сериясы үш күн бойы жалғасын тауып, түрлі жоғары оқу орындары алаңында халықаралық сарапшылардың қатысуымен ғылыми талқылаулар өтеді.

Осыдан бұрын Астанада Түркі академиясының 15 жылдығы атап өтілгенін жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 03:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары